Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


 Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі



бет39/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

1.8 Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі 

Жоспар: 
1 Синтаксис және оның зерттеунысаны.
2 Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері.
3 Жай сөйлем және құрмалас сөйлем синтаксисі.
4 Қазақ тіл біліміндегі функционалды синтаксис мәселесі.
5 Мәтін лингвистикасы және дикурс мәселесі.

1 Синтаксис және оның зерттеу нысаны.Сөйлеу коммуникациясы
тілде синтаксис жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қазақ
тілінің синтаксис саласы сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі және
құрмалас сөйлем синтаксисі болып зерттеледі. Жалпы түркі тілдерінің
грамматикалық құрылымына қатысты М.А.Казем-Бектің «Общая грамматика
турецко-татарского языка» атты еңбегінің «Сөз тіркестері» деген бөлімінде
сөздердің байланысу, тіркесу амалдарына тоқталып өткен. 1894-1897 жылдар
аралығында жарық көрген «Қазақ-қырғыз тілдерінің қысқаша грамматикасы»
атты еңбегінде П.М.Мелиоранский синтаксистің біраз мәселелерін сөз етеді.
А.Н.Кононов
сөз
тіркесінің
байланыстары
туралы
да
бірқатар


66
тұжырымдамалар жасаған. Ол «Түрік тілінің синтаксисі» жөнінде жазған


еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу түрлерін меңгеру, қиысу және қабысу
деп бөледі және олардың сөз таптарына қатысы туралы айтылады.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі мәселесі
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С. Жиенбаев, М.Балақаев,
Т.Қордабаев, С.Исаев, К.Аханов, Т.Сайрамбаев, Р.Әміров, М.Серғалиев,
А.Айғабылов, О.Күлкенованың еңбектерінде қарастырылған болатын.
Синтаксистегі негізгі ерекшелік ̶ сөздердің тіркесімділігі. Синтаксистің
зерттеу нысандарының бірі ̶ екі немесе бірнеше сөздің бағыныңқы-
басыңқылық сипатта келуі, сөйлеу коммуникациясында сөздердің өзара
тіркесімділік құрай алу қабілетін айқындау. Сөздің синтаксистік мағынасы
оның лексикалық мағынасына қарағанда шектеулі болады. Өйткені тілдік
коммуникацияда сөздің бір ғана мән-мағынасы қолданысқа түседі. Мұны
синтаксистік тіркесімділік деп атайды. Жалпы тіл білімінде тіркесімділіктің екі
түрі көрсетіледі: лексикалық және синтаксистік. Қазақ тіл білімінде
синтаксистік тіркесімділік мәселесі Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Әмір,
М.Серғалиев, С.Исаев, Т.Сайрамбаев, Ж.Жакупов, З.Ерназарова сынды
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Синтаксистік тіркесмділікті
синтаксистік конструкциялар түзеді. Бұл жөнінде З.Ерназарова: «Сөйлем
құрылысын сөздің лексика-семантикалық мәні анықтамайды, сөздер
арасындағы семантика-синтаксистік қатынастар ̶ синтагмаларды анықтайды,
сөйлемді құрастырушы компоненттердің сөйлеу мақсатына қарай қолданысқа
енуімен байланысты сөйлемнің ең кіші бірлігі ретінде синтаксема алынады», ̶
деп жазады (1,19). Синтаксистік тіркесімділік заңы бойынша басыңқы
сыңардағы сөз бағыныңқы сыңардағы сөздердің белгілі бір қосымшалармен
келуін керек етеді. Айталық, басыңқы қызметтегі сабақтас етістік
бағыныңқының табыс септігінде тұрып, тура обьектіні білдіргенін қалайды.
Мысалы: кітапты оқыды, сабақты айтты, атасын тыңдады т.б.
Тіркесімділіктің бір түрі ̶ лексикалық тіркесімділік. Лексикалық
тіркесімділікте лексикалық және семантикалық шектеулердің болатындығын
тіл фактілері айқындап отыр. Семантикалық шектеулік тұрғысынан алғанда
тіркесімге түсетін сөз мағыналары өзара семантикалық және логикалық
байланысқа түсуі тиіс. Қазақ тіл білімінде лексикалық синтагматика мәселесін
арнайы қарастырған Ғ.Хасанов лексикалық тіркесімділікті екіге бөледі: еркін
және байлаулы лексикалық тіркесімділік. Лексикалық синтагматика ̶ сөздің
өзіндік мағынасының ұғымдық және заттық, сезімдік тұрғыдан үйлесе алуы


67
деген сөз. Мысалы: жарымжан көңіл, сараң бай, иманды адам, көргенді 


қызтіркестерінде барлық макросемалар үйлескен синтагматика арқылы жүзеге
асады (2,14-15).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет