Органическая химия


Номенклатура. Карбон қышқылдарының



бет18/33
Дата02.11.2022
өлшемі0,79 Mb.
#156194
түріМетодические указания
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
СРСП новый

8.1 Номенклатура. Карбон қышқылдарының
физикалық қасиеттері

Карбон қышқылының басым көпшілігі тұрақты, суда ерімейтін калций не барий тұздары күйінде оңай бөлінеді. Олардың көпшілігі ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIХ ғасырдың басында ашылған. Олар көбіне табиғи қосылыстардан алынған да , солардың атына сәйкес аталып кеткен.


Номенклатураның ержесіне орай, алифатты қышқылдарды оларға ұқсас көмірсутек атауларымен айта беруге болады. Сірке қышқылын алайық – CH3 COOH. Ол, негізінде екі көміртек атомының тізбегінен құралған. Оны этаннан алуға болады, яғни болмаса, оның негізі этан қышқылы. Демек, оны этанды қышқыл не жай ғана этан қышқылы деуге болады және солай атайды да. Қышқылдарды рационалды номенклатура негізінде атауға болады. Оған орай кез келген органикалық қышқылды ондағы көміртек санын бірге азайтып немесе метанды негіз етіп алып, сол метанға қанша және қандай орынбасушы жалғанып тұрғанын белгілеп атауға болады. Олай болса, (CH3-COOH) сірке қышқылы метан – карбонды қышқыл (метанды карбон қышқылы), ал CH3-CH2- CH2-COOH май қышқылы не бутан қышқылы, 1- пропанкарбон қышқылы деп те аталады.
Алифатты қатардағы бір негізді қышқылдар қатарында (оларды май қышқылдар деп те атайды ), олардың балқу температуратурасы келтірілген.
Жоғарыда өрнектелген қышқыл димері тұрақты. Оның буын жоғары температурада, вакумда қыздырса ғана диссоциацияланады. Мұның себебі әрбір димерде екі сутек байланысы бар, оның біреуі 7 ккал/моль энаргиямен байланысса, екеуі 14 ккал/моль энергиямен байланысады.
Изоқұрылысты қышқылдардың қайнау температурасы оларға сәйкес түзу тізбектіден төмен. Бұл заңдылық алкандар қатарында да байқалады .
Қышқылдардың алғашқылары құмырсқа және сірке қышқылдары суда шексіз ери береді де, ал май қышқылынан бастап нашар ери бастайды. Жоғары қышқылдар (лауриннен бастап онда 12 көміртек атомы бар) суда мүлде ерімейді.
Қышқылдардағы СООН тобының сумен сутекті байланыс құра алатын қабілеті, олардың ерігіштігінің себебі. Демек, қышқылдағы көміртек тізбегі ұзарған сайын СООН тобы бір-бірінен алыстайды. Сутекті байланыс әлсірейді. Жоғары қышқылдар көмірсутектер сияқты эфирде, бензолда, хлороформда т.б. ерітткіштерде жақсы ериді .
Екі негізді, яғни қос карбон қышқылдар қатты зат. Олардағы екі қышқыл қалдығы судағы ерігіштігін арттырады. Құрамындағы көміртек атаомының саны тақ болса, олардың ерігіштігі жұп атомды сутектен жоғарылау болады. Құмырсқа және сірке қышқылдарының мұрын ашытатын, өткір иісі бар. Пропион және т.б. кейбір қышқылдардың иісі аса сүкімсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет