1.4 Физикалық қасиеттері
Кестеден қалыпты құрылысты кейбір метан көмірсутектері өкілдерінің негізгі физикалық қасиеттері олардың молекулаларының құрамына байланысты. Молекулалық массалаларының артуы қайнау және балқу температураларының және тығыздығының өсуіне әсер етеді.
1.5 Химиялық қасиеттері
Қаныққан көмірсутектерде барлық атомдар бір бірімен берік σ –байланыстар, ал көміртегі атомдары сутегімен толықтай қаныққан. Сондықтан қаныққан көмірсутектер қосылу реакциясына түспейді. Олар қалыпты жағдайда жоғары химиялық инертті. Сондықтан қаныққан көмірсутектерді парафиндер (латын тілінде parum affinis - аз ұқсастық) деп атайды.
Қаныққан көмірсутектердің негізгі қасиеттері жеткілікті жоғарғы энергия (қыздыру немесе УФ-сәулесі) әсерінен жүзеге асады.
Қаныққан көмірсутектерге химиялық реакцияның негізгі екі типі тән:
С – Н байланысының үзілуі мен сутегінің орың басу реакциясы;
С – Н –пен қатар С – С байланыстарының үзілуі әсерінен молекулалардың ыдырау реакциясы.
Орын басу реакциясы.
Ыдырату реакциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |