Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе



бет46/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

ІІ – МОДУЛЬ 
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі. Әлем тілдерінің генеологиялық және 
типологиялық классификациясы

2.1 Салыстырмалы-тарихи тіл білімі 
Жоспар: 
1 Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы.
2 Салыстырмалы-тарихи тіл білімін қалыптастырушылар мен қосқан үлестері.
3 Тілдердің тоғысу процестері: субстрат, суперстрат және адстрат процестері.
1 Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы.Тілдердің
туыстастығы туралы мәселе ХVІ-ХVІІ ғасырда Европада көтерілді, алғаш рет
бұл мәселеге жиһанкездер назар аудара бастады. Айталық, итальян жиһанкезі
Ф.Сассети «Индиядан хаттар» еңбегінде үнді тілінің европа тілдерімен қандай
да бір жақындығы бар екендігін айта келе, өз ойын төмендегідей мысалдармен
дәлелдейді: сарпа, два (санскрит) ‒ серпе, дуе (итальян).1786 жылы ағылшын
ғалымы Уильям Джонс өзінің «Азиялық зерттеулер» деген еңбегінде санскрит
тілінің грек, латын тілдеріне өте жақын екендігін көрсете келіп, көрсетілген
тілдердің о бастағы негізі бір болуы керек деген пікір білдіреді. Осыған ұқсас
тұжырымды 1808 жылы шыққан «Үнділердің тілі және даналығы» деген
еңбегінде Ф.Шлегель де айтқан болатын. Ф.Шлегельдің айтуынша, санскрит
тілі сөз құрамы мен грамматикалық құрылысы жағынан грек, латын тілдеріне
өте ұқсас. ХVІІІ ғасырдың соңғы жартысы мен ХІХ ғасырдың алғашқы
жылдарында тіл ғылымының даму бағыты жаңа зерттеу әдісінің қажеттігін
айқын көрсетті. Тілдердің өзара туыстығын, тіл мен тілдің туыстық мәселесін
айқындауда, ондағы фонетикалық, лексикалық және грамматикалық
ерекшеліктердің сәйкестігін дәйектеуде салыстырмалы-тарихи зерттеу әдісі
қалыптасты.
Салыстырмалы-тарихи әдіс ‒ тіл дамуының тарихи заңдылықтарын,
тілдердің
фоно-морфо-семантикалық
жүйесіндегі
ортақтық
пен
ұқсастықтарды, тілдердің туыстық мәселесін анықтау үшін қолданылатын
зерттеу әдісі. Салыстырмалы-тарихи әдістің мақсаты ‒ дүние жүзіндегі
тілдердің өзара фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жүйесін өзара
салыстыру арқылы туыстастығын айқындау, тілдердің грамматикалық
құрылысын салыстырмалы тұрғыда сипаттау арқылы туыс тілдердің ататілдік
моделін жасау, тілдік ерекшеліктердің хронологиялық және таралымдық шегін
анықтай отырып, тілдердің генеологиялық классификациясын жасау.


76
Осылайша, ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында салыстырмалы-тарихи әдістің


негізінде салыстырмалы-тарихи тіл білімі қалыптасты.
Салыстырмалы-тарихи әдістің негізгі тәсілдері ретінде ішкі және сыртқы
реконструкция тәсілдері қолданылады. ж~с: жер (қазақ) - с´ир (чуваш), жыл
(қазақ) – с´ул (чуваш); ж ~ й: жеңіл (қазақ) – йеңіл (түрікмен), жыл (қазақ) –
йыл (түрікмен); ж ~ дж: жол (қазақ) – джол (қ.-балқ.); ж ~ ч: жоқ (қазақ) – чоқ
(тува), жер (қазақ) – чер (тува); ж ~ с: жеті (қазақ) – сетте (якут), жат (қазақ) –
сыт (якут) т.б. (1, 55).
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің қалыптасуына тіл туыстығы, 
тілдердің өзара жақындығыдеген мәселе негіз болды. ХҮІІІ ғасырдың соңы
мен ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап ғалымдар көне үнді тілінде жазылған
ескерткіштер мен лингвистикалық зерттеулерге назар аудара бастайды. Еуропа
тіл білімінде көтерілген тілдер туыстастығы мәселесі, тілдер жүйесіндегі фоно-
морфо-семантикалық ортақтықтар мәселесі шығыс тіл білімінде ХІ ғасырдан
бастау алады десек болады. Оған дәлел ретінде М.Қашқаридың 1074 жылы
жарық көрген «Диван лұғат ат-түрік» атты энциклопедиялық еңбегін айта
аламыз. Тіл білімі тарихында алғаш салыстырмалы-тарихи әдісті ғылыми
принцип ретінде қолданған М.Қашқари болатын. М.Қашқаридың «Дивани
лұғат ат-түрк» еңбегі түркі тайпаларының тілінде жиі қолданысқа түскен
сөздер мен сөз тіркестері араб тіліне аударылып берілген. Еңбекте қамтылған
сөз бен сөз тіркестерінің лексикалық мағыналарына түсініктеме беріледі, түркі
тайпалары тіліндегі фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері туралы
айтылады. Бұл энциклопедиялық еңбек тек тіл мен әдебиет мәселелерін ғана
емес, сондай-ақ түркі тайпаларының рухани дүниетанымы мен ой-өрісінен,
олардың қоғамдық-экономикалық жағдайынан, материалдық және рухани
дүниетанымынан құнды деректер беріледі.
1816 жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит тіліндегі етістіктердің
жіктелу жүйесін грек, латын, парсы, герман тілдеріңдегі етістіктердің жіктелу
жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты. Бұл еңбекте жоғарыда аталған
тілдердің туыстастығы дәлелденді. Ф.Бопп жиналған тілдік материалдарды
парсы, славян, балтық және армян тілдері фактілерімен салғастыру
нәтижесінде «Үндіеуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» еңбегін
жариялады.
Ал 1599 жылы Голландия филологі И.Ю.Скалигер «Европалықтардың тілі
жөнінде қысқаша ойлар» атты еңбегінде Европа тілдерін өзара салыстыра
зерттей келе, оларды он бір ата тілге жіктеп көрсетеді: 1) грек ата тілі; 2) латын
ата тілі (роман тобындағы тілдер); 3) герман ата тілі (неміс, нидерланд); 4)
славян ата тілі (чех, словен, сербхорват, лучиж); 5) албан тілі; 6) татар (түркі
тілдері), 7) венгер, яғни мадьяр тілі; 8) фин (фин, лапланд, саам тілі); 9) ирланд
тілі; 10) бретон тілі; 11) сантаброрум (баск) тілі (1,329).


77
1666 жылы Ю.Крыжанич фонетикалық сәйкестіктер негізінде славян


тілдерінің толық классификациясын жасап берді. Неміс ғалымы Ф.Рунг литва,
латыш және өлі прусс тілдерінің жақын туыстығын дәлелдей келіп, балтық 
тілдері тобы деген ұғымын қалыптастырды.
Балтық тобын құрайтын тілдер мен славян тілдерінің туыс екендігі туралы
мәселені көтерген М.В.Ломоносов болатын. 1755 жылы М.В.Ломоносов өзінің
«Россия грамматикасы» атты еңбегінде орыс тілінің оңтүстік славян
тобындағы тілдермен өте жақын екендігін, сондай-ақ поляк, чех тілдерінен де
алшақ еместігін көрсетіп, орыс тілінің балтық тілдерімен де алыс туыстық
қатынаста екендігін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет