161
‒ Тақырыптық конспект ‒ белгілі бір ғылыми мәселелердің басын ашуда
бірнеше дереккөздерге сүйенеді. Мұндай конспект түрін жүргізу қиын
жұмыстардың бірінен саналады.
‒ Еркін конспект ‒ мұндай конспект түрі жоғарыда берілген түрлі
конспектілердің өзара үйлесімділігіне құрылады.
Конспектілеу техникасы. Конспектіні жылдам жазуға (оқытушының
айтқандарын жазуға үлгеру) төмендегідей тәсілдер көмектеседі:
- қысқарту жүйесі;
- басты мәселені айқындап алу;
- каллиграфиялық жазудан бас тарту;
- ақпаратты схема, таблица немесе кесте түрінде беру.
Реферат
(
лат.
refere ‒ хабарлау,
айту)
–
бір немесе
бірнеше
дереккөздерден алынған белгілі бір тақырып жөнінде хабарлау. Реферат
ғылыми мақалалар мен ғылыми әдебиеттердің мазмұнын сипаттау болып
табылады.
Жалпы рефераттың бірнеше түрлері көрсетіелді:
реферат-
конспект; реферат-резюме; реферат-шолу, реферат-баяндама.
Реферат-конспект – белгілі бір тақырып жөнінде жалпы ғылыми
ақпаратты құрайды, онда иллюстрациялық материалдар, зерттеу әдіс-тәсілдері,
зерттеу нәтижелері және олардың практикалық қолданысы туралы жалпы
ақпараттан тұрады.
Реферат-резюме ‒ берілген тақырыптың тек негізгі тұжырымдарын
құрайды.
Реферат-шолу ‒ берілген мәселе бойынша бірнеше дереккөздерге сүйене
отырып, ондағы түрлі ғылыми көзқарастар өзара салыстырылады.
Реферат-баяндама ‒ берілген ғылыми ақпараттың шынайылығы, оның
шешімі бар екендігі, түпнұсқа мәліметтермен өзара салыстырылған,
кеңейтілген сипатқа ие.
Достарыңызбен бөлісу: