Организмдегі заттек және энергия алмасуы


Организмнің энергия шығындары



бет3/5
Дата12.02.2023
өлшемі33,49 Kb.
#168403
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 сабақ Заттек және энергия алмасуы

1.2 Организмнің энергия шығындары
Адам бойындағы энергия шығыны реттелмейтін және реттелетін болып 2-ге бөлінеді. Реттелмейтін энергия шығынына- негізгі алмасу және тамақтың өзіне тән динамикалық әрекеті жатса, ал реттелетін түріне бұлшық ет қызметіне жұмсалатын энергия шығыны жатады.
Негiзгi алмасу (базальды зат алмасу) – адамға барынша тыныш күйде тiршiлiк етуге қажеттi энергияның ең аз мөлшерi. Мұндай алмасу әдетте жайлы жатып, ұйықтаған кезде өтедi. Ол көбiнесе дене еңбегiмен шұғылданатын “стандартты” еркекке (жасы 30-да, салмағы 65 кг) немесе “стандартты” әйелге (жасы 30, салмағы 55 кг) шамалап есептелiнедi. Негiзгi алмасу стандартты еркекке орта есеппен 1600 ккал, әйелде 1400 ккал-ға тең. Ол адамның жасына, дене салмағына, тұрмыстық сыртқы жағдайларына адамның жеке ерекшелiктерiне байланысты. Үнемi күшке түсетiн дене еңбегiмен шұғылданатын адамдарда негiзгi алмасу едәуiр (30 пайыз) көбiрек болады.
Тамақтың термиялық (өзiне тән динамикалық) әрекетi – ғалымдар ешқандай бұлшық ет белсендiлiгi болмағанның өзiнде тамақты қорытуға энергия жұмсалатынын анықтады. Бұл орайда белоктарды қорытуға энергия бәрiнен көп жұмсалады, нәруыздар ас қорыту жолына түскен кезде негiзгi алмасуды 30–40%-ға, майлы ас ішкенде 4–14%-ға, ал көмiрсулы тағам 4–7%-ға арттырады. Тiптi шәй мен кофенiң өзi негiзгi алмасуды 8% көтередi. Тамақтың құрамы әр түрлi болып, қабылданатын тағамдық заттар ең оңтайлы мөлшерде болғанда негiзгi алмасу орта есеппен 10–15 пайызға артады деп есептелiнедi.
Бұлшық ет қызметiне энергияның жұмсалуы – дене қызметi энергия алмасуға едәуiр ықпалын тигiзеді, егер адамның салмағы стандартты салмақтан артық болса, соған сәйкес энергия жұмсалуы артады, кем болса, оған сәйкес кемидi. Энергияның жұмсалуы айналысатын жұмыс түрiне тiкелей байланысты. Мысалы, шахтер, металлургтер, жер қазушылар кәсібіне байланысты көп күш жұмсайтындықтан, энергияны көп жұмсайды, ал ой-еңбегiмен айналысатын адамдар қимылы аз болғандықтан, аз жұмсайды. Демек олардың iшетiн тағамы да осы шығындардың орнын толтырып, қамтамсыз етуi тиiс. Жасы 18-ге толмағандар мен 60-тан асқан егде адамдарда энергияның жұмсалуы азырақ: мұның өзi балаларда дене салмағының аз болуы, ал егде адамдарда алмасу үрдістері мен қызметi қарқындылығының төмендеуiнен болады. Адамның қалыпты тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн, осы ерекшелiктердi де ескере кеткен жөн.
Энергия шығынын анықтау үшін әр түрлі лабораториялық және есептеу әдістері қолданылады. Лабораториялық әдістерден тікелей және тікелей емес калориметрия әдістері қолданылуы мүмкін. Дуглас–Холден, Шатерников–Молчанов, және т.б. әдістері бойынша өндірілген газ алмасуды зерттеу кең тарады. Бақылауға алынған адамдардың әр іс - әрекет түріне кеткен уақытты тіркеу және нақты есептеуге мүмкіндік беретін хронометраж әдісі кең таралған. Хронометраж мәліметтері мен энергия шығыны кестесі мәліметтері негізінде әр түрлі жұмыс түрлерінде әр түрлі мамандықтағы адамның тәуліктік энергия шығынын нақты анықтауға болады. Энергия шығыны кестесі әр түрлі еңбек іс - әрекетінде, демалуда, үй жұмыстарында, қосымша физикалық жүктемеде және т.б., осы немесе басқа іс - әрекетте өндірілетін уақыт бірлігінде энергия шығынын нақты зерттеу және есептеу негізінде құралады. Энергия шығынын уақыт бірлігінде (мин,сағ.) анықтаудан басқа 1 кг дене салмағына немесе адамның орташа дене салмағына (ерлер – 70 кг, әйелдер – 60 кг.) есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет