Органическая химия



бет29/33
Дата02.11.2022
өлшемі0,79 Mb.
#156194
түріМетодические указания
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
СРСП новый

12.1 Ақуыздардың құрылысы


1. Байланыстың қай түрі ақуыздардың бірінші реттік құрылысын түзуге қатысады ?


Ақуыздың бірінші реттік құрылысы түзілуі үшін амин қышқылдары қалдықтары бірінен соң бірі белгілі бір ретпен орналасады, олар өзара пептидтік байланыспен байланысып полипептидтік тізбек құрайды.

2. Байланыстың қай түрі ақуыздардың екінші реттік құрылысын құрайды?
Ақуыздардың екінші реттік құрылысы пептидтік тізбектің бойындағы карбониль және амин топтары арасындағы түзілетін сутектік байланыстарға негізделген. Пептидтік тізбектің барлық топтары сутектік байланыспен байланысқанда, тізбек бос энергияның минимумына ие болады және бұл пептидтік тізбектің тұрақты, белгілі бір конформациясы болады. Осы конформацияны екінші реттік құрылыс деп атайды.

3. Ақуыздардың екінші реттік құрылысының қандай түрлері бар?


Е кінші реттік құрылыстың негізгі үш түрі белгілі: α- спираль, β- қатпарлы және реттсіз шүйке тәрізді. Екінші реттік құрылыстың әртүрлі болуы ақуыздардың құрамындағы амин қышқылдарына байланысты. Көбінесе, ақуыз молекуласының 20-дан 80 %-ке дейіні спиралданған (ширатылған), α-спиральдің және β-қатпарлы құрылыстың құрамындағы сутектік байланыстардың көп болуына сәйкес айтарлықтай тұрақты. Ретсіз шүйке түрінде пептидтік тізбек конформациясын өзгертуге бейім келеді.

4. Ақуыздардың үшінші және төртінші реттік құрылыстарын қандай байланыстар түзеді?


Ақуыздардың үшінші реттік құрылысы- бұл кеңістікте бір-біріне жақын орналасқан радикал топтарының өзара байланысы арқылы бір қалыпқа келуі. Үшінші реттік құрылысты түзетін негізгі әлсіз байланыстар: сутектік, гидрофобтық, иондық және берік дисульфидтік байланыс.

5. Ақуыздардың түрлік ерекшелігі дегеніміз не?
Әртүрлі түрлерде бірдей қызмет атқаратын ақуыздардың бірінші реттік құрылысында айырмашылықтары болады. Мысалы : адамның, жылқының, бұқаның инсулиннің бірінші реттік құрылысында 8, 9 және 10-шы орындарда орналасқан амин қышқылдарындағы айырмашылықтар:






8

9

10

Адам

ТРЕ

СЕР

ИЛЕ

Жылқы

ТРЕ

ГЛИ

ИЛЕ

Өгіз

АЛА

СЕР

ВАЛ

Соған қармастан, инсулин белогы барлық түрде бірдей қызмет атқарды.


6. Ақуыздардың бірінші реттік құрылысы мен биологиялық қызметтерінің арасында қандай байланыс бар?
Ақуыздардың амин қышқылдық құрамы бірдей болғанымен, олардың реттік орналасуы әртүрлі болуы мүмкін және соған орай, сан алуан қызмет атқарды. Бірінші реттік құрылыстың аз ғана өзгерісінің өзі ақуыздың қасиеттері мен қызметтерін бұзуы мүмкін. Мысалы: гемоглобин молекуласындағы 6- шы орындағы глютаматтың орнында валин болатын болса, бұл өзгеріс гемоглобиннің оттегіні тасымалдау қызметін төмендетеді, ал эритроциттердің ыдырау жылдамдығы жорғалайды. Мұндай гемоглобин орақ тәрізді клеткалы анемиямен ауыратын науқастардың қанында кездеседі.
7. Ақуыздардың екінші және үшінші реттік құрылыстары олардың қызметтеріне әсер етеді ме?
Екінші және үшінші реттік құрылысы ақуыздардың бірінші реттік құрылысмен өте тығыз байланысты. Бірінші реттік құрылыстың бұзылуы немесе өзгеруі екінші және үшінші реттік құрылысттың өзгеруіне алып келеді. Ал ақуыздардың биологиялық қасиеттері мен қызметтері үшінші реттік құрылыс қалыптасқаннан кейін ғана пайда болады. Ақуыздардың құрылысы туралы ақпарат ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.
8. Ақуыздардың молекулалары өлшемі мен пішіндеріне қарай қалай бөлінеді?
Молекуласының пішініне және ақуыз құрылысының ерекшеліктеріне қарай глобулярлы және фибриллярлы болып екiге бөлiнедi. Глобулярлы ақуыздардың пiшiнi дөңгелек, ұзындағы мен енiнiң қатынасы 1:50-ден аспайды. Фибриллярлы ақуыздар ұзынша келген, олар жiп тәрiздi агрегаттар-фибрилдер түзуi мүмкiн (1:100 және 1:1000)
9. Ақуыздардың қандай физико-химиялық қасиеттерi бар?
Әрбiр ақуыздың амин қышқылдық құрамына және құрылысына байланысты, өзiне тән физико-химиялық қасиеттерi болады. Олардың қатарына:
а) жоғарғы молекулалық салмақ б)буферлiк
в) ерiгiштiк г)тұнбаға түсу
д) амфотерлiк е)гидратация
ж) коллоидтық және осмостық з)гель түзүге қабiлеттiлiгi
10. Ақуыздар нелiктен амфотерлiк қасиет көрсетедi?
Ақуыздардың амфотерлiк қасиеті – ақуыз құрамындағы радикалдарының иондану дәрежесiне байланысты. Иондануға қабiлеттi топтар: карбоксил және амин топтары. Амин топтары оң зарядталған (-NH2+ Н+-NH3+), сондықтан олар ақуызқа негiздiк қасиет бередi. Ақуыздардың негiздiк қасиеттерi: лизин, аргинин, гистидин сияқты амин қышқылдарына тәуелдi. Карбокси-топтар терiс зарядталған (-СООН  СОО-+), сондықтан радикалдарына –СООН тобы бар глутамин және аспарагин қышқылдары ақуыздарға қышқылдық қасиет бередi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет