72
қатынастақырыбыменсөйлеу
тәсілінеқарай:
аргументтік т.б.
Берілу тәсіліне қарай:
диалог, монолог, полилог
Кесте 1. Мәтінтипологиясы.
Тіл білімі дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты
ғылыми зерттеулер жүргізіліп келеді. Дискурс мәселесіне байланысты зерттеу
жүргізген шетелдік ғалымдар қатарынанТ.Гивон, А.Кибрик, А.Ван Дейк,
Н.Хомский, Л.Выготский, Т.Ахутина;қазақ тіл білімі бойынша Н.Уәли,
Г.Смағұлова, Д.Әлкебаева, Г.Бүркітбаева, Ж.Кеншінбаева сынды ғалымдардың
зерттеулерін атап өтуге болады.
Дискурс теориясының қалыптасуында Франц Бае және В.Матезиустың
ғылыми зерттеулері маңызды рөл атқарады. Дискурсқа қатысты негізгі
ғылыми зерттеулер француз және ағылшын-американдық лингвистикалық
мектептері жүргізген болатын. Ал ХХ ғасырдың орта шенінде дискурс
теориясы кеңестік тіл білімінде мәтін лингвистикасы аясында қарастырыла
бастады.
Дискурс– айтушының аялық білім жүйесі менинтенциясын қамтитын
коммуникативті құбылысретінде танылады.Жалпы алғанда, дискурс ұғымы
мәтін ұғымынан кең келеді, себебі дискурс сөйлеу әрекетінің өзі және оның
нәтижесі «мәтін» саналатын коммуникативті-когнитивті құбылыс.
Егер мәтіннің өзара тұтастығымен бүтіндігі сияқты белгілер мәтінтүзімнің
формалды және семантикалық заңдылықтарымен байланысты болса, онда
дискурста бұл ерекшеліктер ойлау мен сөйлеу әрекетінің когнитивті және
прагматикалық мәнімен сәйкес келеді. Т.М.Николаев өзінің «Словарь
терминов лингвистики текста» атты өздігінде дискурсқа «мәтін тұтастығы мен
бүтіндігі, мәтіннің ауызша формасы, диалог» сияқты белгілердің тән екендігін
атап өтеді. Сондай-ақ, дискурста коммуникативтік ситуация, интеракцияға
қатысушылар мен тілдік материалдар тоғысып жатады. Мұнда айтушының
вербалды мінез-құлқы, яғни дауыс ырғағы, интонация, пауза, ым-ишарат
сияқты деңгейлерді қамтиды.
Ю.С.Степанов барлық мәтіндер жиынтығын қарастыра келіп, әрбір
мәтіндер жүйесіне тән ерекше өзіндік лексикасы мен грамматикалық жүйесі,
өзіне тән сөздік қоры, сөзді қолданудың өзіндік ережелері мен синтакисі,
өзіндік аялық білім жүйесі тән екендігін атап өтеді (13,44). Осыған сәйкес,
қазіргі тіл білімінде дискурстың мынадай түрлері қалыптасқан: әскери
дискурс; газеттік дискурс; іскери дискурс; балалық дискурс; өнертану
дискурсы; магиялық дискурс; масс-медиа дискурсы; ғылыми (академиялық)
дискурс, парфюмерлік дискурс; педагогикалық дискурс; поэтикалық дискурс;
73
публицистикалық дискурс; жарнамалық дискурс; спорттық дискурс;
техникалық дискурс; террористік дискурс; феминистік дискурс; көркем
дискурс; экономикалық дискурс; электрондық дискурс; этикалық дискурс.
Мәтінтүзімнің негізгі құралы ретінде тілдік жүйе, тілдік таңбалар жүйесі
маңызды роль атқаратыны белгілі, дискурс та тілдік жүйемен өзара тығыз
байланыста келеді. Өзара байланысты төмендегі схемадан көруге болады:
Демек, дискурс – мәтінтүзімнің негізгі шарты, яғни процесс болса, мәтін –
дискурстың нәтижесі, ал тіл – мәтіннің түзілуіне негіз болатын дискурстық
әрекеттің маңызды құралы саналады. Коммуникативтік тұрғыдан алғанда
дискурс коммуниканттардың дүнитанымдық жүйесімен, ал прагматикалық
тұрғыдан коммуниканттардың сөйлеу әрекеті үстіндегі тілдік таңбаларды
қолдануымен байланысты.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, дискурс құрамына мәтін
мен түрлі экстралингвистикалық факторлар (сөйлеуші мен тыңдаушының
қоршаған орта туралы білімі, өзіндік пікірі мен құндылықтар жүйесі),
ақпаратты қабылдау мен оны түсіну сияқты маңызды элемменттер енетін
коммуникативті-когнитивті құбылыс ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: