Грамматикалық мағына – тілде қалыпты сипаты бар сөздер тобы мен сөз
тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына.
Грамматикалық категория – мағынасы біртиптес грамматикалық
тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Грамматикалық форма – грамматикалық мағынаның қалыпты көрінісін
білдіретін тілдік белгі.
Гримм заңы – үндіеуропалық және германдық шуыл дыбыстардың 1818 ж.
Р.Раск ашқан, 1822 жылы Я.Гримм жүйеге келтірген тұрақты сәйкестігі.
Генеалогиялық топтастыру – тілдердің туыстығына, шығу тегіне қарай
топтастырылуы.Әрбір тіл семьясы бір ата тілден тараған диалектілердің
негізінде пайда болған.
Грамматика – тіл құрылысы, яғни морфологиялық категориялар мен
формалардан, синтаксистік категориялар мен конструкциялардан, сөзжасам
тәсілдерінен туратын тіл жүйесі. Тіл құрылысын зерттейтін тіл білімінің бір
саласы.
Дәстүрлі тіл білімі – қалыптасқан тілдік дәстүрге сай тілдің және оның
құрылымының ішкі қатынастары мен компоненттерінің байланысын ашумен
бірге, тіл мен ойлаудың өзара қатынасы, тілдің қоғаммен байланысы сияқты
мәселелердің зерттелуін мақсат ететін тіл біліміндегі бағыт.
Дескриптивті лингвистика – жалпы структуралды тіл білімі аясында ХХғ.
30-50 жылдары пайда болып, жедел дамыған Америка тіл біліміндегі
бағыттардың бірі.
Дистрибутивті талдау – мәтіндегі жеке тіл бірліктерінің орналасқан
айналасын, сол ортада жекеленуін, алатын орнынзерттеуге негізделген, бірақ
олардың лексикалық я грамматикалық мағыналарына мән бермейтін әдіс.
Денотат – тілдік бірлік арқылы белгіленетін шындықтың көптеген белгілері.
Денотаттық мағына – әртүрлі реңк тудыратын үстеме мағынадан тыс сөздің
негізгі мағынасы.
Деривация – бастапқы тіл бірліктерінің негізінде басқа тіл бірліктерін жасау
процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |