Қоры басып шығАРҒан «ОҚУҒа тиіс 10 кітап»



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата23.02.2023
өлшемі241,44 Kb.
#169881
түріМазмұндама
1   2   3   4
Байланысты:
Илон Масктің өмір жолы Мазмұндама қоры
2 5190410411769334363, LBSPJXCJPITA08122022173145
АУҚЫМДЫ ОЙЛАҢЫЗ, МҮМКІН ЕМЕС НӘРСЕНІ ОЙЛАҢЫЗ, СОДАН 
КЕЙІН ОНЫ ІСКЕ АСЫРЫҢЫЗ 
Маск кандай істі қолға алса да әрдайым жанынан табылған Браун бірде оған 
еңбекақысын компаниядағы басқа жетекшілер алатын жалақы деңгейіне 
көтеруді айтып өтініш білдіреді. Сол сәтте Маск оны екі аптаға демалысқа 
жібермек болады да, өтінішінің қаншалықты орынды екендігін білу үшін ол 
істейтін жұмыстың бәрін өзі атқара тұруға уәде береді. Алайда Мэри Браун 
демалыстан оралғанда компанияға өзінің енді қажет емес екенін біледі. 
Ал жақындары болса Маск шындап келгенде өте мейірбан әрі қамқор адам 
дегенді айтады. «Илон жұмысы қанша тығыз болса да әрдайым үйге ерте 
келіп, отбасымен кешкі асын ішуге және балаларымен бірге компьютер 
ойнауға тырысады», дейді оның осы қасиеттерін ерекше бағалайтын екінші 
зайыбы Талула Райли. 
МҮМКІН ЕМЕС ДЕП ҚОРЫҚПАҢЫЗ! 
Бұл кітапты жаңадан бизнес бастағысы келгендердің бәрі міндетті түрде 
оқып көруі керек. Бүкіл әлемге әйгілі кәсіпкердің өмірінен алынған мұндағы 
мысалдар істі неден және қалай бастауды көрсетіп қана қоймай, сізді бұрын 
мүмкін емес болған шаруаларды атқаруға итермелейді. 
Илон Маск ешкімге ұқсамайтын адам. Ал оның адамзатты сақтап қалуға 
деген ұмтылысы менмен әрі қиын мінезімен үйлесіп жатқанын көргенде 
амалсыз қайран қаласыз. Өзі туралы елдің не ойлайтынына көңіл бөлмейтін 
Илон жаңа технологияны ғажайып биіктерге көтеру үшін барын салып 
ізденіп, аянбай еңбек етуде. Оның компаниялары атқарып жатқан ауқымды 
жұмыстар адамзат өркениетінің өрісін одан әрі кеңейте түсетіні сөзсіз. 
Өзгелер қате санаса да, Маск өзінің болашақ жайлы ой- қиялына қалтқысыз 
сенеді. Оның ғарыш индустриясы мен электротехникалық өнеркәсіпте
жасыл энергия индустриясы мен басқа да салаларда ойға келмейтін 
жетістіктерге жеткені де сол мақсаткерлігі мен құштарлығының және 
мызғымас сенімінің арқасы. 


Егер де көкейіңізге әлдебір идея келсе және ол қаншалықты ақылға 
сыйымсыз болса да алаңдамаңыз. Марсқа тышқандарды аттандырған, Ferrari-
дің өзін басып озатын электромобильдер жасаған және бір әйелмен бірнеше 
рет некеге отырған Илон Масктің өмір жолына қараңыз. Одан артық 
таңғаларлық өмірбаян жоқ шығар. Ендеше сіз де ауқымды ойлаңыз, мүмкін 
емес нәрсені ойланыз, содан кейін оны іске асырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет