§ 1.6 тарауша бойынша орындалатын практикалық тапсырмалар
Берілген үлгіге сәйкестендіріп білу, жол, ақ сөздерінен өрбіген
сөзжасамдық ұясын түзіңіз.
Үлгі: жел, желбегей, желбезек, желбірет, желдей, желдендір, желсіз,
желкек, желкем, желкен, желп, желпі, желпігіш, желпілдек, желік, желіктір
т.б.
Берілген сөздерге морфемдік талдау жасаңыз: түсінік, гүлзар, оқытушы,
көрермен, азанда, етпетінен, оқулық, тұрақты, араласу, сүйкімді, қатысты,
гүлді, кітаби, басқар, ұшқыш, ағартушы, сүзгіш, келімсек, егіншілік, білімпаз,
білдірмекші, баспагер, бейтарап, беймезгіл, наразы, ақылгөй, тезірек, сазгер.
Этимологиялық сөздіктің көмегімен берілген сөздердің о бастағы
түбірін айқындаңыз: утром (утро, утренний), азанда (азан, азанымен), оқулық
(оқытушы, оқырман), землянка (земля, земляной), овсянка (овес, овсяный),
тыңдарман (тыңдау, тыңшы), hand (hahdle, handy), ұйымдастыру (ұйым,
ұйымшыл), өріс (өру, өрбіту).
141
Берілген сөздердің омонимдес түбірлерін айқындаңыз: бас, басшы,
бастық, басқару, басқызу, бастырт; водить, вождение, вода, поводок, водный,
наводнение, заводить; қыс, қыстық, қыстыр, қысқа, қысқы, қысқарту, қысу;
Сөздің
аналитикалық
формасын
синтетикалық
формадан
ажыратыңыз: мая-мая, қызылша, басқыш, қызыл алма, жұлдызша, тутұғыр,
айлық, ҚазҰУ, жайдары, темір жол, сары май.
Берілген сөйлемдерден неологизмдерді теріп жазып, оларды
сөзжасамдық сипаты тұрғысынан талдаңыз.
Демек, Қазақстан және оның қанатын кеңге жайған ұлттық компаниясы
ядролық шикізат өндірісінде ғана емес, сонымен бірге, әлемдік сирек металдар
рыногында да көшбасшы болуға талпынып, нақты жоспармен жұмыс істеп
жатыр деуге толық негіз бар.
«Қазақстан» ұлттық арнасынан әр жексенбінің кешінде берілетін «Сыр-
сұхбат» бағдарламасының ендігі тележүргізушісі ‒Жандарбек. «Айқын», 31
шілде, 2014 жыл.
Әрине, тележобалардың дәстүрлі әдеті бойынша, ол кезде бағдарлама
атауы құпия сақталған. «Айқын», 31 шілде, 2014 жыл.
«Мызғымас
бауырластық
‒
2014»
оқу-жаттығуына
Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінен Аэроұтқыр әскерлерінің батальон
басқармасы, десантты-шабуылдау ротасы қатысады. «Ана тілі», 6 тамыз, 2014
жыл.
Марс атмосферасындағы электрондардың ең үлкен тығыздығы шамамен
130 шақырым биіктікте, ғаламшар бетінің орташа деңгейіндегі толық қысымы
6,5 ‒ 2,0 миллибар, яғни жер бетіндегі қысымнан 160 есе аз. «Ана тілі», 6
тамыз, 2014 жыл.
Осыдан алты жыл бұрын Аспанасты елі «Көрікті мекен» дейтін қазақ
халқы жайлы тамаша туынды түсіріп, оны елімізде тұшынып көрген едік.
«Егемен Қазақстан», 12 наурыз, 2011 жыл.
Айтарлықтай табиғи ресурстарға және өор адами әлеуетке ие бола отырып
біздің өңір жаһандық экономикалық үдерістердің және әлемдік геосаясаттың
ажырамас бөлігіне айналып отыр, деп атап көрсеткен Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев. «Егемен Қазақстан», 18 қараша,
2008.
142
Дәстүрлі сән-салтанатпен жүздесу орны болып табылатын дендросаябақта
«Жас жұбайлар» аллеясы пайдалануға берілді. «Қазақ әдебиеті», 29 қыркүйек,
2011.
Достарыңызбен бөлісу: |