Органикалық синтез



бет1/21
Дата19.12.2021
өлшемі102 Kb.
#103506
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Химич синтез ТУП


Органикалық синтез
Түсініктеме
Органикалық синтездің практикумы органикалық химия курсы мен кіші практикум толық біткен соң жүргізіледі. Ол студенттердің органикалық химияны оқуын аяқтайды.

Бағдарлама педагогикалық мамандықтағы студенттерді препаратты синтездеуді үйрету мақсатында құрастырылған.

Практикумға жұмыстың екі түрі енгізілген:

а) органикалық препараттарды синтездеудің белгілі санын орындау, б) тәжірибелік жұмыстарға сәйкес тақырыптағы теориялық материалдарды оқыту.

Студенттер синтезді әр қайсысы жеке орындайды. Тәжірибелік жұмыс жасауда студенттердің синтездеу әдістерінің әр түрімен танысуы және оны меңгеру үшін қажетті тапсырмаларды оқытушы дайындайды.

Теориялық бөлімде органикалық қосылыстарды алу әдістеріне қатысты сұрақтар қарастырылады. Реакциялардың механизмдерін сипаттауға көп көңіл бөлінеді. Қосымша реакциялардың мүмкіндіктері мен оларды жою қарастырылады. Тәжірибелік жұмысты теориямен байланыстыруы студенттердің жұмысты ойланып орындауына мүмкіндік береді.

Бағдарлама бес негізгі және бір кіріспе тақырыптардан тұрады.

Кіріспеде химиялық лабораторияда қауіпсіздік сақтау ережелерімен және тәжірибелік жұмысты орындауда қолданылатын маңызды реакция механизмдері бойынша жіктеледі. Бұл материалды оқытуды жеңілжетеді. Орындалатын синтездің жалпы саны лабораториялық практикумға бөлінген сағат санына байланысты бесеуден кем болмауы керек.

Дәрісте (60-10 сағат) органикалық заттарды анализдеу мин синтездеу айласындағы жаңа жетістіктер, органикалық синтездің негізгі стратегиясы, аса күрделі теориялық сұрақтар қарастырылады. Дәрістік курстың тақырыбы ұсынылған бағдарлама негізінде дәріс берушінің қалауы бойынша таңдалады. Теориялық сұрақтардың біразын студенттерге өзіндік жұмыс ретінде ұсынуға болады.

Әр тақырып бойынша студент бір немесе екі жеке синтез орындайды, теориялық бөлімі бойынша коллоквиум тапсырады. Коллоквиумның орнына жазбаша бақылау жұмысын орындауға болады.



Кіріспе
Органикалық синтез лабораториясындағы жұмыс кезіндегі қауіпсіздік сақтау ережелері: Лабораториядағы жұмыс жүргізудің жалпы ережелері. Минералды және органикалық қышқылдармен, және негіздерінен жұмыс жасау ережелері. Улы заттармен, жарылғыш, жанғыш және ұшқыш затармен жұмыс жасау ережелері. Газ баллондары мен шынымен жұмыс жасау ережелері.

Күйгендегі, уланғандағы көрсетілетін алғашқы көмек.

Термиялық және химиялық күйіктегі, бром, хлорм және басқа химиялық заттардың буымен уланғандағы көрсетілетін алғашқы көмек. Шыны кәсіп алғандағы көрсетілетін алғашқы көмек. Өздігімен жанған жерді және жанған киімді өшіру.

Лабораториялық жұмыс техникасы. Лабораториялық ыдыс және аспаптар. Колбалардың түрлері. Тамшылайтын және бөлінетін воронкалар. Дефлегматорлар, Тоңазытқыштар. Араластырғыштар. Қыздырғыштар. Шлифтелген ыдыстар.

Араластыру. Қыздыру және суыту, суытушы қоспалар. Маңызды органикалық еріткіштер және оларды тазалау. Этил спиртін абсолюттеу. Органикалық сұйықтықтарды судан тазалау. Қатты заттарды кептіру әдістері (ауада, кептіргіш шкафта, эксикаторда және вакуум – эксикаторда, кептіргіш тапаншадан). Газдарды кептіру. Жиі қолданылатын кептіргіштер. Әдеттегі және төменгі қысымда сүзу.

Органикалық заттарды бөлу және тазалау әдістері. Сұйық және қатты заттардың экстракциясы. Эктсракцияға қажетті аспаптар. Айдау әдістері. Атмосфералық қысымда айдау. Фракциялық (бөлшектік) айдау. Су буымен айдау. Сұйық ваккуумда айдау. Судан және органикалық еріткіштерден қатыт заттарды қайта кристалдау арқылы тазалау. Еріткішті таңдау. Вазгонка (сублимациялау). Хроматография. Адсорбциялы хроматография. Колонкалы, жұқақабатты және таралу хромотографиясы.

Органикалық қосылыстардың маңызды тұрақтыларын анықтау. Балқу және қайнау температураларын анықтау. Сұйықтық тығыздығын анықтау. Сын көрсеткіші.

Жұмыс дәптерін жүргізу. Жұмыс дәптерінде жазу формалары. Синтезді есептеу. Синтездің жоспары. Алынған өнімнің тұрақтыларын анықтау және шығымын есептеу. Есеп беру.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет