Қордың медициналық ұйымдардың рейтингісін қалыптастыру және жеткізушілер қызметінің қорытынды нәтижелерінің мониторингі



бет3/3
Дата16.06.2022
өлшемі31,21 Kb.
#146711
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word
celebrations - exercises 7, .., Тип. программы. физика 10-11 классы, Для практ материал, Орта мән, дисперсия, стандартты ауытқу Бөлім бойынша оқу мақсатN, f60991647872f8
МӘМС ТӨЛЕНГЕН АҚША ҚАЙДА ТҮСЕДІ? МӘМС қорына түскен барлық қаражат Ұлттық банкте сақталады және кейін МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысы осы ақшаның есебінен төленеді.
ЕГЕР ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ҚАРАМАҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНБЕСЕ, ОНДА ҚОРДАҒЫ ҚАРЖЫ ҚАЙТАРЫЛА МА?
Қаржы қайтарылмайды. Жыл бойы бір де бір рет медиицналық мекемеге бармаған жұмысшы үшін қорға төленген қаржы қайтарылмайды. Бұл МӘМС негізгі принципіне қарсы келеді – жүйеге қатысуышлар денсаулық үшін ортақ жауапкершілік алады. Қаржы сақтандырылған өзге адамдардың еміне жұмсалады.

41 Жалғыз сатып алушы моделінің артықшылықтары


-Басқару шығындарының аз болуы.
-Медициналық қызмет көрсетушілердің қызметіне ең аз шығынмен мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету
-Мемлекет кепілдіктері

42. МӘМС қалыптастыру.
Жаңа тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру көптен бері айтылып жүрген мәселе. Денсаулық сақтау саласында жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың болмауы, қаржылық тұрақсыздық және тиімсіз медициналық көмек әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге итермеледі. Азаматтар мен жұмыс берушілер денсаулық сақтауға жауапты емес, сондықтан бар ауыртпалық мемлекетке түседі де, ал адамдар тек тұтынушы ретінде қалады. Қазіргі қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесі мынадай маңызды проблемаларды шеше алмайды: Медициналық ұйымдар арасында пациентке деген талас, бәсекелестік жоқ. Ал медициналық көмекті халыққа қолжетімдімді ету үшін аурухана, емханаларды жалғыз мемлекет қаражыландырады. Бейіне және қуаттылығына, көрсететін медициналық көмектің сапасына қарамастан, медициналық ұйымдар бірдей қаржыландырылады. Ең бастысы – аурухана, емханалар қымбат тұратын емнің қатарын арттыру арқылы барынша көп ақша жұмсауды үрдіске айналдырды.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жҥйесі (МӘМС) - денсаулық сақтау мҥддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жҥйе болып табылады.МӘМС Қазақстанның жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тҧрғылықты жерiне жәнетабысына қарамастан қолжетімділік жасауға кепілдік береді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) - ауру, жарақат алу, туу жағдайларында халықтың тҧрғыда қорғау нысаны.Кӛптеген дамыған елдер мҧқтаждығы артық тҧрмысы тӛмен адамдарға ресурстарды қайта бӛлуге мҥмкіндік беретін МӘМС жҥйесін таңдаған.

43. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, құрылымы және қызмет принциптері.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) – медициналық қызметтерді сатып алу шарттында көзделген көлемі мен шарттарда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау
субъектілері жасайтын аударымдар, жарналар жинайтын, қызметтерді сатып алу оларға ақы төлейтін коммерциялық емес ұйым.
Қор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңбері бойынша қаржылық оператордың және стратегиялық сатып алушы функцияларын атқаратын болады
МӘМС ПРИНЦИПТЕРІ
• ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҒЫ
МӘМС жүйесіне барлық тұрақты тұратын тұрғындар (жалпы қамту) қатысуға міндетті және олардың әрқайсысы жарна төлеуге тиіс (немесе ол үшін мемлекет төлейді)
ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛДІК
Экономикалық белсенді халықтың жарналары төлем қабілеттілігіне, яғни кірістерге байланысты, ал экономикалық белсенді емес жарналар мемлекеттік бюджетті жалпы салықтардан төлейді
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Әрбір сақтандырылған адамның төленген жарналардың сомасына қарамастан, ақы төленетін МӘМС медициналық көмекке құқығы бар

44. ДДҰ ұсынған бірыңғай сатып алушы модельдің артықшылықтары.
Бірыңғай сатып алушы үлгісінің артықшылықтары:
• Ресурстарды мұқтаждығы төмендерден мұқтаждығы жоғары адамдарға қайта бөлген кезде ынтымақтастықтың қамтамасыз етілуі
Бірыңғай медкөмек пакеті және оның елдің әрбір тұрғыны үшін қолжетімділігінің бірдей болуы
• Барлық сақтандыру қауіптерін бір қорға шоғырландыру
• Қаражатты өңірлер бойынша бөлудің және қызмет берушілерден медициналық көмекті сатып алудың бірыңғай қағидалары
• Стратегиялық сатып алу барысындағы келіссөздердің қуаттылығы және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал ету мүмкіндігі
• Мемлекеттік монополияны ұлттық денсаулық сақтау саясатын іске асырудың тиімді құралы ретінде сақтау
• Тиімділігінің жоғарырақ болуы (төмен әкімшілік шығындар

45 Қордағы қаражаттың жинақталуы
Қорда қаржы мемелекеттік қызметкерлердің және жеке кәсіпкерлердің немесе өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың  жалақысы есебінен жиналады
жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлер үшін 2017 жылдың шілдесінен бастап жарна төлеп келеді. 2020 жылы аталған санат өз қаражаты есебінен әр қызметкердің жалақысынан 2% аударады.
Қалған санаттардың барлығы жарна аударуға биылдан бастап кірісті. Соның ішінде:
– Жалдамалы жұмысшылар – жалақының 1% (жұмыс беруші айлық жалақыдан ұстап, Қорға аударып отырады);
– Жеке кәсіпкерлер – 1,4 ең төменгі жалақының 5% (ай сайынғы төлем – 2975 теңге (ЕТЖ – 42 500 теңге) төлейді;
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталып МӘМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Ұлттық банкте жинақталған жарнаның сақталуына Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет