39 Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының функциялары
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры келесі функцияларды атқарады:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясындағы медициналық қызметке төлем жасау жөніндегі қаржылық оператор.
МӘМС аясындағы медициналық қызметтер пакетінің стратегиялық сатып алушысы
МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек амбулаторлық және стационарлық жағдайда тегін көрсетіледі. Оған профилактика, диагностика, аурулар мен жағдайларды емдеу, жүктілікті бақылау, медициналық манипуляциялар кіреді.
Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке арнайы әдістерді қолдануды және күрделі медициналық технологияларды қажет ететін профилактика, диагностика және емдеу шаралары кіреді.
Жедел медициналық көмек шұғыл және күттірмейтін жағдайларда медициналық ұйымдардан тыс, ал шұғыл медициналық араласуды қажет ететін жағдайларда (келеңсіз жағдайлар, жарақаттар, улану, күрделі науқастардың кенеттен асқынуы) амбулаторлық немесе стационарлық жағдайда көрсетіледі.
Жоспарлы медициналық көмек стационарлық жағдайда пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар кезінде көрсетіледі.
Дәрілік қамтамасыз ету – амбулаторлық-емханалық көмек көрсету кезінде.
Мейірбикелік күтім – ауру салдарынан өз-өзіне қызмет ете алмайтын, бөгде адамның әрдайым күтіміне немесе қарауына мұқтаж тұлғаларға.
Паллиативтік көмек – жазылмайтын, өміріне қауіп төндіретін, ауру барысы ауыр науқасқа шалдыққан пациенттің өмір сапасын барынша жақсартуға бағытталған.
40. Әлемдік тренд: неге жалғыз қор?
Ешкімде жеке шот болмайды, қордағы ақша бәріне ортақ. Медициналық сақтандыру жүйесіне төленетін ең жоғарғы жарна - айына 5 мың теңгеден аспайды, оны 12 айға көбейтсек, жылына 60 мың теңге. Кез келген адам ауырып қалуы мүмкін. Мысалы, пневмонияны стационарлық емдеу құны 97- 98 мың теңге. Сіздің жылдық төлеміңіз, тіпті қарапайым пневмонияны емдеу жеткіліксіз. Сондықтан барлық ақша қорға түседі және медициналық қызметтер сақтандырылған азаматтар үшін, олардың жарнасының көлеміне қарамастан сатып алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |