Қоры басып шығАРҒан «ОҚУҒа тиіс 10 кітап»



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата23.02.2023
өлшемі241,44 Kb.
#169881
түріМазмұндама
1   2   3   4
Байланысты:
Илон Масктің өмір жолы Мазмұндама қоры
2 5190410411769334363, LBSPJXCJPITA08122022173145
ЖАҢА БИЗНЕС ЖӘНЕ ЕBАУ-МЕН КЕЛІСУ 


Compaq Computer-ден тапқан ақшасына Маск McLaren спорттық автокөлігі 
мен пәтер және шағын ұшақ сатып алды. Қалған қаражатты өзінің келесі 
бизнесі - онлайн-банк ашуға жұмсады. 1999 жылдың наурызында доменді 
тіркеп, X.com компаниясын ашты да, бағдарламалық жабдықтама 
жасаушыларды жұмысқа ала бастады.
Ол кезде кез келген адам онлайн сауда жасай алмайтын. Себебі бұл жүйенің 
қалай жұмыс істейтінін жұрт білмейтін. Соған Маск бұл істе де тамаша 
жетістікке жетті. Ол Barclays Маску қаржы конгломератымен белсенді түрде 
жұмыс істей отырып, Х.com-ды әлемдегі алғашқы онлайн-банктердің біріне 
айналдырды. Бұл онлайн-банк өз клиенттерін Депозиттерді сақтандыру 
жөніндегі федералдық корпорация (FDIC) қызметімен де қамтамасыз етті. 
X.com-ның бұл жетістігі осы саладағы өзге компаниялардың назарына 
ілікпей қалмады. Содан бірнеше ай өткенде бәсекелес те пайда болды. Ол 
Макс Левчин мен Питер Тиль бірлесіп құрған Confinity компаниясы болатын. 
Олар Confinity платформасын Palm Pilot қалта компьютерлерінің иегерлеріне 
арнап жасаған еді. Яғни осындай мобильді құралдары бар адамдар 
мәліметтерді жіберуге арналған инфрақызыл портты пайдалана отырып, 
төлем жасай алатын. Бірақ Левчин мен Тиль көпке бармай-ақ өз 
рыноктарының соншалықты үлкен емес екендігін түсінді. Осыдан соң олар 
электронды пошта арқылы ақы төлеу әдісіне көшті. Бұл сервис көпшілік 
арасында PayPal деген атпен танылды. 
Әрине, бастапқыда бәсекелестер арасында келіспеушіліктер де болды. 
Дегенмен ақырында олар өзара мәмілеге келіп, күш біріктіруді жөн көрді. 
Өйткені Confinity-дің қолында тартымды төлем жүйесі (PayPal) болса, X.com-
ның қолында ақша мен танымал банк өнімдері бар еді. 
Аталмыш екі компанияны біріктіру шарасы 2000 жылдың наурыз айында 
жүзеге асты. Әйткенмен қарқынды дамып кете алмады. Өкінішке орай, Илон 
Маск бұл жолы да өз компаниясында жүріп өгей баланың күйін кешті. Оның 
себебі компаниялар біріккен кезден бастап-ақ басшылардың арасында 
келіспеушілік бел алды. Содан екі ай өткенде Тиль өз еркімен қызметінен 
кетті. Іле-шала Левчин де қызметтен бас тартатынын мәлімдеді. Осылайша, 
екіге бөлінген кәсіпорынды басқару Маск үшін оңайға 
соқпады. Әріптестерінің басым бөлігі PayPal-ды артық көргеніне қарамастан 
ол қайткен күнде айтқанын істеп, X.com брендін дамытуға тырысты. Оған 
қоса компьютер жүйесі де қайта-қайта істен шығып, сайттың жұмысы жиі 
тежеле берді. 
Дәл осы тұста Кремний алқабының тарихындағы аса қитұрқы төңкерістердің 
бірі орын алды. Илон мен Жюстин үйленген кезде жас жұбайлар саяхатын 
кейінге қалдырған болатын. Илон өзінің зайыбымен бірге осы саяхатқа 
аттанған сәтте компаниядағы атқарушы директорлар директорлар кеңесіне 
өтініш жасап, Маскты қызметтен босатып, Тильді бас директор лауазымына 


тағайындауды талап етті. Директорлар кеңесі олардың ұсынысына қолдау 
білдіріп, Тильді бірінші басшы қызметіне тағайындады. Ал Маскты кеңесші 
қызметіне ауыстырды. 
2001 жылдың маусымында Х.com-ның атауы PayPal болып өзгертілді. 
Қарқынды дамыған компанияның жыл сайынғы табысы 240 миллион 
долларға жетті. PayPal-дың бұл жетістігі аса ірі бизнес құрылымдарының 
назарын аударды. 2002 жылдың шілде айында евау корпорациясы 
компанияны 1,5 миллиард долларға сатып алды. Сөйтіп, екінші компаниясын 
да сәтімен сатқан Илон Маск шамамен алғанда 250 миллион долларға жуық 
табыс тапты. 
 
ҒАРЫШ ИНДУСТРИЯСЫ 
Осыдан кейін Маск өзінің бар ынта-ықыласын әу бастағы арманы ғарышты 
зерттеу ісіне аударды. Сол үшін отбасын алып ғарыш өнеркәсібінің орталығы 
орналасқан Лос-Анджелес қаласына көшіп барды. 
XX ғасырдың соңында құрылған Марс қоғамы (Марс ғаламшарын игеруді 
мақсат тұтқан коммерциялық емес ұйым) бұл кезде осы ғаламшарда тіршілік 
ету мүмкіндігін зерттеумен aйналысып жатқан. Олар алдымен ғаламшардың 
орбитасына тышқандарды жіберіп көрмек болды. Бұл бастаманы қызу 
қолдаған Маск жануарларды орбитаға емес, тікелей ғаламшардың өзіне 
жіберуді жөн санады. Марс қоғамы, сонымен қоса ғаламшарға роботтың 
көмегімен жұмыс істейтін шағын жылыжайды жеткізіп, өсімдіктер үшін 
сондағы топырақты қолдануға ұсыныс жасады. 
Марсты игеру идеясына қатты қызыққан Маск көп ойланбай- ақ осындай 
жобаларға арналған ғарыш кемесін жасату ісін қолға алды. Сөйтті де, 
алдымен аэроғарыш өнеркәсібінде қолданылатын зымырандарға қарағанда, 
шағын жерсерігін орбитаға шығара алатын орта көлемді зымырандардың 
бағасы арзандау болатынын анықтады. Осы мәселені бірнеше ай бойы 
зерттеп көргеннен кейін іске көшкен Маск 2002 жылдың маусымында Space 
Exploration Technologies (SpaceX) компаниясын құрды. Бұл кәсіпорын 
авиация саласындағы South-West Airlines компаниясы сияқты ғарышқа жүк 
тасымалдау саласындағы танымал бюджеттік кәсіпорынға айналуы тиіс деп 
шешті ол. Лос- Анджелестен ғимарат сатып алған компания коммерциялық 
зымырандарды құрастыру жұмыстарына кірісті. 
Маск бастапқыда компанияның алдына іске аспайтындай аса ұшқары 
талаптар қойды. Ол бірінші саты қозғалтқышын жасау жұмыстарын 2003 
жылдың мамырына қарай; екінші саты қозғалтқышын маусымға қарай; 
зымыранның басты қаңқасын шілдеге қарай бітіреміз, ал толығымен 
құрастыруды қыркүйекте аяқтаймыз деп жоспарлады. Сөйтіп, қараша айында 
зымыранды ұшырамыз деп ойлады. Алайда істің бәрі ол ойлағандай жүйелі 
бола қойған жоқ, жұмыс кестесіне жиі-жиі өзгерістер енгізіліп отырды. 
SpaceX жобасына Маск 100 миллион доллар жұмсады. Бұл жобаға ол елдегі 
жетекші оқу орындарының үздік мамандары мен инженерлерін шақырды. 


Жаңа жасалған қозғалтқыштарды сынап көру үшін Техас жерінен арнайы 
сынақ полигонын сатып алды.
Инженерлер құрастырған қозғалтқыштар бастапқыда небәрі бір-екі секунд 
қана жұмыс істеп, қайта-қайта жарыла берді. Дегенмен бірнеше айға 
созылған сынақтардан кейін бұл кемшіліктердің бәрі түзелді. 
Өзінің алғашқы зымыранын сәтті ұшыру үшін SpaceX-ке төрт жылдай уақыт 
қажет болды. Бұлайша үнемі кешіге беру Маскке онша ұнамады. Әйтсе де 
қолға алған істің бәрі ә дегеннен бола қалмайды, сәтсіздіктің өзі де 
жұмыстың бір бөлшегі дегенді ол осы жолы жақсы түсінді. 
Масктын құштарлығы мен қажыр-қайраты елдің бәріне үлгі болды. SpaceX 
2010 жылы Dragon пилотсыз ғарыш кемесін көкке көтеріп, қайтадан жерге 
қондырған алғашқы коммерциялық компания атанды. Ғарыш кемесі Жерді 
екі рет айналып ұшқаннан кейін қонуға арналған аппарат Калифорния 
жағалауына жақын маңға, Тынық мұхитына келіп түсті. 2020 жылға дейін 
SpaceX ұйымдастырған пилотсыз ғарыш сапарларының саны 20-ға жетті. 
TESLA MOTORS 
XXI ғасырдың басында электромобильдер елдің аузына іліге қоймады, атағы 
орташа деңгейде ғана болды. Жұрт оларды көбіне гольф алаңында жүретін 
шағын электр көліктермен салыстырды. Шындығын айтқанда, ол тұста Jaguar 
мен Ferrari секілді қуатты автокөліктердің деңгейі әлі алыста еді. Дегенмен 
бұл жағдай ұзаққа созылмады. Электромобильдерді жасау ісі жылдам қарқын 
алды. Оның қандай дәрежеде дамығанын Е Формуласына 
(электромобильдерге арналған автожарыстар сериясы) қатысатын қазіргі 
болидтерге қараған адам бірден түсінеді. Ал егер осының түпкі мәнісіне 
үңілер болсақ, қуатты әрі сүйікті электромобильдің имиджін қалыптастыруға 
орасан еңбек сіңірген адам Илон Маск екенін көреміз. 
Маск 2003 жылдың күзінде электрокөлік саласында ізденіп, тәжірибе 
жасаумен айналысып жүрген жас инженер Джеффри Брайан Штробельмен 
танысты. Содан кейін көп ұзамай-ақ оған Tesla Motors компаниясын құрған 
Мартин Эберхард пен Марк Тарпеннинг ұсыныс білдірді. Олар спорттық 
электрокөліктер жасауға 7 миллион доллар салатын инвестор қарастырып 
жүргенін мәлімдеді. Жаңа кәсіпорынға қаржы салуға келісімін берген Маск 
оның ең үлкен акционері әрі президентіне айнал- ды. 
Tesla Калифорнияда өзінің кеңсесін ашты. Кәсіпорынның бүкіл қызметіне 
Штробель жетекшілік етті. Күн өткен сайын жұмыс қызып, компания дами 
берді. Жүйелі істің жақсы нәтижесі де ұзақ күттірмеді. 2006 жылы The 
Roadster электрокөлігінің бірінші моделінің прототипі көпшілікке көрсетілді. 
Жаңа спорттық электромобильдің тұсаукесер рәсімі 19 шілде күні өткізілді. 
Салтанатты шараға шақырылған 350 қонақтың арасында танымал 
саясаткерлер, кино жұлдыздары және миллиардерлермен бірге сол тұстағы 
Калифорния губернаторы Арнольд Шварценеггер де болды. Бұл 


тұсаукесердегі мақсат - алғашқы жүз сатып алушының тізімін жасау 
болатын. Сондықтан қонақтарға чек кітапшасын алып, тест-драйв жүргізуге 
және алғашқы электрокөліктердің бірін 100 мың долларға сатып алуға 
ұсыныс жасалды. 
Тест-драйв барысында жаңа көліктің бірқатар кемшіліктері анықталды. Соны 
көре салысымен дереу іске кіріскен Tesla Motors-тың бүкіл командасы оны 
тез арада ретке келтірді. Оған қоса ұтымды ұйымдастырылған жарнама 
шарасының нәтижесі де жаман болмады. Тұсаукесер рәсімінен кейінгі екі 
аптаның ішінде компания 127 электромобильге тапсырыс алды. 
The Roadster электрокөлігін құрастыру жұмыстары бұрын Toyota мен General 
Motors-ке тиесілі болған Фримонттегі Фабрикада жүргізілді. Ол кезде Tesla 
қожайындарының автокөлік жасау ісінен тәжірибесі де жоқ еді. Көп нәрсені 
алғаш үйренуге тура келгендіктен, көліктерді шығару мерзімі де үнемі 
кейінге ысырыла берді. Міне, сондай қиындықтарды еңсере отырып, 
біртіндеп дамыған компания өзінің алғашқы электрокөлігін шығаруға тек 
2008 жылы ғана дайын болды. Бірақ ол тұста The Roadster-ді жасауға кеткен 
жалпы шығын бастапқы бюджеттен бес есе асып, 140 миллион долларға 
жетті. Компанияны құтқарудың жолын қарастырған Илон Маск өзінің жеке 
қорынан бірнеше ондаған миллион доллар қаржы бөлді. Бұл жағдай тек 
содан кейін ғана бір қалыпқа келіп, The Roadster электрокөлігін өндіру 
жұмыстары жолға қойылды. 2012 жылға қарай 2600 машина сатылды. 
Дәл сол жылы Tesla-ның 5 моделі құрастырылып шығарылды. Аталмыш 
модель электрокөліктер тың серпін әкелді. Тұрақты түрде интернетке қосыла 
алатындығының, жүргізушіге ешқандай түймешені баспай-ақ көлікті 
оталдыруға мүмкіндік беретін датчигінің және басқа да қызықты 
опцияларының арқасында бұл модель «дөңгелекті компьютер» деген атауға 
ие болды. 
2012 жылдың қарашасында Motor Trend журналы Tesla Model S-ті жыл 
автокөлігі деп атады. Содан сәл кейінірек бұл электромобильді тарихтағы ең 
үздік автокөлік деп жариялаған Consumer Reports басылымы да, оған 100-ден 
99 ұпай беру арқылы өте жоғары бағалады. Шындығын айтқанда, Америка 
құрлығы сонау 1925 жылы Chrysler пайда болғаннан бері осыншама табысты 
автомобиль жобасын көрмеген еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет