3 Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары. Сөздің өн
бойында лексикалық және грамматикалық мағына болады. Грамматикалық
мағына тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы, атап айтқанда,
аффиксация тәсілі, ішкі флексия тәсілі, қосарлану тәсілі, көмекші сөздер тәсілі,
сөздердің орын тәртібі тәсілі, екпін тәсілі, интонация тәсілі арқылы беріледі.
Аффиксация тәсілі. Түбір не негіз морфемаға қосымшалар жалғану
арқылы грамматикалық мағынаның алынуы аффиксация тәсілі деп
аталады. Аффиксация тәсілі көбінесе түркі тілдері жүйесіне тән. -шық, -қыш, -
ла жұрнақтары сөз түбіріне жалғанып ойыншық, ұшқыш, тазала деген сөздерде
лексикалық (деривациялық) мағынаны иеленеді, түбір не негіз морфемаға
көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жалғанып грамматикалық
(реляциялык) мағынаны білдіреді. Үндіеуропа тілдері жүйесінде аффиксация
тәсілі түбірдің фонемалық құрамының өзгеруіне алып келеді. Мысалы: день ̶
дня, ходить ̶ хожу, даю –даёшь, писать –пишут, man – men т.б. Орыс тілінде
көптеген аффикстер бірден бірнеше мағынаны білдіре алады: гост+ям деген
сөздегі –ям аффиксі әрі барыс септігінің, әрі зат есімнің көпше түрін білдіреді.
Түркі тілдері жүйесінде де бірнеше грамматикалық мағынаны білдіретін
аффикстер кездеседі. Мысалы: бардық, оқыдық, сөйлескенбіз, көреміз
дегендегі қосымша аффикстер әрі жақтық, әрі көптік мағынаны білдіреді.
Орыс тілінде түбірмен қосымшаның бір-бірімен әбден жымдасып, кірігуі тіл
білімінде фузия құбылысы арқылы түсіндіріледі.
Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағынаны алудың келесі біртәсілі –
флексия тәсілі. Тіл білімінде флексия тәсілінің екітүрі бар: ішкі флексия және
сыртқы
флексия.
Ішкі
флексия
тәсілі- түбірдің
дыбыстық
құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Ішкі
флексия тәсілі көбіне үндіеуропа, семит-хамит тілдері жүйесіне тән. Араб
тілінде сөз түбірі тек дауыссыз дыбыстардан құралатыны белгілі. Осы
дауыссыз дыбыстардан тұратын түбір морфемаға дауысты дыбыстардың
кірігуі арқылы сөздің лексика-грамматикалық және грамматикалық мағынасы
өзгеріп отырады. Мәселен, ktb «кітап», kutub «кітаптар», каtава«жазды»,
aktub «мен жаздым, uktub «сен жаз»;сол сияқты ағылшын тілінде foot «аяқ»,
feet «аяқтар»; орыс тілінде убирать – убрать, посылать–послать, ходить –
хожу. Демек, түбір құрамына енген жеке дыбыс немесе түбір құрамындағы
дыбыстың түрленуі аффикстің қызметін атқарып тұр. Дегенмен, үндіеуропа
62
тілдері жүйесіне сыртқы флексия құбылысы да тән. Сыртқы флексия тәсілінде
аффикстер сөз түбірінен кейін жалғанады: книга, книги, книге, книгу, книгой, о
книге т.б. Алайда жоғарыда аталған семит-хамит және үндіеуропа тілдері
жүйесіндегі аффикстің сөз түбірінің құрамына еніп, онымен бірге жымдасып,
кірігіп кету ерекшелігіне сәйкес флективті (қопармалы) типті тілдерді
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |