2.2.1 Химиялық қасиеттері Олефиндердің химиялық қасиеттерін қос көміртегі-көміртегі байланыстары анықтайды. Қос байланыстарға әртүрлі реагенттермен әсер еткенде π-электрондардан түзілген (π-байланыс) әрі әлсіз, әрі реакцияға қабілетті байланыс үзіледі. Оның себебі,оны түзетін π-электрондар электрофильді реагенттерге неғұрлым ыңғайлы. Қос көміртегі-көміртегі байланыстарына қосылу көп жағдайда электрофильді сипатта (АЕ) болады; бұл жағдайда қос байланыс электрондар доноры болып, нуклефильді қасиет көрсетеді.