Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының
«Циклды қосылыстардың химиясы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
пп
Сұрақтар
блок
1
Циклоалкандар. Изомериясы. Спиро және бициклдердің құрылысы жайлы түсінік.
Циклоалкандардың конформациясы. Циклдердің тұрақтылығын Байердің кернеу
теориясымен түсіндіріңіз.
1
2
Циклоалкандарды синтездеу әдістері. Негізгі реакциялар. Кижнер реакциясы.
Лебедев реакциясы. Бициклдерді синтездеу жолдарына тоқталыңыз.
1
3
Ароматты көмірсутектер. Бензолдың құрылысы. Ароматтылық қасиеттері. Хюккель
ережесі. Ароматтылық туралы қазіргі кездегі көзқарас. Ароматты иондар. Мебиус
ережесі. Аннулендер жайлы түсінік беріңіз.
1
4
Ароматты қосылыстарды синтездеудің негізгі
өндірістік және зертханалық
жолдары. π-электрондарға байланысты ароматты
сақинаның электрофильді
реагенттердің шабуылына ыңғайлығы мен электрофильді
реакцияның негізгі
сатыларын сипаттаңыз.