63
Мысалы: Бүгін емханаға бардың ғой (пайымдау). Бүгін емханаға бардың ғой?
(сұрау) т.б. Сөйлемдегі ой (логикалық) екпінінің түсуіне
байланысты оның
мән-мағынасы әртүрлі болуы мүмкін. Сіз дәрігерге тексерілуге келдіңіз бе?
деген сөйлемдегі қолданылатын ой екпініне байланысты жауаптар әр түрлі
болуы мүмкін: −Иә, мен тексерілуге келдім. −Иә, тексерілуге келдім. −Жоқ,
тексерілуге келмедім.
Қорыта айтқанда, тіл-тілде грамматикалық мағыналарды білдірудің
тәсілдері әр түрлі. Соған байланысты грамматикалық тәсілдер үлкен екі топқа
бөлінеді:
Кесте 1 Грамматикалық тәсілдер жіктелімі
Аналитикалық немесе синтетикалық тәсілдердің басымдығына орай
дүниежүзі тілдері аналитикалық және синтетикалық типті тілдер болып
жіктеледі. Синтетикалық тәсіл –сөздің грамматикалық мағынасының сөздің өз
ішінде қолданылған
амалдары арқылы білдіруі болса, аналитикалық тәсіл –
сөздің грамматикалық мағынасының сөздің өз ішінде емес, сол сөзден тыс
қолданылған амалдар арқылы білдірілуі.
4 Грамматикалық категория және оның түрлері. Грамматикалық
категория
–
біртектес
грамматикалық
мағыналарды
білдіретін
грамматикалық формалардың жиынтығы.
Грамматикалық категорияның
түзілуіне қойылатын негізгі шарттар:
- біртектес грамматикалық мағына мен грамматикалық формасының болуы;
Грамматикалық тәсілдер
Синтетикалық тәсілдер
(аффиксация, сыртқы
флексия тәсілі,
қосарлану тәсілі)
Аналитикалық тәсілдер
(ішкі флексия тәсілі, екпін
тәсілі, көмекші сөздер
тәсілі,
орын тәртібі тәсілі,
интонация тәсілі )
64
- грамматикалық мағыналардың парадигмалық түрлену жүйесін құрауы тиіс;
- грамматикалық мағына өзара қайшылыққа негізделгенмен, екі я одан да көп
мәндес мағыналар жиынтығынан түзілуі тиіс.
Кез келген грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық категорияның
құрамында болады. Тіл-тілде грамматикалық категориялардың көптік, септік,
род, жақ, шақ, рай, етіс, вид категориялары кездеседі.Белгілі бір
грамматикалық категорияның дүние жүзіндегі
барлық тілде болуы шарт
емес. Ол грамматикалық категория бір тілде болғанымен, екінші тілде
болмауы мүмкін. Мысалы, орыс тілінде бір вид (совершенный вид,
несовершенный вид)
категориясы неміс, француз тілдерінде кездеспейді,
сондай-ақ түркі тілдері жүйесіндегі тәуелдік категориясы славян
тілдерінде жоқ. Грамматикалық
род категориясы орыс, неміс, француз
тілдерінде бар, бірақ ол ағылшын тілі мен түркі тілдерінде ұшыраспайды.
Грамматикалық категориялар морфологиялық және синтаксистік
категориялар болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: