Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаментінің Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі



Дата10.06.2017
өлшемі143,18 Kb.
#18429
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаментінің

Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар Комитеті Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 2015 жылғы

ІІ тоқсанның есебі

Аягөз қаласы

маусым, 2015 жыл

ҚР ІІМ ТЖК Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің

2015 жылдың ІІ тоқсанда атқарған жұмысы туралы есебі

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар Комитеті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын, ШҚО ТЖД нұсқауларын жүзеге асыру және Аягөз ауданының ТЖБ жұмысын жетілдіру мақсатында Аягөз ауданының инженерлік-инспекторлық құраммен 11.04.2014 жылғы ҚР «Азаматтық қорғау туралы» №188-V Заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысын жүзеге асыру және аудан нысандарында өрт қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында ауданының ТЖБ қызметкерлерімен:



  • Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігіне бағынысты объектілеріне өртке қарсы жағдайына;

  • Қазақстан Республикасының білім министрлігіне бағынысты объектілеріне өртке қарсы жағдайына тексерулер жүргізілді;

Жәнеде бөлімнің жұмысы Операциялық жоспар мен Департамент бастығы жанындағы Кеңестің шешімдерінде көрсетілген іс-шараларды орындауы болып табылады.

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД 2015 жылдың жоспары бойынша Аягөз ауданының ТЖ бөлімі аудандық әкімшілікпен бірігіп жаттығулар өткізілді, бүл ретте РКШЖ КӨКТЕМ-2015 және штабтық жаттығу.

2014-2015 жылы қыс уақытында аудан бойынша аязбен боранның соғуына байланысты жол қатынастары болмаған жағдайда тез әрекет жасалып, уақытында шара қолданылып отырылды. 22 қаңтарда далада қатты боран кезінде адасып кеткен үш адамды әскери бөлімімен бірігіп тауып алып құтқарып әкелінді. Қыс маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, жол қызметтерімен бірлесіп қар борасындарына шалдыққыш республикалық және жергілікті маңызы бар жол учаскелеріне аудандағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің авариясыз жұмыс істеуін бақылау жасалып отырылды.

2015 жылы 06 ақпандағы Аягөз ауданының әкімімен №1-17ө «Су тасқынына қарсы 2015 жылдың көктем-күз кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары туралы» атты өкім шығарылған, осы өкіммен аудандық штаб құрылған, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша. 24 ақпанда 2015 жылы штаб отырысы өтті, ауданның көктемгі кезіндегі су тасқынына дайындық бойынша, отырыста ауданның су тасқыны кезінде тартылатын күшпен құралдар белгіленіп аудандағы барлық жол мекемелеріне және кент, ауыл әкімдеріне жол бойындағы су өтетін көпірлердің астын тазарту туралы тапсырмалар берілді. 04.03.2015 жылы Өскемен қаласынан келген жұмыс тобы Аягөз ауданының су тасқыны бойынша ең қауіпті учаскелерін аралап, ауыл округтерінің әкімдеріне бір қатар тапсырмалар ұсынылды. Аягөз ауданы бойынша 2015 жылға төтенше жағдайларға 8600 литр бензин, 17200 литр дизельдік жанар май және 748,0 мың тенге аудан әкімінің қорында қарастырылған.

2015 жылдың азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы аудан әкімімен бекітілген жоспары бойынша Аягөз ауданының ТЖ бөлімі аудандық әкімшілікпен командалық штабтық жаттығулар өткізілді. Бұл жаттығулардың мақсаты мемлекеттік құрылымдарды табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту, тұрғындарды осы жағдайларға байланысты даярлау, жергілікті атқару органдарға бағынысты бөлімдермен табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту, олардың зардаптарын жою бойынша жұмыстарын жетілдіру, және де авариялық құтқару қызметтерімен құрылымдарының құрамын, дайындығын, істерін, материалды техниқалық қордың барын және жағдайын тексеру болып табылады.

2013 жылдың 21 маусымында 1-39ө санды «Аягөз ауданының азаматтық қорғаныс құрылымдарын жетілдіру туралы» өкімі шыққан, аумақтық объектілік құрылымдарының жалпы саны 66, адам саны 1499, техника бірлігінің саны 291.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылға Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының ережелері тиімді жүзеге асырылуы ұйымдастырылды. Аягөз ауданының ТЖБ және ӨСБ қызметкерлеріне дәрістер өткізіліп, бөлімде стенд жасалып көрнекті жерге ілінді.

Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ТЖ алдын алу мен ескерту шараларын орындау мақсатында, «Нұр Отан» партия ұйымының аудандық өкілімен тұрақты өзара іс-әрекеттер шаралары ұйымдастырылып өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 185 бұйрығына, ШҚО ТЖД 2011 жылғы 18 мамырдағы № 86 бұйрығына сәйкес 2011-2015 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша салалық Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында жеке құрамымен сабақ өткізіліп, жұмыс атқарылуда. Осы жұмыстар аясында ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңына ерекше көңіл бөлінуде және де басшы құрамның жеке құрам алдында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы жауапкершілігіне мән беріледі.

Аягөз ауданының ТЖБ қызметкерлерімен кәсіби оқу жүргізу жоспары бойынша 12 сабақ өткізілді, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, ТЖБ қызметкерлерімен апта сайын қол қойдыру арқылы нұсқаулық өткізілуде. Аягөз ауданының ТЖБ, ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» №50 ӨСБ қызметкерлерімен бөлімде ҚР ТЖК-нің негізгі жұмыстарын реттейтін заңдарды, нұсқаулықтарды, тәлімдемелерді, басқа да ҚР заңдары үнемі таныстырылады.

Аягөз ауданының ТЖБ-мен белгіленген жұмыстар жасалып, бұқаралық ақпарат құралдарына сенім телефондары жарияланды.

Аягөз ауданында Азаматтық қорғаныс саласы бойынша 34 нысан тіркелген, 2 тоқсанда тексерістер болған жоқ.

Аягөз ауданында 2015 жылы 725 объекті тіркелген, жоғары тәуекел деңгейлі 97 - оның ішінде жоспарлы тексеруден 42 объекті өтті, 131 - орта тәуекел деңгейлі, 497 - төменгі тәуекел деңгейлі объектілер. Жоспардан тыс арыз және шағым бойынша 2 нысан тіркеліп, тексерілді. Өтініш бойынша тексерілген объектілер – 31.

Өрт қауіпсіздік ережелер бұзғандарға 24 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдары қаралды, 24 айып пұл 554960 теңгеге, оның ішінде 16 лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеру қорытындысы бойынша аймақтың өртке қарсы жағдайы, ақпарат беру шеңберінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі проблемалық мәселелер туралы ауданның атқарушы билігіне және прокуратураға 2 ақпараттық хат жіберді.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» № 50 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп 10189 тұрғын үй араланды, аралау кезінде 29458 адаммен өрт қауіпсіздігі туралы әңгіме өткізілді. Аралау кезінде үйдегі пештің құрылымы мен қолдануы, электр жүйелерінің және де ашық отты қолдану, шөпті сақтаумен жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігін сақтауға ерекше назар аударылды. Ішкі істер бөлімімен, аудандық СЭС-мен, қалалық әкімшілігімен бірігіп 3 рейд жүргізілді, 5 жағдайлары төмен отбасылар тіркелді.

Аудан халқының білімін арттыру, техногендік және табиғи қауіптен сақтану тәжірибесін бекіту және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл жасау бойынша бұқаралық-ақпарат құралдарына 46 рет мақалалар берілді, оның ішінде баспада – 11, дауыстап айтылатын байланыс бойынша сөз сөйлеу шығулар – 35 рет. Мақалаларда өрт туындауы, от жағатын пештерді және газ, электр құралдарын пайдалануы, көктемгі су тасқыны, сұға шомылу кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралар туралы айтылды. Адам көп жиналатын орындарға, орта мектептерінде «Төтенше жағдайлар кезінде халықтың іс-қимылы» атты үгіт-насихаттық парақтар ілініп, 42 лекция өткізіліп, оған 670 адам қатысты, 98 нұсқаулық жұргізілді, 290 адам қамтылды.

2015 жылы Аягөз ауданында жалпы материалдық зиян мөлшермен 6000000 теңгеге, 9 өрт болды – 8 өрт ҚР ҚК-нің 204 бап; өрт фактісі анықталмаған жағдай – 37. 2015 жылы 1-ші жартыжылдығында құтқарылған мүліктің бағасы 10200000 теңгені құраған. Өрттерден адам қазасы болған жоқ. ТЖБ анықтау бөліміне 47 ауызша түрде хабарламалар түсіп ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелді. Өрт фактілерді тексеру әрекеттерінің нәтижелері бойынша 6 материал - тергеу рет бойынша алдын ала тергеу үшін АІІБ-не жіберілді.

ӨСБ және ТЖБ санау тіркеу тәртібін бақылайтын комиссиясы, Аягөз ауданының ТЖБ, ӨС және № 50 ӨСБ қызметкерлерімен бірлескен бір тексеру өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша заң бұзушылықтар шыққан жоқ.

2015 жылдың 2-ші тоқсандығында ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №50 ӨСБ гарнизондық және қарауылдық қызметтің деңгейін көтеруге, соған қоса бөлімнің ТЖ жою жұмыстарына даярлығын көтеруге нақты іс-шаралар атқарылды, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға іс-шаралар атқарылуда.

ШҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №50 ӨСБ жеке және жауынгерлік дайындық бойынша жеке құраммен жұмыстар атқарылып, соңынан сынақтар қабылданды.

Аудандық және орман-дала өртін сөндіру жоспарларына өзгеріс енгізіліп әзірленді.

Ауданның АҚ және ТЖ ӨҚҚ бейбіт және әскери уақытқа арналған жоспарларын мемлекеттік тілге көшіру жұмыстары жүргізілді. Аудандық көлемде көктем-қыс уақытында болатын ТЖ ескерту және залалдарын жоюға арналған, командалық- штабтық жаттығуға қатыстық. Шекаралас аудандардағы ӨҚҚ, жол полициясы, аудандық телекоммуникация торабы, қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, медициналық қызмет сияқты авариялық қызметтермен және «Қазақстан темір жолы» РММ НОРП-23 өрт сөндіру поезымен бірігіп, іс-қимыл әрекет ету нұсқаулары жасалынып әзірленді.

Қазіргі күні ауданда қолда бар өрт сөндіру гидранты (ӨСГ)-210, өрт сөндіру су қоймалары (ӨСҚ)-12, олардың ішінде ақаулылары ӨСГ-48, (ӨСҚ)-1.

Жоспар кестесі бойынша 8 ӨТС өткізілді оның ішінде 2 түнгі.

Бар өрт сөндіру шұғыл карточкалары (ШК) - 109, өрт сөндіру шұғыл жоспары (ШЖ) - 18, есеп беру уақытында өзгерту енгізілген ШК – 32, ШЖ - 6, дайындалған ШК - 1, ШЖ - 0.

2014 жылдың ақпан айының 24-нен 26 аралығында ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Аягөз қ. № 50 ӨСБ жоспардан тыс тақырыптық тексеріс кезінде айқындалған қателіктерді жоюға төмендегідей іс-шаралар жасалды:

Техникалық қызмет көрсету журналы толықтай толтырылды; өрт сөндіру автомобильдерінің формулярлары 2014 жылдың көліктің жұмыс уақыты көрсетілді; бөлім бастығы АКБ және доңғалақтарды тексеру кестесі бекітілді; автомототехниканың барлығын есепке алу журналы жасалды; 2014 жылы сынақтан өткен жеңдердің актілері толтырылған; 2014 жылы су көздерінің есепке алу журналы толтырылды; су көздерінің планшеті Аягөз ауданы 60 елді мекендеріне жасалған; ӨСЖ, ӨТЖ жоспар-конспектілері дұрыс толтырылып есептерінде қателіктері жойылып, графикасы дұрысталды; шұғыл өрт сөндіру карточкалары және жоспарлары методикалық ұсынымға сай келтірілді; ГТҚҚ посты бекетшінің міндеттері, еңбекті қорғау, қауіпсіздік нұсқамаларын толтырылды. ТОЖҚҚ жұмысын есептеу методикасы қосыша толықтырылды; өрт сөндіру бөлімінің көбікті сақтау және есепке алу бекітілген тұлғаға бұйрық шығарылды.

Бөлімде 1 газ түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) бекеті бар. 2014 жылы сынақтан өткен жеңдердің актілері толтырылған, жеке құрам саны - 14 адам, қарулануда 6 «Драгер» ауа сығымды аппараттар, 1 дана «MARINER 320» маркілі компрессор бар. Таза ауада жеке құраммен 19 сабақ өткізіліп, жылу түтін камерасында 4 сабақ өткізілген.

Кәсіптік дайындау мектебінде 3 жүргізуші болды. Басшы құраммен қызметтік дайындық бойынша 6 сабақ өткізілді.

Бөлімде жалпы әскерлік 14 газқағар (противогаз), жылу қайтарғыш 6 костюм бар.

2015 жылдың 2-ші тоқсандығының қорытындысы бойынша жеке құраммен өртке барарда да, қайтқанда да, сол сияқты өз иелігіндегі автокөлігінде жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ.

2015 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындық ретінде бөлімдегі барлық техникаларға жеңіл-желпі жөндеулер жүргізілуде.

Қаңтар, ақпан айында ГТҚҚ және жеке құрам медициналық куәландыруден уақытылы өтуін ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта қызмет шарттары мен жеке құрамның тұрмыс жағдайын жақсарту үшін бөлімнің электр желілері мен қорғау автоматтарын түгелдей ауыстыру қажет. Жылу жүйесіндегі вентильдер мен қозғалтқыштары (перемотка) қазандықты ауыстыруды қажет етеді.

Аягөз ауданының іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі – құжаттың мемелекеттік тілде сауатты әзірленуіне баса назар аударылады.


Аягөз ауданының ТЖБ-нің бастығының

у.м.а өртке қарсы қызметтің майоры К.Қ. Сапарғазаев

Келісілді:


Қызмет бағыттары бойынша жергілікті ақарушы органдарды, мекемелерді хабарландыру




р/с

Хабарлама тақырыбы

Кімге жіберілген, Т.А.Ж., лауазым

Жіберілген күні, шығыс №

Қабылданған шешім

1.

Азаматтық қорғаныс күніне мерекелеу бойынша хабарлама

Аягөз аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлім бастығы Н.Т. Әзімбаевқа

09.02.2015 ж.

39-19-7-25/



140

Жалпы білім беру мекемелерінде іс-шаралар өткізілді

2.

Өрт туралы

Аягөз ауданының прокуроры С.М. Турдинға

03.03.2015 ж.

39-19-7-25/



174




3.

Азаматтық қорғаныс саласы бойынша «Тыныс алу көру органдарын жеке қорғау құралдарымен» қаматамасыз етілмегені бойынша хабарлама.

Аягөз ауданының әкімі Б.К. Байахметовқа

13.04.2015ж

39-19-7-25/459




4.

Аягөз горнизонының әскери бөлімдерін тексеру қортындысы бойынша хабарлама

Аягөз гарнизонының прокуроры

Р. Ходжаевқа

10.06.2015 ж.

39-19-7-25/459




ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 50 ӨСБ-нің

2015 жылдың 2 тоқсанында атқарған

жұмысы туралы есебі

Құрметті әріптестер!
2015 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Аягөз ауданында 9 өрт оқиғасы, 34 жану жағдайы тіркелген. Олардан келген шығын мөлшері 6000000 теңгені құрады. 2015 ж 2-ші жартыжылдығында құтқарылған мүліктің бағасы 10200000 теңгені құраған. Дабыл бойынша шығулар саны- 59, оның ішінде өртке аудан аумағында- 8, жану жағдайына- 14, өрттің аумағы 394 шаршы метр құраған.

Өрттерден зардап шеккен адам 2, қаза тапқан 2 адам.

Өрт шыққан жерге бағыт алу уақыты -10 минутқа дейін 6, 10 минуттан астам - 2. Өртке келгеннен оны жойғанға дейін жұмсалған уақыт 15 минутқа дейін 2. 2-ші тоқсанда өрт кезінде құтқарылған 2 адам, эвакуацияланған 2 адам. Жұмыскерлермен жарақатанған қайғылы оқиғалар болған жоқ.

Жану жағдайлары тіркелген саны барлығы - 34, оның ішінде шақырусыз ЕӨСЖ-20, тұрғындармен және т.б өшірген саны-0 .

2015 жылдың 2-ші тоқсанында ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №50 ӨСБ гарнизондық және қарауылдық қызметтің деңгейін көтеруге, соған қоса бөлімнің ТЖ жою жұмыстарының даярлығын көтеруге нақты іс-шаралар атқарылды, материалдық-техникалық жағдайды жақсартуға іс-шаралар атқарылуда.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №50 ӨСБ жеке және жауынгерлік дайындық бойынша жеке құраммен жұмыстар атқарылып, соңынан сынақтар қабылданды.

Гарнизон лауазым иелерінің, қарауылдың, ішкі нарядтың міндеттерін зерделеу ұйымдастырылды, басшы құрам мен жеке құрамның міндеттемелері мемлекеттік тілде жауынгерлік есепке сәйкес өңделіп, зерттелді.

Өткен уақытта аудандық және орман-дала өрт сөндіру жоспарларына өзгеріс енгізіліп әзірленді.

Ауданның АҚ және ТЖ ӨҚҚ бейбіт және әскери уақытқа арналған жоспарларын мемлекеттік тілге көшіру жұмыстары жүргізілді. Ланкестікке қарсы террорлық әрекет залалдарын жоюға арналған, командалық- штабтық жаттығуға қатыстық. Шекаралас аудандардағы ӨҚҚ, жол полициясы, аудандық телекоммуникация торабы, 5- әскери бөлімдерімен және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі, медициналық қызмет сияқты авариялық қызметтермен және «Қазақстан темір жолы» РММ НОРП-23 өрт сөндіру поезымен бірігіп, қимыл көрсету нұсқаулары жасалынып әзірленді.

Қазіргі күні ауданда қолда бар өрт сөндіру гидранты (ӨСГ)-210, өрт сөндіру су қоймалары (ӨСҚ)-12, олардың ішінде ақаулылары ӨСГ-50, (ӨСҚ)-1.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ №50 ӨСБ 2015 жылға өткізілетін жоспардан тыс террорға қарсы 4 ӨТЖ өткізілді, жоспар кестесі бойынша 22 ӨТС өткізілді оның ішінде 12 түнгі.

Бар өрт сөндіру шұғыл карточкалары (ШК) - 111, өрт сөндіру шұғыл жоспары (ШЖ) - 23, есеп беру уақытында өзгерту енгізілген ШК – 58, ШЖ - 3, дайындалған ШК - 2, ШЖ - 1.

Бөлімде 1 газ түтіннен қорғау қызметі (ГТҚҚ) посты бар, ГТҚҚ жеке құрам саны - 13 адам, қарулануда 6, «Ауэр» ауа сығымды аппараттар, 1 дана «MARINER 320» маркілі компрессор бар. Таза ауада жеке құраммен жалпы уақыты 725 минут болатын 24 сабақ өткізіліп, жылу түтін камерасында жалпы уақыты 240 минут болатын 8 сабақ өткізілген.

Кәсіптік дайындау мектебінде болған 1 өрт сөндіруші білім алды. 1 қарауыл бастығы оқуда. Басшы құраммен қызметтік дайындық бойынша 6 сабақ өткізілді.

Бөлімде жалпы әскерлік 28 газқағар (обзорный маска), жылу қайтарғыш 12 костюм бар.

Аудандық аурухананың жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында дәрігер маманның қатысуымен дәріс өткізілді.

2015 жылдың 2-ші тоқсандығының қорытындысы бойынша жеке құраммен өртке барғанда және қайтқанда, сол сияқты өз иелігіндегі автокөлігінде жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ.

Алдағы уақытта қызмет шарттары мен жеке құрамның тұрмыс жағдайын жақсарту үшін бөлімнің электр желілері мен қорғау автоматтарын түгелдей ауыстыру қажет. Жылу жүйесіндегі вентильдер, қозғалтқыш (перемотка) қазандықты ауыстыру қажет.

2015 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындық ретінде бөлімдегі барлық техникаларға жеңіл-желпі жөндеулер жүргізілуде.

Қаңтар, ақпан айында ГТҚҚ және ж/қ медициналық куәландіруден уақытылы өтуін ұйымдастырдық.

Жеке құрам аудандық салық басқармасына толықтай кіріс туралы декларация тапсырды.

Спорттың түрлері бойынша, бөлімге стол тенисі орнатылып, «Наурыз мерекесі» қарсаңында ТЖБ мен №50 ӨСБ жеке құрамымен шағын футболдан және стол тенисінен жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Осымен баяндама аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

№ 50 ӨСБ бастығы уақытша



міндетің атқаруш ө/қ.қ майоры А.Ж.Бестонов
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет