Органическая химия



бет10/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
СРСП новый

Қосылу реакциясы. Гидрлеу (сутегін қосу). Алкендер катализатор (Рt немесе Pd) қатысында, қалыпты температурада қаныққан көмірсутектерге айналады:
кат


Гидратация реакциясы (суды қосу реакциясы). Катализаторлар қатысында (конц. Н2SO4, ZnС12, А12О3 және т.б.) алкендер су молекуласын қосып спирттер түзеді. Бұл реакция Марковников ережесіне сәйкес жүреді:

СН3 – СН = СН2 + НОН → СН3 – СНОН – СН3


пропилен пропанол
300°С, р
СН2 = СН2 + НОН → СН3 – СН2ОН
кат
Алкандарды алкендермен алкилирлеу. Алкилдеу – бұл көптеген органикалық қосылысттарға әртүрлі көмірсутек радикалдарды (алкилдерді) енгізу реакциясы. Алкилдеуші зат есебінде галогеналкилдерді, қанықпаған көмірсутектерді, спирттерді және т.б. пайдаланады. Мысалы, концентрлі күкірт қышқылы қатысында изобутанды изобутиленмен алкилдеу реакциясы:

СН3 СН3 СН3 СН3


׀ ׀ ׀ ׀
СН3 – СН + СН2 = С – СН3 → СН3 – С – СН2 – СН – СН3
׀ ׀
СН3 СН3
изобутан изобутилен изооктан (2,2,4-триметилпентан)

Алкандарды алкендермен алкилдеу реакциясы жоғарыоктанды компонентті мотор отынын алу үшін қолданылады.


Полимерлену реакциясы. Алкендердің полимерлену реакциясын А.М.Бутлеров ашты. Бұл реакция көмегімен жоғары молекулалаы қосылыстарды алады. Мысалы:

nCH2 = CH2 → [- CH2 – CH2 -]n


этилен полиэтилен
Тотығу реакциясы. Алкендер тез тотығады. Түзілетін өнімдер, және олардың құрылысы негізінен бастапқы зат – алкеннің табиғатына және реакцияны жүргізу шартына байланысты.
Этиленнің жану реакциясын (ауада қуатты және толық тотығу процесі) төмендегі теңдеумен көрсетуге болады:
CH2 = CH2 + 3О2 → 2СО2 + 2Н2О

Этиленге сұйытылған КМnО4-пен әсер еткенде және қыздырғанда қос байланыс үзіледі:


CH2 = CH2 + 4КМnО4 → 2СО2 + 4МnО2 + 4КОН






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет