АШЫҚ ЖӘНЕ ЦИКЛДІ ФОРМАЛАР
Моносахаридтер тек ашық формасында ғана емес,циклді формада да болады.Бұл екі формасы таутомерлік формалары болып табылады. Ашық формасына альдегидтік немесе кетондық топ тән.Циклді формасында мұндай топтар болмайды.Циклді формасы бесінші (С5 ) көміртегі немесе төртінші көміртегі (С4) атомына тиесілі гидроксил тобындағы сутегі атомының карбонил тобындағы оттегі атомына қосылуынан түзіледі.Нәтижесінде жаңадан гидроксил-гликозидтік немесе жартылай ацеталды гидроксил пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |