Ордабекова Хафиза Арысбайқызы тіл біліміне кіріспе


«От» сөзіне берілген сөздік-мақала негізінде контекстік қосымша



бет91/129
Дата17.10.2023
өлшемі0,73 Mb.
#186199
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   129
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбайқызы-emirsaba.org

«От» сөзіне берілген сөздік-мақала негізінде контекстік қосымша 
семаларын айқындаңыздар. 
Қызуы аса күшті алаулаған жалын.  Ошақтағы от жалындай жанды.
Күш-қуат, қажыр-қайрат, жігер (ауыс). Жүрегінде оты бар ер жігіттер,
Осы жауға аттанып кетпек болды.
От көзді‒жанары өткір, айбатты. От кешіп, мұз төсенді‒өмірдің ащы-
тұщысын көп көрді. Отқа салса жанбайды, суға салса батпайды‒жаны сірі,
мықты. Отқа май құйды‒дау-дамайды өршітті. Отқа салды‒азап тартқызды,
қинады. Отқа табынды‒отты пір тұтып, соған сыйынды. Отымен кіріп, 
күлімен шықты‒есікте жүрді, күң болды. Отымның алды, суымның 
тұнығы‒тұңғыш, ең алғашқы бала, келін. Оты өшпеді‒шаңырағы иесіз
қалмады, аты ұмытылмады. Отпен ойнады‒пәлеге ұрынды. Отқа түсті‒біреу
үшін жанын пида етті. От жүрек ‒ешнәрседен қорықпайтын батыл, қайсар.


139
От ала келгендей ‒өте асығыс жүрген адамға айтылады. От алғалы тұр‒бәле


іздеуге, бүлдіруге дайын тұр. От алып ораққа түсті‒ештеңеден тайынбады.
От ауызды, орақ тісті‒өткір тілді, ділмар, шешен (ҚТС, ).
Маған амандаса келген ауыл адамдары қашан қазан оттан түсірілмейінше
түкіріктерін жұтынып, төр алдында жарбиып, отырып алатұғын әдеттері.
Қызыл оттың ішінен шыбын жанын шүберекке түйіп аман алып шыққан нағыз
бақыттыдай көреді. Термометр айналайын денем от екенін көздеріне шұқып,
көрсетіп берді. Кішірек қоңыр көздерінде жалтылдаған от бар. Сыртта от
жағып, отын жарып, қызмет қылып жүргендердің біреуі сол (Б.Соқпақбаев).
Берілген мәтін негізінде бір лексика-семантикалық топқа жататын 
сөздерді көшіріп жазып, олардың арасындағы парадигмамалық қатынасты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет