Әдебиеттер:
1 Қазақ грамматикасы. ‒Астана, 2002.
2 Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. ‒Алматы, 1989.
3 Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасамы (Оқулық). –Алматы, 2002.
4Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –Алматы, 1989.
♦Тапсырма
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі туралы баяндаңыз.
Сөзжасамның жеке тіл ғылымының саласы ретінде қалыптасуы туралы
баяндаңыз.
55
Сөзжасамдық жұрнақтар: сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтардың,
олардың тілдегі атқаратын қызметі.
♦Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Түбір сөздің сөзжасамдық қызметі.
Негіз сөз және оның тілдегі қызметі.
Сөзжасамдық мағына дегеніміз не?
Сөзжасамдық ұя және сөзжасамдық жұп дегеніміз не?
Сөзжасамдық тізбек және сөзжасамдық саты дегеніміз не?
Сөзжасамның синтетикалық тәсілі туралы түсінік.
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі туралы түсінік.
Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі туралы түсінік.
Туынды сөздер және оларға тән тілдік ерекшеліктері.
Күрделі сөздер, олардың жасалуы мен өзіне тән тілдік белгілері.
1.7 Тілдің морфологиялық құрылымы мен жүйесі
Жоспар:
1 Сөз құрамы, морфема және оның түрлері.
2 Грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағына, форма және категория.
3 Грамматикалық категория және оның түрлері.
4 Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары.
5 Сөз таптары және оның морфологиялық құрылымы.
1 Сөз құрамы, морфема және оның түрлері. Тілдің барлық саласының
зерттеу нысаны сөз болғанмен, әрқайсысы түрлі аспект тұрғысынан
қарастырылады. Морфологиялық аспект бойынша, сөз дегеніміз ̶ сөйлем
құрауға негіз болатын мағыналы бөлшек, тілдік жүйедегі грамматикалық
мағыналардың түзілуіне ұйытқы болатын тілдік бірлік (1,24). Морфология
пәнінің зерттеу нысаны ̶ сөз формаларының парадигмалық жүйесі мен сөз
формаларының ортақ белгілеріне қарай топтастырылған грамматикалық
категориялар. Сөздің морфологиялық құрамы сөйлеу үдерісіндегі сөздің
морфемалық бөліктерден құралуына байланысты. Сөздің морфологиялық
құрылымы үш бөліктен тұрады: түбір морфема, негіз морфема және қосымша
морфема. Сөз құрамындағы әрбір морфеманың білдіретін мағынасы мен
атқаратын қызметі бар. Сөз түбіріне жалғанатын қосымша морфемалар
лексикалық, лексика-грамматикалық және грамматикалық мағыналар
56
үстейді.Түбір морфема ̶ ары қарай бөлшектеуге келмейтін тұлғалық, әрі
мағыналық дербестігі бар тілдік бірлік К.Аханов негіз бен түбірдің
айырмашылығы сөздің лексика-грамматикалық топтарына байланысты деп
көрсетеді. Түбір морфема бірнеше сөз таптарының жасалуына ықпал етсе,
негіз морфема лексика-грамматикалық топ формаларына ортақ болады.
Мысалы: көз (түбір), көзде (негіз, етістік), көзсіз (негіз, сын есім).
Қосымша морфема ̶ түбір морфемаға жалғанып, белгілі бір лексика-
грамматикалық мағынаны иеленетін формалар. Қазақ тілінде қосымша
морфема жұрнақ және жалғау болып бөлінеді. Жұрнақтың өзі білдіретін
мағынасы мен атқаратын қызметіне байланысты сөз тудырушы және сөз
түрлендіруші жұрнақтар деп жіктеледі. Сөз тудырушы жұрнақтар түбір сөзге
жалғану арқылы таза лексикалық мағына үстейді. Мұны тіл білімінде
деривациялық мағына деп атайды. Ал сөз түрлендіруші немесе функционалды-
грамматикалық жұрнақтар өзі жалғанған сөзге лексика-грамматикалық
мағына үстейді, яғни сөздің лексикалық мағынасын түбегейлі өзгертпей, сәл де
болса мағыналық реңк үстейді. Мысалы: кілем – кілемше, ұзын – ұзынша,
құлын – құлыншақ, қызыл – қызылырақ, қызылдау, әке – әкетай т.б.
Мағынаның бұл түрі реляциялық мағына деп аталады.
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі көрсетіледі: көптік, септік, тәуелдік
және жіктік. Ә.Ибатов жалғауды сөз жалғастырушы жұрнақтар деп те атайды.
Жалғаулар өзі жалғанған түбір не негіз морфемаға таза грамматикалық мағына
үстейді. Жалғаулардың атқаратын қызметі мен білдіретін мағынасы сөйлеу
үдерісіндегі жұмсалымдық сипатына сәйкес болады. Агглютинативті типті
тілдерде сөз құрамы түбір мен қосымша морфемалардан тұрады.
Нөлдік форма – сөйлеу процесінде сөздің формалық қөрсеткіші түсіп
қалғанымен, ол тұлға білдіретін грамматикалық мағынаның сақталып
қалуынан және сөздердің өзара арнайы грамматикалық көрсеткіші
грамматикалық байланысына негізделіп қалыптасқан, грамматикалық
мағынасы сөйлеу кезінде ғана анықталатын форма (2,50).
Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-
тәсілдері – сол тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Грамматика екі
салаға бөлінеді: морфология және синтаксис. Морфологияның негізгі нысаны
– морфтар мен морфемалар. Морф немесе морфема – сөз формасының ең
қысқа мағыналы бөлшегі. Морфемалар үш түрлі белгісіне қарай ажыратылады:
білдіретін мағынасының сипатына қарай, сөз ішіндегі орны мен сөз ішіндегі
атқаратын қызметіне қарай. Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір
57
морфема, негіз морфема және қосымша морфема. Түбір морфема – сөздің әрі
қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Негіз морфема сөз ішінде
бөлшектеуге келеді де, оның әрбір компоненті белгілі бір мағынаны білдіреді.
Морфема сөз бен сөз формасының құрамды бөлігі, морфема сөз ішінде ғана,
сөз ішіндегі единица ретінде қолданылады. Сөз – тілдің номинативті
единицасы, сөйлем – тілдің коммуникативті единицасы, ал морфема – тілдің
құрылымдық единицасы, яғни лексика-грамматикалық мағына білдіруші
құрал.
Жалпы морфема атаулы үш түрлі мағынаны білдіреді: заттық мағына,
дериватитві мағына және релятивті мағына. Заттық мағына – сөздің
(морфеманың) белгілі бір ұғымды білдіру мағынасы. Ондай мағынаны түбір
және негіз морфема иеленеді. Деривативті мағыналы морфемалар заттық
мағынаны нақтылай түсумен бірге ол мағынаны толықтыра, нақтылай түседі.
Релятивті мағыналы морфемалар сөз ішіндегі қатынасты айқындайтын, әрі сөз
түрлендіруші жұрнақтар арқылы алынатын мағына.
Аффикстік морфема қатарына префикс, постфикс, инфикс, интерфикс,
трансфикс, конфикс жатқызылады. Префикс – түбірдің алдынан
қолданылатын аффикс. Постфикс – сөз түбірі мен сөз негізінен кейін
жалғанатын аффикс. Екі түбір немесе екі негіздің басын қосып, жалғастырушы
аффиксті интерфикс деп атайды. Трансфикс ‒ семит-хамит тілдеріне тән
аффикс түрі. Бірыңғай дауыссыз дыбыстан құралған сөз түбірін жарып кіретін
дауысты дыбыс.
Достарыңызбен бөлісу: |