Органикалық заттар және олардың жіктелуі



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі33,42 Kb.
#81813
1   2   3   4
Байланысты:
3дәріс 2курс

Коваленттік байланыс. Екі не одан да көп атомдардың арасында жұп электрондар болса, байланыс пайда болады. Демек, екі атом орбитальдарының бүркесуі арқылы түзілетін байланысты коваленттік байланыс деп атайды:
А∙ + ∙В → А:В

Сутектік байланыс коваленттік байланысқан сутек атомымен екінші молекуланың бос электроны арқылы түзіледі. Бұл байланыстың энергиясы аз, 3 - 10 ккал/ моль, сондықтан мұндай байланыстар тез үзіледі, бірақ заттың физикалық қасиеттеріне әсері болады.
Органикалық реакциялардың түрлері
Органикалық қосылыстардың химиялық өзгерістері бағыттылығымен, жылдамдығымен және механизімен сипатталады.
Органикалық қосылыстардың реакциялары көбінесе екі бағытпен жүреді. Реакция бағыты заттың құрамына, құрылысына, сонымен бірге сыртқы жағдайларға тәуелді. Реакция бағыты химиялық реакциялардың жалпы теориясы негізінде шешіледі.
Екі заттың арасында реакция жүру үшін олар соқтығысулары қажет, бірақ реакция жүруі үшін олардың энергиялары реакция жүруіне қажет энергиядан (реакцияның активациялық энергиясынан) жоғары болуы керек.
Органикалық өзгерістер көміртегі тізбегі өзгеріп не өзгермей жүреді. Көптеген реакцияларда көміртегі тізбегі (қаңқасы) өзгермейді, бұл жағдайға мына реакциялар жатады: орын басу, қосылу, элимирлену (бөліп алу), изомерлену.
Көміртегі қаңқасы өзгере жүретін реакцияларға: тізбектің ұзаруы (орын басу және қосылу реакциялары арқылы), тізбектің қысқаруы (крекинг және изомерлену), тізбектің изомерленуі, циклдену, циклдің ашылуы, циклдің сығылуы және кеңеюі жатады.
Ионның қатынасында жүрген реакцияны иондық механизм бойынша деп атайды. Шабуыл жасайтын реагенттің табиғатына байланысты иондық реакциялар электрофильді және нуклеофильді болып бөлінеді.
Реакцияға қатысатын реагент өзінің электрон жұбын байланыс түзуге басқа молекулаға берсе, оны нуклеофильді (электродонорлы) реагент деп атайды.
Нуклеофильдің қатысында жүретін реакцияларды нуклеофильдік реакциялар деп атайды, Nu деп белгілейді.
Мысалы: Rδ+→Хδ- + :Nu- → R - Nu + :Х- нуклеофильдік орын басу реакциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет