Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті



бет1/2
Дата17.02.2017
өлшемі410,86 Kb.
#9674
  1   2
Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметтік жұмысы бойынша аналитикалық есебі

Өскемен қаласы

сәуір, 2013 жыл

2012 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі алқасының қаулыларымен, ҚР ТЖМ Операциялық жоспарымен, ҚР ТЖМ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 2013 жылға арналған жұмыс жоспарымен, ШҚО ТЖД бастығының жанындағы Кеңес шешімдерімен алға қойылған міндеттерді орындауға негізделді. Сонымен қатар, өткізілетін шаралардың басымдылығы қалыптасқан жедел жағдайға байланысты анықталды.


Төтенше жағдайлардың қысқаша салыстырмалы талдауы
Ағымдағы жылдың 3 айындағы статистикалық деректер бойынша 279 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиға тіркелген (2012 жылғы осы мерзімге қарағанда 35 пайызға аз), соның ішінде ТЖ 33, бұл өткен жылдың есеп беру мерзіміндегіден 41 пайызға төмен (2012 жылы 54 ТЖ). Бұл ретте 30 адам мерт болды (2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстарғанда 37 пайыз аз, 2012 жылы 47 адам).

ТЖ басым бөлігі өндірістік және тұрмыстық өрттерге келеді, ондағы жағдай мына негізгі көрсеткіштермен сипатталды:

- 258 өрт тіркелді, бұл 2012 жылғы мерзіммен салыстырғанда 36,5 пайызға аз (406 өрт);

- өрттен келген материалдық шығын 80 млн. 083 мың теңгені құрады, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 42,2 пайызға төмендеді (2012 жылы – 138 млн.613 мың теңге);

- өртте 19 адам мерт болды, 2012 жылғы мерзіммен салыстырғанда 24 пайызға аз (2012 жылы – 25 мерт адам болған);

Осы жылдың талданатын кезеңінде өрттерде өртке қарсы қызмет бөлімшелері 91 адамды құтқарды, 246 млн. 150 мың теңгеге материалдық құндылықтар құтқарылды.

2012-2013 жылдғы қыс-көктем маусымы ерекше күрделі ауа-райы жағдайымен сипатталды. Желтоқсанның үшінші онкүндігінен бастап өңірде үнемі күрделі гидрометеорологиялық құбылыстар қар борасындары, борандар, дауылдар, ұзақ уақыт бойы 15 тәуліктен астам уақыт облыста -50 градусқа дейінгі төмен температура байқалды. Қаңтар-ақпан айлары көп қар жауумен ерекшеленді. Қыс маусымының соңында облыс аумағы бойынша қар қоры нормадан 30-50 пайызға дейін асып кетті, қардағы су қоры шамамен екі норманы құрады. Облыстың кейбір аудандарындағы қар жабынының биіктігі 180 сантиметрге дейін, ал топырақтың қатуы 145 сантиметрге дейін жетті.

Қалыптасқан жағдай ең алдымен елді мекендермен көлікпен қатынауында өте ауыр болды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол қызметтері мен ТЖ департаменті бөлімшелерінің ауа-райына жүйелі түрдегі мониторингінің негізінде автокөліктің қозғалысы үшін облыс жолдарын жабу туралы уақтылы шешімдер қабылданып отырды. Мәселен, қаңтар айында 79 учаске, ақпанда – 35 учаске, наурызда - 61 учаске жабылды.

Таулы аймақтағы қар қорының көп болуы және қаңтар-наурыз айларындағы құбылмалы ауа-райы жалпы массасы 309935 текше метр 138 қар көшкінінің өздігінен жүруіне себепкер болды.

ТЖ департаментінің бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, жол қызметтерімен, Ішкі істер департаменті және Қорғаныс министрлігі қызметкерлерімен бірлесе отырып қыс маусымында қауырт жұмыс істеді. Ұйымдасқан өзара әрекеттесулер нәтижесінде жол учаскелерінің жабылуы 2 тәуліктен аспады, автотрассаларды тазалауға қолда бар барлық техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД құтқару бөлімшелері әкімдіктер және жол қызметтерімен бірлесе отырып қар борасындарынан адамдар мен техниканы шығарды, шалғайдағы ауылдарға дәрігерлер жеткізілді, ауыр науқастар көшірілді. Барлығы ТЖ орындарынан 771 бірлік техника және 1931 адам шығарылды.

Қыс маусымындағы қауырт жедел жұмыстың нәтижесі ең алдымен адам өлімінің болмауына, шаруашылық жүргізу объектілерінің зақымдануына жол бермеу болды. Сонымен қатар, қатаң ауа-райы жағдайына қарамастан облыстағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде ауыр аварияларға жол берілген жоқ (жылу, су және электрмен қамту).



Табиғи және техногендік мипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру

Табиғи және техногендік мипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру мәселелерінде Департамент қызметтің барлық бағыттары бойынша үлкен іс-шаралар кешенін жүзеге асырды.



2012-2013 жж. қысқа дайындық.

Мына жоспарлар пысықталып, бекітілді: қолайсыз ауа-райы жағдайы және облыс жолдарындағы ТЖ кезіндегі жол ұйымдарының, ШҚО ішкі істер департаменті, ШҚО ТЖ департаменті бөлімшелерінің, ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы жеке құрамы, қалалар мен аудан әкімдерінің іс-әрекеттері; республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардағы бекеттер мен бағдарлардың орналасуы, ӨЖУ және ЖПУ бойынша ШҚО автомобиль жолдарын бекіту тізімі, «Облшығысжол» КМК ӨЖУ, «Қазавтодор» РМК ЖПУ, ШҚО республикалық маңызы бар жолдардағы жылыту бекеттерінің орналасуы туралы мәліметтер, ШҚО республикалық маңызы бар автожолдардағы ЖПУ, ЖПП және жылыту бекеттерінің орналасу сұлбасы.



2012 жылғы 24 қазанда ТЖ бойынша облыстық комиссия отырысында «Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері, сондай-ақ автожолдарды қыс маусымына дайындау» мәселесі қарастырылды.

Қар көшкіні жүру қаупі

Қар көшкіні қаупінің алдын алу мақсатында жолдардың қар көшкіні жүру қаупі бар жолдарды жабу туралы шешімдер дер кезінде қабылданды, халықты, кәсіпорындар мен ұйымдарды хабардар ету сұлбасы пысықталды, «Қазселденқорғау» ММ филиалының өндірістік-пайдалану учаскелерінің негізінде авариялық бригадалар құрылды. Көшкін жинағыштардағы қардың жиналу жағдайы мен 19 қадағалаушы қызмет көрсететін 207 қашықтан қар өлшеу 207 мөлшерқада орнатылған 24 қар өлшеу-көшкін бағдары бойынша қар жабынының биіктігіне ұдайы бақылау жасалады.

2012 жылғы желтоқсанның 4-нен 7-і аралығында Глубокое ауданының «Алтайские Альпы» тау-шаңғысы және «Изумрудный» демалыс базасы, Зырян ауданының «Орел» шаңғы базасы мен Риддер қаласының «СтарДаст», «Эдельвейс» тау-шаңғысы базасы және «Вертикаль» демалыс базасы спортшылар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берілді. Тексеру актілері жасалды.

Катонқарағай ауданының «Собачья» және Зырян ауданының «Зубовск» тауларында саны 60 дана қар тоқтату қалқандары жөндеуден өткізілді;

Көшкiн жүру қаупi бар мерзiмде өздігінен қар көшкiнi жүру қаупін жою мақсатында қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстарын өткiзу үшін 2012 жылдың 23 ақпанынан 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін «УК Трансвзрывпром» ЖШС-мен №3 шарт жасалды.

Объектілері мен құрылыстары ТЖ аймағында орналасқан ұйым басшыларына және жеке үй иелеріне аудан әкiмдерiне 10 ескертулер, жеке тұлғаларға 266 ескерту берілді берілді.

Көшкiн жүру қаупi бар жерлерде 50 дана «АБАЙЛА. КӨШКІН ЖҮРУ ҚАУПІ БАР АУМАҚ» деп жазылған ескерту қалқандары мен плакаттары орнатылды.

Жалпы көлемі 36150 текше метр қар массасы 31 профилактикалық қар түсірілді.



Су тасқыны.

Су тасқыны маусымына уақтылы дайындалу мақсатында облыстық әкімдіктің 2012 жылғы 10 қазандағы №242 қаулысымен «2012-2013 ж. күз-көктем маусымындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары» бекітіліп, оны орындау ұйымдастырылды.

2012 жылдың жаз-күз маусымында облыстық қалалары мен аудандарында 2013 жылға алдағы су тасқынына максималды дайындалу үшін шаралар қабылданды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 112,3 млн.теңге бөлінді. 41,8 км созылған өзен арнасын қоқыстардан, шөптерден тазарту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізілді. Жаз уақытында суғару үшін пайдаланылатын және елді мекендерге апаратын шлюздер мен арналарды жабу бойынша жұмыс жүргізілді. 13 өзеннің қауіпті учаскелерінде қашықтығы 18,56 км жағалау бекіту жұмыстары жүргізілді.

2012 жылдың қазан айында барлық бөгеттер мен су қоймаларына тексеру жүргізілді.

Коммуналдық меншіктің 17 су шаруашылығы объектілерін жөндеу үшін 559 млн.теңге қажет. Іс-шаралар жоспарына сәйкес су тасқыны маусымы алдында барлық бөгеттерде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылып, байланыс қамтамасыз етілді.

Облыс әкімінің 16.01.2013 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес облыстың қалалары мен аудандарын су тасқыны маусымына дайындау және гидротехникалық құрылыстарды тексеру бойынша 6 жұмыс тобы құрылды. Жұмыс топтарының бекітілген шығу кестесіне сәйкес 2013 жылғы 29 қаңтардан 3 ақпанға дейін ГТҚ және қалалар мен аудан әкімдіктерінің 2013 жылғы су тасқыны маусымына дайындығына тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша актілер жасалып, ал облыс әкіміне жинақ тексеру актісі жасалды.

Қалалар мен аудан әкімдіктері облыс халқын алғашқы кезектегі қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын және ұйымдармен 975 ниет шарты жасалды. Саны 197 тонна бензин, 240 тонна дизельді отын ЖЖМ, 55392 дана қап, 28 мотопомпа қоры құрылды. Облыстың қалалары мен аудан әкімдерінің 2013 жылға арналған қаржы қоры – 334208,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде ТЖ жоюға – 200356,0 және кезек күттірмейтін қажеттіліктерге 134624,0 мың теңге. Облыс өзендеріндегі мұз кептелістерін жою үшін жару жұмыстарымен шұғылданатын кәсіпорындар және «ШҚО авиация бөлімшесі» КМҚК тікұшақтарын жұмылдыруға ниет шарты жасалды.

Су тасқыны маусымына уақытында дайындық мәселесі бойынша 2013 жылдың 16 қаңтарында барлық қызметтер, қалалар мен аудан әкімдеріне жиналыс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында су тасқынына дайындық бойынша штабтық оқу-жаттығулар, АҚ және ТЖ қызметтерінің техникасы мен жеке құрамы тексерілді.

Наурыз айында құрамында облыс басшылығы, ШҚО ТЖД басшылығы бар жұмыс тобы су тасқыны жағдайын бақылау үшін 4 рет облыс аумағын аралап ұшты.

Қалыптасқан жағдаймен танысу, өңірге су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге көмек көрсетуде ҚР Үкіметі деңгейінде шешім дайындау үшін талдау жүргізуге 2013 жылдың 4 наурызында Шығыс Қазақстан облысына ҚР ТЖ Министрі Владимир Карпович Божконың төрағалық етуімен жұмыс тобы келді.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 15 наурыздағы Қаулысының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне Үкімет резервінен 2013 жылғы су тасқыны маусымына 543 млн. 147 мың 500 теңге бөлінді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, ұдайы бақылауға алынған.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖ департаменті облыстың 1300 кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікке бақылау жасайды (оның ішінде 476-сы шағын кәсіпкерлік кәсіпорыны). Бақылауда 85 тау-кен саласы, 3 көмір қазу, 30 металлургиялық, 206 химиялық және мұнай өңдеу, 31 жару жұмыстарын жүргізуші кәсіпорын, 50 геологиялық-барлау кәсіпорыны, 894 қазандық-газ бақылау, көтергіш құрылымдар және нан өнімдері кәсіпорындары және магистралды құбыр бойынша 1 кәсіпорын.

2013 жылдың 1-тоқсанында 158 тексеру жүргізілді, оның ішінде 3 кешенді («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Востокцветмет» ӨК Жезкент тау-кен байыту комбинаты, «Востокшахтострой» АҚ, «Ульба-Комплекс» ЖШС).

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік құжаттары талаптарының 1200 бұзушылығы анықталды.

Еңбекшілердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін анықталған бұзушылықтар нәтижесінде ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекторлардың талаптары бойынша кәсіпорын басшылары 21 объекті мен жұмыстарды уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Жол берілген қауіпсіздік талаптарының бұзушылықтары үшін жауаптылыққа 40 адам, оның ішінде сомасы 1 102 310 теңгеге 40 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бекітілген Техникалық қайта жарақтану жоспарына сәйкес тозығы жеткен жабдықты ауыстыру жүргізілуде. Жоспарда 2013 жылдың 1-тоқсанында орындалуы жоспарланған 69 тармақтың толығымен 44 тармағы орындалды, уақтылы қаржыландырылмауы және зауыт-дайындаушылардың тапсырыстарды орындамағаны, жеткізу мерзімін өзгертуге байланысты орындалмаған тармақтар 2-3-тоқсанға ауыстырылды.

ШҚО-да 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламаға (бұдан әрі ҮИИДБ) сәйкес 23 басымды жоба бар. Қауіпті өндірістік объектілерга қатысты 16 жобаның жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат тоқсан сайын ұсынылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты 277 ақпарат дайындалып, жолданды, соның ішінде 89 жоғары тұрған органға, 10 жергілікті әкімдіктерге: «Жылыту маусымының өтуі туралы», «Зайсан және Тарбағатай аудандарындағы газ құбыры тас жолын таңдау бойынша актіні келісімдеу туралы», «Тіршілікті қамтамасыз етуде проблемалары бар елді мекендер бойынша», «Мұнай төгу ұлттық жоспары туралы» және т.б.

Құрамында қауіпті объектілері бар кәсіпорындарды декларациялау барысына бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірумен байланысты объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды бақылау бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні міндетті сақтандыру келісімшарттары ШҚО бойынша декларациялауға жататын 92 объект иелерімен жасалды, 2013 жылға 1 кәсіпорын келісімшарт жасаған жоқ. Қазіргі таңда «Береке» ЖШС келісімшарт жасау бойынша жұмыс жүргізілуде. 11 объектіде жұмыстар жүргізілмейді.

2013 жылдың 1-тоқсанында ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД бақылауындағы кәсіпорындарда өндірістік жарақаттану жағдайларына жол берілген жоқ.



Өрт қауіпсіздігі

2013 жылдың өткен мерзімінде облыстың шаруашылық жүргізуші объектілеріндегі өрт қауіпсіздігінің жоғары деңгейін ұстау мақсатында мемлекеттік өрт бақылау жұмысы «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, ШҚО ТЖД МӨББ жұмыс жоспары, ҚР ТЖМ және ӨҚҚК нұсқауларын жүзеге асыру бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталды.

Бөлім барлығы тәуекел деңгейлері бойынша 806 объект тексерді, соның ішінде:


  • тәуекел деңгейі жоғары – 607;

  • тәуекел деңгейі орта – 94;

  • тәуекел деңгейі болмашы – 105.

Тексерулер кезінде 6178 бұзушылық анықталды. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының бұзушылықтарына жол бергені үшін 702 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде жалпы сомасы 5 503 235 теңгеге 648 айыппұл салынды.

Объектілерді тексеру қорытындылары бойынша ШҚО ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтау мәселесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа (бұдан әрі ШҚО МАЭС) өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының бұзушылықтарын жойғанға дейін объектілерді пайдалануды уақытша тоқтату туралы 31 талап арыз жолдады, 27 талап арыз қанағаттандырылды, соттың өндірісінде 4 талап арыз бар.

Тұрғын секторындағы өрттердің алдын алу, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық құндылықтарды құтқару мақсатында ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге үгіттеу-наалдын алу жұмыстары ұйымдастыру туралы нұсқаулар жолданды. Нәтижесінде 40345 адамды қамтыған 16 318 үй және пәтер тексерілді.

Табиғи өрттердің туындауының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында облыс әкімі 2013 жылға арналған облыс аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу және жою жоспарын бекітті.

Болған өрт фактілері бойынша 116 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде сомасы 195 110 теңгеге 69 айыппұл салынды.

Өрт сынақ зертханасы 17 рет ауқымды өрттер орнына барып өрттердің себебі бойынша 16 қорытынды берді.

ӨСЗ жұмысы бойынша ұсыныстары бар және анықтау қызметінің мамандарын қатыстыру бойынша 2 талдау дайындалды, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарындағы ірі өрттер бойынша ұсыныстары бар шолу дайындалды.

Келісімшарт негізінде тәжірибелік көмек көрсету бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «ІРГИТАС», С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ШҚ облыстық техникалық кітапханамен жұмыс алға қойылған.

Өртке шығулар жылжымалы өрт-техникалық зертханамен (ЖӨТЗ) жүзеге асырылады.

АҚ іс-шаралары

ҚР Бас прокуратурасы бекіткен жарты жылдық бекітілген жоспарға сәйкес барлығы: 15 - бақылау астындағы субъектілер, сонымен қатар – 3 санатталған субъект тексерілді.

ММ субъектілері – 11, сонымен қатар қауіптілік дәрежесі жоғары – 1; орта дәрежелі - 3, шамалы дәрежелі – 7.

Жеке кәсіпкерлік саласында – 4 қауіптілігі жоғары субъект бар. АҚ іс-шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар – 34620 теңге сомаға 4 лауазымдық тұлға.

АҚ саласындағы тексеру парағына сәйкес бейбітшілік және соғыс уақытында хабарлау мен байланысты басқару жүйесінің дайындығын тексеру кезінде жергілікті хабарлау жүйесінің бар-жоқтығына және олардың тұрақты дайындығына назар аударылды.

Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық жобалар шеңберінде салынып жатқан және пайданауға енгізілген объектілердің аварияға қарсы беріктігін жоғарылату бойынша жан-жақты шаралар кешенін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен қ. сумен қамту және суәкеткі жүйелерінің инвестицияларын негіздеу» - «Ақбұлақ-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары келісілді.



Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

ШҚО суайдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында 2013 жылдың басынан бастап келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

- әңгімелесу, лекциялар – 941 ( 26136 адамды қамтып).

- Телебағдарламалар, бейнероликтер – 16

- Радиобағдарламалар – 6

- мақалалар, қысқа жазбалар - 35



- «Суға түсу кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері», «Мұздағы қауіпсіздік шаралары» тақырыптарына арналған плакаттар таратылды - 389 дана;

- мұздағы, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша DVD дисктер таратылды –24.

Бүкіл халықтық мейрамдарды өткізу және тойлау уақытында суайдындардағы адамдардың өмірін сақтау күшейе түседі. 2013 жылдың 18-19 қаңтар күндері «Крещение Господне» православиелік мейрамды өткізу және дінге сенетіндердің суға түсулері кезінде адамдардың өмірін сақтау шаралары ұйымдастырылды. 8467 адам суға түсу рәсімін жасады. Төтенше жағдайлар мен оқиғалар болған жоқ.

Күршімнің «Қызыл Ту» мұз өткелінің және басқа мұз өткелдері мен өту жолдарының жұмысына бақылау жасау жүйелі түрде жүзеге асырылды. Өтуге тыйым салынған жерлерге тыйым салу белгілері қойылды. Балық аулаушылармен және демалушылармен мұздағы, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша 319 нұсқаулық өткізілді.

1. Ішкі істер, табиғат қорғау полициясы, денсаулық сақтау, «Ертіс» өңіраралық көлік бақылау инспекциясы органдарымен өзара әрекеттесу ұйымдастырылды. «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» ММ-мен өзара әрекеттесу жоспары бекітілді және келісілді. Кеме, демалыс базасы және кіші кеме тұрақтары иелерімен жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша көлік бақылау инспекциясымен бірлескен кеңес өтті (12.03.2013ж.).



Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою, ТЖМ күштер мен құралдарын дамыту бойынша іс-шаралардың тиімділігін жоғарылату

Гарнизонның күштер мен құралдарын тұрақты жауынгерлік дайындықта ұстау іс-шаралары мүлтіксіз орындалып отырды. Бірінші кезекте ТЖ жоюға жедел шешімдер қабылдау үшін төтенше жағдайлардың негізгі көздерін тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды (метеоболжам, қар қорын болжау, көшкін қауіпті, сел қауіпті учаскелердің, мұздақ көлдердің, гидроқұрылыстардың, қауіпті жол учаскелерінің, мұзқатқылардың, энергожүйелердің, санэпидем жағдайының, табиғи аймақтардағы өрттердің мониторингі, экологиялық мониторинг). 2013 жылғы 1 наурыздан бастап қар еру мониторингі жүргізіліп жатыр.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде сым байланысы, радиобайланыс сұлбасы, байланыс жоспары әзірленді және бекітілді.

Ведомстволық байланыс құралдарының жұмысы қамтамасыз етілді (жерсеріктік байланыс, радиобайланыс, транк байланысы, ВЧ-байланыс, электрондық пошта, факсимальді байланыс). Төтенше жағдайларды басқару органдарымен өзара әрекеттесу мәселелері шыңдалды.

Жедел УҚТ байланыспен ретранслятор арқылы облыстық орталықтан бастап негізгі бағыттар қамтылды: Семей қ., Риддер қ., Шемонайха қ., Самар а. (Күршім а. қоса), Зырян қ. және Аягөз қ.

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД сым және радиобайланыс құралдарымен, жедел ақпаратты және хабарлау белгілерін қабылдау құралдарымен жабдықталған күнделікті басқару пункті дайындыққа келтірілді (дағдарыс орталығы). ТЖ ауданына шығуға арналған ҚТ және УҚТ раиобайланысымен, тасымалы компьютермен, жерсеріктік терминалдармен жабдықталған ШҚО ТЖД-ның жылжымалы байланыс торабы бар.

ШҚО ТЖД және Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ММ, Алтай Республикасы арасында радиоалмасу сеанстары күнделікті әр сейсенбі сайын жүргізіледі және журналға тіркеледі.

Тұрғындарға сабақтың тоқтатылуы туралы хабарлау және хабарлау жүйесінің техникалық құралдарының жай-күйін тексеру мақсатымен 16 теледидар арнасы қамтылды.

«ТЖ қаупі және туындауы кезінде ҚР халқын және мемлекеттік басқарма органдарын хабардар ету жүйесін жаһандандыру», «Астана және Алматы қалаларында 112 БКДҚ құру», «Бірыңғай ахуалдық дағдарыс орталығын құру», «ҚР ТЖМ жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету туралы» «КИКС ГСЧС» жобаларын сапалы жүзеге асыру мақсатында жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру үшін техникалық бақылау бойынша комиссияны құру қарастырылды.

2013 жылғы 1 қаңтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының күштер мен құралдарын топтастыру бойынша ұсынылған мәліметтерге сәйкес жеке құрам саны 61756 адамды және 4905 құрылымды құрайды. Азаматтық қорғаныстың штаттық кәсіби және аумақтық құрылымдары санынан 1322 адам және 425 бірлік техникадан тұратын 19 шұғыл әрекерт ету жасағы құрылды. 2013 жылдың 1-тоқсанында облыстық ОЭР-мен хабарлау және жинау бойынша 1 жаттығу өтті.

2013 жылдың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындалу және шұғыл әрекет ету бойынша іс-шаралар кешені өткізілді. ШҚО күштер мен құралдар топтамасы 234 адам, 43 бірлік техника, 9 бірлік суда малтау құралдары дайындыққа келтірілді. Өте қауіпті су тасқынына жататын ШҚО аумақтарына ҚР ТЖМ күштер мен құралдарын бекіту есебі әзірленді. ШҚО қалалары мен аудандарындағы инженерлік, автомобильдік техникалардың, кіші кемелердің бар-жоқтығы туралы мәліметтер жиналды. Алыс және жетуге қиын аудандарға жол жоқтық және қар борасыны жағдайларында іздеу-құтқару жұмыстарын өткізуге арналған 16 жол талғамайтын шынжыр табанды тартқыш көліктер бар.

Көшіру-құтқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге және барлау жүргізуге 8 бірлік тікұшақ (МИ-2 – 6 бірлік; МИ-8 - 2 бірлік) дайындықта тұр.

Инженерлік-құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін облыста 2074 бірлік техника әзірленген.

Авариялық энергиямен жабдықтау үшін 479 резервтік электрмен қамту көзі бар, солардың 146-ы тасымалы, 333-і стационарлық.

Азық-түлікпен, өндірістік тауарлармен және ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге арналған 34 жылжымалы тамақтану пункті, 43 жылжымалы өндірістік тауарлармен жабдықтау пункті, 30 жылжымалы заттай жабдықтау пункті, 34 жылжымалы ЖҚС (жанармай тасығыштар, автоцистерналар); 38 су тасу буыны бар.

Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге шұғыл медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсету үшін облыстың медициналық мекемелерінде 651 төсек орын дайындалып қойылған. 2687 адам жеке құрамы бар 235 медициналық құрылым, 432 бірлік техника санитарлық автокөлік әзірленді.

Мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жедел шараларды қабылдау үшін қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар қоры құрылды (облыс әкімінің: жалпы сыйымдылығы 600 адамға дейін сыйатын лагерь шатыры, құрал-саймандар, жабдықтар, ЖЖМ қоры: жанармай – 30,8 тн., дизельді отын – 36,8 тн., азық-түлік – 32,4 млн.теңге сомаға сатып алынды).

Су тасқыны кезеңінде Дағдарыс орталығы базасында жауапты офицерлердің тәулік бойы кезекшілік атқаруы арқылы жұмыс жасалды. Жедел штаб облыстың барлық қалалары мен аудандарынан су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты жүйелі түрде жинауды және ҚР ТЖМ Дағдарыс орталығымен ұдайы байланысуды ұйымдастырды. Қажет болған жағдайда жедел шешімдер қабылданды.

2013 жылға арналған жауынгерлік жоспарға сәйкес «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің басшы және жеке құрамы авариялық қызметтермен шеберлікті жоғарылату және практикалық өзара әрекеттесуді шыңдау мақсатында 7 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар және 167 өрт-тактикалық сабақтар өткізді.

Өрт сөндіру кезекшілік қызметі кезінде машықтану жоспары бойынша өрт сөндіру басшысының көмекшісі рөлінде басшы құрам арасынан 10 қызметкер машықтанудан өтті.

Техникалық қызметтің өрт сөндіру бөлімінде 20 автокөлік жөнделді. АЛ-32 автосатысы сатып алынды. 20 бірлік техниканы есептен шығару құжаттамасы әзірленді. Республикалық меншіктен ШҚО коммуналдық меншігіне Абай ауданы әкімдігінің теңгеріміне ЗиЛ-130 базасындағы өрт автоцистернасы берілді. Коммуналдық меншікке 13 бірлік өрт сөндіру техникасын беру құжаттамасы әзірленді.

ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметі жыл мезгіліне сәйкес СПС жеке құрамымен «Құтқару станциясындағы қызметті ұйымдастыру», «Суда адамдардың өмірін қорғау», «Мұзда адамдардың өмірін қорғау» курстық міндеттерді орындау жаттығуларын өткізді.



Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттер мен қызметтерді іске асыру үшін ҚР ТЖМ-ға, ТЖМ РДО-ға, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне 23 хабарлама, есеп және ақпарат ұсынылды.

ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 1-тоқсанына келесі іс-шаралар жоспарланды және өткізілді:

кәсіби дайындық бойынша жаттығулар (ай сайын);

штабтық жаттығулар- 3;

РКШОЖ-ға қатысу – 1.

Жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау және қайта даярлау ШҚО ТЖД оқу орталығында және Семей қ. ТЖБ халықты оқыту, даярлау, насихаттау бөлімінде жүзеге асырылды.

Оқыту ісі облыс әкімінің 2012 жылғы 24 желтоқсанда бекітілген «ШҚО ТЖД тыңдаушыларын жинақтау жоспары» және «2013 жылға арналған ШҚО-дағы оқу-жаттығулар жоспары» бойынша өткізілді.



Жинақтау жоспары 1-тоқсанда 113%-ға орындалды. Оқытылғандардың жалпы санынан 62% облыс орталығына және 38% Семей қ. ТЖБ халықты оқыту, даярлау, насихаттау бөліміне келеді.


Шығыс Қазақстан облысының ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінде 206 басшы құрам оқытылды, бұл оқытылғандардың жалпы санының 58 % құрайды. Басшы құрамды оқыту АҚ құралымдары жеке құрамының тәжірибелік дағдысын және оқыту әдістемесін жетілдіру, өндіріс қызметкерлерінің ТЖ жағдайында әрекеті, мемлекеттің экономикалық әлеуетінің сақталуы мақсатында жүзеге асырылады.

Ай сайын облыс объектілерінің, мекемелері мен кәсіпорындардың АҚ және ТЖ штабы бастықтарына (қызметкерлеріне) көмек көрсету бойынша әдістемелік жұмыс жүргізіледі. АҚ және ТЖ құжаттамасын пысықтауға, сондай-ақ еңбек ұжымдарына жекелеген тақырыптар бойынша сабақтар өткізуде көмек көрсетіледі.

Бірінші тоқсанда осы сияқты жұмыс «ШҚО экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті», ШҚО ІІД», «МСЧ-2», «ШҚМТУ», «ШҚМУ», «Защита элеваторы» МЦКТ, «Кругозор» және т.б. жүргізілді.

Басшы құрамды оқыту қорытындысы туралы ай сайын облыс ТЖК төрағасына ақпарат жолданып отырылады.

Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар өткізілді. 1 наурызға дейін порталда материал дайындалып, жарияланды, АҚБ мамандары ШҚО ТЖД оқу орталығында қала мектептерінің оқушыларына ашық есік күнін, оқу мекемелерінде – АҚ және ТЖ сабақтарын өткізді. ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚ филиалының қызметкерлерімен бірлесіп Өскемен колледждерінің арасында «Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» тақырыбы бойынша жарыс өткізді.

2013 жылғы 1-тоқсандағы оқу-жаттығулар мен жаттығулар жоспары 101 %-ға орындалды. Барлығы облыс бойынша (жоспар / іс жүзінде):

Кешенді оқу-жаттығулар – 15/15;

Командалық-штабтық оқу жаттығулар – 87/99;

Объектілік жаттығулар – 91/138;

Тактикалық-арнайы жаттығулар – 54/64;

Сейсмжаттығулар – 426/411;

Сел жаттығулары – 99/81;

Авариялық жағдай бойынша жаттығулар – 384/392.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет