Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


 Корпустық лингвистика – қазіргі қазақ тіл білімінің жаңа бағыты



бет73/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

Корпустық лингвистика – қазіргі қазақ тіл білімінің жаңа бағыты. 
Ұлттық корпустық лингвистика ‒ электронды форматтағы мәтіндер
жиынтығынан
құрылған
ақпараттық-анықтамалық
жүйені
құрайды.
В.П.Захаров «Корпусная лингвистика» атты оқу құралында былай дейді: «Под
названием лингвистический, или языковой, корпус текстов понимается
большой, представленный в электронном виде, унифицированный,
структурированный, размечанный, филологический компетентный массив
языковых
данных,
предназначенный
для
решения
конкретных
лингвистических задач» (2,3).
Корпустық лингвистика 1963 жылы АҚШ-та өмірге келген Браун
корпусынан (The Brown Standard Corpus of American English) бастау алады. Бұл
корпустың көлемі 1 млн. сөзқолданыстан тұрады және оның құрамында
әрбіреуі 2 мың сөзқолданысқа тең 500 мәтін бар. Ал орыс тілінің ұлттық
корпусы 5 млн. астам сөзқолданыстан тұрады.
Корпустық лингвистиканың ағылшын тілі материалы негізінде
қалыптасуын ғалымдар компьютерлік техниканың, өткен ғасырдың 60-80
жылдары британ лингвистикасындағы жасанды интеллектінің белсенді даму
жағдаятымен түсіндіреді. Корпустық лингвистика тіл білімінің жеке саласы
ретінде өзімен іргелес жатқан тіл ғылымы пәндерімен, атап айтқанда,
математикалық лингвистика, дискурстік анализ және лексикография
салаларымен тоғысады. Сондай-ақ, мәтін корпусы тілдік жүйенің
фонологиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистика салаларымен
тығыз байланысты. Компьютерде мәтіндерге лингвистикалық ақпараттар беру,


117
корпустық зерттеулер біраз уақыттан бері жалпы тіл білімінде, соның ішінде


шетел тіл білімінде лингвистикалық зерттеулердің негізгі тәсілдерінің бірі
ретінде қолға алынып келеді.
Корпустық лингвистика тілдік зерттеулерде мынадай әдістерді негізге
алады:
филологиялық әдістер;
статистикалық әдістер;
ақпараттық-технологиялық әдістер;
теориялық-лингвистикалық әдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет