Сабақтың тақырыбы Одағай туралы түсінік. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата08.02.2022
өлшемі166,34 Kb.
#123960
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ шаблон 130 бұйрықпен.......

Мектеп


6 орта мектеп

Педагогтің аты-жөні

Әбдікер Айгерім Азаматқызы

Күні:

10.11.21жыл

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Одағай туралы түсінік.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.4.4.5, -оқшау сөздердідің қызметін түсіну,ажырата білу.



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Одағай сөздерді мәтін ішінен айыра біледі,оларды қатыстырып сөйлем құрай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Одағай сөздердің түрлеріне мысал келтіре алады,суреттерді сөйлете біледі.

Кейбір оқушылар:

Тақырыптарына байланысты сұрақтар құрастыра біледі.

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезеңі
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал
Оқушылармен амандасамын,түгендеймін
Үй жұмысын пысықтау.
Ыстық орындық әдісі

Шаттық шеңберін құрып,бір-біріне тілек айтады.Топ басшыларын сайлайды. Сынып ұранын айтады.
Ұстаз үмітін ақтаймыз,


Топ ережесін сақтаймыз.


Қандай жарыс болса да,


Әділдікті жақтаймыз.


Үй тапсырмасынна берілген ережені айтады

Баллдық жүйе



Оқулық
Дәптер
Қалам

Сабақтың ортасы

Одағай - сөз табы. Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған.
Мысалы:
Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ. Сланов); Па, сабаз, мал болғаныңа! (бұ да); Түу, қандай тымырсық түн (бұ да);
Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? (С. Мұқанов) дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.[1]
Одағай сөздер мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы ұғым бермейді.

Одағайлардың түрлері
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі одағайлар
Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды
Туынды одағайлар
Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.
Ишарат одағайлар
Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).
Жекіру одағайлары
Адамға арнайы айтылатын одағайлар.

  • Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні )

  • Ұсыну сөздері (мә, айда)

  • Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт)

Жануарға арнап айтылатын одағайлар
Бұл топқа төрт түлік мал, ит, мысық сияқтанған үй айуандарын жемге шақыру, айдау, үркіту т. б. мақсатымен қолданылған сөздер мен тіркестер жатады. Мысалы:

  • түйеге: көс, көс! сорап, сорап!'қош-қош!"

  • қой мен ешкіге: пфша (пішә), құрау-құрау! шәйт! шек! шеге, шеге!

  • жылқыға: моһ, моһ! тәк, тәк! құрау, құрау! құр, құр!

  • ит пен мысыққа: кә, кәһ! күшім, күшім! мышы-мышы! пырс!

Шақыру одағайлары
Таңдайды тақылдатып, еріндерді шүйіріп, ысқырып айтатын, транскрипциялауға қиын болатын одағайлар да бар. Бұларды, әдетте, шақыру одағайлары дейміз, бірақ олар тек шақыру ғана емес, жекіру, ұрысу тағы сол сияқты мағыналарды білдіреді.
Көңіл-күй одағайлары
Көңіл-күй одағайлары - адамның әр түрлі сезімдерін, көңіл-күйін білдіретін сөздер. Олар:

  • а) жағымды көңіл-күйді білдіретіндер (Алақай! Паһ-паһ! Бәрекелді! Ура! т. б.);

  • ә) жағымсыз эмоцияны білдіретіндер (Әттең! Әттеген-ай! Қап! Түге! Пішту! Бай-бай- бай! т. б.);

  • б) әрі жағымды, әрі жағымсыз көңіл- күйді білдіретіндер (Пай-пай, шіркін, Алатау! Пай-пай, мыналар төбелесетін болды ғой!) болып бөлінеді.

Императивтік одағайлар
Адам не айуанға бағышталып, шақыру, жекіру, бұйыру мақсатымен айтылған одағайлар. Бұлар бағышталып отырған объектілерге қарай ішінара екі топқа бөлінеді:

  • а) адамға бағышталып айтылған одағайлар. Бұған бұйыру, жекіру, тиым салу т. б. мақсатында жұмсалған (Жә! Тәйт! Сап-сап! Әуһ! Әлди-әлди! Әйда!) сөздері жатады.

Тұрмыс-салт одағайлары.
Бұл топқа өмірде жиі қолданылатын, адамдардың амандасу, қоштасу т. б. сыйластық белгісі ретінде жұмсалатын Қош! Рахмет! Ассалаумағалейкүм! Қайыр! құп! Ләббай! Кеш жарық! т. б. одағайлар жатады.
Одағайлар мағына құбылмалылығына байланысты бір мағыналы (Алақай! Қап! Әттең! т. б.) және көп мағыналы (Ә! Пәлі! Пай-пай! т. б) болып екіге бөлінеді. Одағайлар — эмоционалдық-интонационалдық әуезділік, ырғақ құбылмалылығына өте бай категория. Одағайлар - негізінен, түрленбейтін, қосымшаларды көп қабылдай бермейтін сөздер. О-лар арасында жеке-дара күйінде ғана айтылатындар да, қосар күйінде қолданылатындар да бар. Құрамы жағынан алып қарағанда түбір (Ә! О! Қап! Ой! т. б.) және туынды (Мәссаған! Апырым-ай! Бәрекелді! Әттеген! т. б.) түрлері кездеседі. Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды. Олар жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. Одағайлар сөйлем ішінде, әсіресе, диалогты сөйлемдерде етістіктермен тіркеседі де белгілі бір сөйлем мүшелерінің құрамына енеді. Одағайлар кейде етістіктермен тіркесіп фразеологиялық тіркестердің жасалуына себеп болады (Ай-шай демей, шу дегеннен, әу деді т. б.).[2][3]

1-тапсырма:Берілген сөйлемдерге одағай сөздерді қосып,сөйлемнің реңкін тауып жазыңдар.
1.Қазақстанда мамырдың 9-ы мемлекеттік мереке.
2.Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғады.
3.Ондағы мың қазақстандық ерен еңбегі мен еңбектері үшін марапатталды.
Дескриптор:
1.Берілген сөйлемнен одағайды табыңдар.

2-тапсырма: Тест сұрақтары
Таңдану одағайды көрсетіңіз.
A) Апырай.
B) Әттеген – ай.
C) Уһ.
D) Қап.
E) Кәні.
Дұрыс жауап: А

Шақыру одағайын көрсетіңіз.


A) Моһ-моһ.
B) Туу.
C) Алақай.
D) Бәрекелді.
E) Ойбай.
Дұрыс жауап: А

Одағайдан кейін қойылатын тыныс белгісін табыңыз.


Ой тісім ауырып тұр.
A) Үтір.
B) Нүкте.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Леп белгісі.
Дұрыс жауап: А

Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.


Апырай Мына бөрік сізге керемет жарасып тұр.
A) Үтір.
B) Нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Сұрау белгісі.
Дұрыс жауап: С

Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.


Әттеген-ай Сонда қалай болды?
A) Сызықша.
B) Нүкте.
C) Леп белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Сұрау белгісі.
Дұрыс жауап: С

Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.


Апырай Жарайсың, тура тигіздің ғой.
A) Қос нүкте.
B) Леп белгісі.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Нүкте.
Дұрыс жауап: В

Сөйлемде одағайдан кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын анықтаңыз.


Алақай Достарым түгел жиналыпты.
A) Леп белгісі.
B) Нүкте.
C) Сұрау белгісі.
D) Нүкте-үтір.
E) Үтір.
Дұрыс жауап: А


Дескриптор:
1.Тест сұрақтарына жауап береді.

3-Тапсырма:Төмендегі сөйлемдерден одағай сөздерді табыңда.Тапқан одағай сөздермен басқа сөйлемдер құрап жазыңдар.(231-бетте).
Дескриптор:
1.Сөйлемдегі одағай сөзді тауып жазыңдар.

4-Тапсырма:Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқу. Алғашқы үш сөйлемді көшіріп жазып, одағайлардың астын сыз. Жақсы оқығандарды қол соғып құрметтеу.

Сергіту сәті
«Жаз келді, алақай!» Қимылмен көрсетіп, әнді айту.

  • Балақай-ау,балақай,

  • Жаз келеді,алақай!

  • Жалаң аяқ жүреміз,

  • Балақты да түреміз.

  • Сайдан жидек тереміз,

  • Көлден балық сүземіз,

  • Жалтылдатып тіземіз.






















































































Ережелерді түсініп оқып, ереже дәптеріне жазып алады.

Топтағы оқушылар берілген тапсырмаларды шарттары бойынша орындайды.

Топ мүшелері сұрақ оқығанда


»ия» немесе »жоқ» деп жауап беріп отырады.

Сөйлемдегі рай формасындағы жұмсалған етістіктерді тауып дәптеріне жазады.


Ашық рай етістіктерін шақтың түріне қарай жіктеп жазады.

Төмендегі берілген мақал-мәтелдерді керекті сөздерді пайдаланып аяқтап жазады. Етістіктерді тауып тұлғасына қарай талдайды.




2 балл


2 балл

2 балл



3 балл

1 балл









Соңы

Қорытындылау.Сонымен бүгінгі сабақта не өттік?
-Одағай дегеніміз не?
-Одағай туралы не білеміз?



Оқушылар тақырып бойынша сұрақ жауап береді







Кері байланыс

Рефлексия:




Оқушылар “ббб” кестесін толтырады.







Үй тапсырмасы

Ереже жаттау.Одағай сөздерді құрастырып шағын эссе жазу.

Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет