158
Компонентті талдау әдісі – мағыналы тіл бірліктерінің мазмұндық жағын
зерттеу әдісі. Оның мақсаты мағынаның ең кіші семантикалық бөлшектерін
ажырату.
Коммуникация – адамдардың танымдық-еңбек процесінде қатынас жасау,
пікір алысу, ой бөлісу – олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша
формасы болып табылады.
Кодификация – тілдің нормалық қалыпқа түскен үлгілі нұсқасын сөйлеуде,
жазуда үнемі сақтап, қайталап отыруды қамтамасыз ететін ережелер
жиынтығы.
Лексема (грек. lexis «сөз») – өзара қатыстық байланыста болатын лексикалық
мағына мен грамматикалық форманың жиынтығынан тұратын лексикалық
жүйенің негізгі единицасы.
Лексикология (гр.lexikos сөз туралы және logos ілім) – тіл білімінің сөздік
құрамды, тілдің лексикасын зерттейтін сала.
Лексикалық архаизмдер – қазіргі тілдік қолданыста сәйкес синонимдік
мағынасы бар көнерген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: