Өлеңдері
Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады.
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін жырлайды, ел үшін оттан да, судан да тайынбай, өмірін қиған ерлерді мадақтайды. Елдік, ерлік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идеясы.
Ақын шығармаларының бір парасы осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспетті «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі – көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау хүн-түркі заманынан қанына сіңген халық рухы есіп тұр.
Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп көрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен, –
деп басталатын өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі, әр сөзінің саф алтындай салмақты мағынасы, елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр.
47.Сүйінбайдың «Сұраншы батыр» туындысының мән-мазмұнын танытыңыз.
Сұраншы батыр– тарихи жыр.Қоқан хандығының Жетісу қазақтарына жасаған зорлығына қарсы бас көтерген Сұраншы батыр ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз–әңгімелер топтамасы.Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған «Сұраншы батыр» жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген қарияның айтуынан жазылып алынды.Қазіргі кезде «Сұраншы батыр» жырлары мен аңыз–әңгімелерінің және Жамбыл поэмасының қолжазба нұсқалары Орталық ғылым кітапханасының қорында және Әдебиет және Өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
Сұраншы(1815 – 1864) – батыр. Ұлы жүз шапырашты ішінде есқожа руынан. Арғы атасы – Қарасай батыр. 1848 – 60 жылдары Қоқан билеушілерінің Жетісу басып кіруіне қарсы күресті. 1864 – 65 жылдары Ресей әскері сапында Ұзынағаштан Сайрамға дейінгі қазақ ауылдарын азат етуге қаты "Сұраншы батыр" тарихи жыр. Қоқан хандығынын Жетісу казақтарына жасаған зорлығына қарсы бас котерген Сұраншы батыр ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз-әңгімелер топтамасы. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған алғашқы "Сұраншы батыр" жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген карияның айтуынан жазылып алынды. Жыр нұсқасы толык болмағанына қарамастан Сұраншының Сайрам түбіндегі соғысы "Сайрам деген қаланың, Жасы менен кәрісін Жау қолынан босатқан" деген жыр жолдары арқылы накышталып, батыр ерлігі тарихи оқиға ізімен баяндалады да, "Қарасайлап" ұран сап, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза табуымен аяқталады. Жамбылдың айтуынан естіген Тәпеке Жарықбасов айтқан "Сұраншы батырдың бала шағы" атты әңгімесінде батыр шыккан Шапырашты руының Сұраншыға дейінгі іпежіресі таратылып, Саурық батыр өлгеннен кейін қырғыз Орман ханның елді талап, күйзеліске үшыратуы, оған қарсы Сұраншы батыр бастаған жігіттер аттанып, халык кегін қайтаруы сөз болады. "Сұраншы батыр туралы" деп аталатын Ыбырайым Бейсенбетұлы мен Рысбай Рүстембекұлы деген кісілердің Жамбылдың айтуынан естіген қара сөз түріндегі аңыз-әңгіме Сұраншы батырдың коқандыктарға қарсы азаттық жолындағы күресінен сыр шертеді. Осы жырлар мен аңыздардың барлығы жыр алыбы Жамбылдың атақты "Сұраншы батыр" поэмасына негіз болғаны бел Жамбылдың хатшысы болған кейде ақын Қалмақан Әбдіқадыр бұл поэманы жыр алыбының өз туынан жазып алған. Осы нұсқа 1938 ж. бастап Жамбылдың барлық жинақтарында басылып келеді.
48. Майлықожа Сұлтанқожаұлының толғаулары,олардың тақырыптық-идеялық мазмұны туралы жазыңыз.
ХІХ ғасыр әдебиеті жанрлық және көркемдік жағынан қайта түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті. Дегенмен Майлықожа ақынның жыраулар поэзиясының дәстүрін мықтап ұстанғанын бәріміз білеміз. Осыған орай «Бес ғасыр жырлайды» жинағында: «Майлықожа ақынның түр жағынан енгізген тың жаңалықтары жоқ. Солай бола тұрса да, ол Шығыс әдебиетінің үлгілерімен жақсы таныс болғандықтан, өз шығармаларының өрісін кеңейтуге, оларға жаңа өрнек, бояу беруге мүмкіншілігі мол екенін аңғарамыз»,- делінген [1,25]. Бұл пікір ақын шығармаларының өзіндік ерекшелігін тағы бір аңғартқандай.
Біз, Майлықожа ақын шығармаларын тақырыбы жағынан былайша топтастыруды жөн көрдік: адамның бойындағы адамгершілік, ізгілік сынды жақсы, жаман қасиеттерді жырлау; дүниенің өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі туралы; адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу; еңбек туралы т.б. Енді осы мәселеге кеңінен тоқталсақ.
Мысалы, «Дүниеге мейман, көңілім» атты толғауында ақын:
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
...Сағынар сауық-күлкіні-ай,
Қызықтырған түлкідей,
Дүние өтер бір күні-ай,- деп [1,36], фәни жалғанның өткінші екендігін айта келіп, қамшының сабындай қысқа ғұмырда ойна да күл деп жырлайды. Майлықожаның «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», «Уа, замана» сынды шығармалары - осы сарындас толғаулар. Ал, «Тұрлыбекке», «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдаберген байға» т.б. арнау өлеңдерінде ақын адалдықты уағыздап, озбырлықты әшкерелейді. Мәселен:
Әкімі жүр ұрыны тыямын деп,
Тіл алмаса, желкесін қиямын деп.
Би мен болыс басының пайдасында,
Парасын ап дүниені жиямын деп.
Бейбақтардың басына бақ қылып жүр,
Арам жеңіп, адалды жақ қылып жүр.
Ақша беріп, билерді антқа салсаң,
Мөрін басып, қара істі ақ қылып жүр,- дейді [1,34] «Ескі мырза, манаптар бегі,салы» арнау өлеңінде.
Майлықожа ақын шығармаларында ең көп жырланған тақырыптардың бірі - адамгершілік мәселесі. Мысалы,
Өңкей жақсы қосылса,
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса,
Шығарады егесті
Немесе
Жаман сөйлер халықтан,
Бастағы мінін жасырып.
Жақсы сөйлер халыққа,
Қызметін асырып,- деп [1,27] адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді саралап, салыстырып көрсетеді. Ал, «Жақсы болсын жұбайың» толғауында жақсы жар мен жаман қатынның арасы жер мен көктей дей келіп, ақын шығармасын:
Жаман қатын жігіттің,
Тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы қатын жігіттің,
Адам қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын,- деп [1,41], жігіттің жақсы-жаман болуы жақсы жарға байланысты екендігін және сол үшін отбасында қыз балаға жақсы, өнегелі тәрбие берілу керек екендігіне айрықша назар аударады. Ақынның «Ілімге толсын көкірек», «Жөн білсең, жолдасыңа жоба көрсет», «Дүниеге мейман көңілім» т.б. толғаулары да осы тақырыпқа арналған.
«Ұрлықтың түбі қорлық-ты» атты толғауында Майлықожа ақын «есің болса, ұрлық жасама» дей келіп, барымтамен күн көріп келгендерді:
Ұрлығыңды тыймасаң,
Тобаңнан көңілің жаңылып,
Саныңа кісен тағылып,
Тескентаудан асарсың.
Артыңа байлап шалаңды,
Жат елдің шаңын басарсың,- деп [1,44], сақтандырады. Енді бірде:
Ерінбей бейнет еткеннің,
Еңбегі дейді жанады.
Жақсы болып өседі,
Осылай қазақ деседі,- деп [1,30] жастарды еңбекке баулиды.
Ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр», «Жылдың төрт мезгілі», «Есі кеткен ел байғұс» толғауларында табиғат құбылыстарын қазақ ауылдарының тұрмысымен байланыстыра жырлайды, сол арқылы замана шындығын, дәуір көрінісін суреттейді. Мысалы:
Төрт ай қыстан жаз шықты өлмегенге,
Ондай қыс туған емес ел дегенге.
Қысы жұт, көктем балық қиыншылық,
Ұшырады ел екі тосат көлденеңге [1,32].
Ал, енді ақын шығармаларының көркемдігіне келетін болсақ, Майлықожа қазақ әдебиетінде жиі кездесетін теңеу, эпитет, метафора мен метонимияларды шебер қолданады. Мысалы:
Дүбірге қызған жүйріктей
Қызып тұр әзір табаным (теңеу)
Пендені дәулет мас қылар,
Қырауды кешкен жылқыдай (теңеу).
Қызықтырған түлкідей
Дүние өтер бір күні-ай (теңеу).
Айдан аппақ сұлудың
Тең келмес оған ешбірі (эпитет).
Уа, замана, дауылсың,
Қыдыра көшкен ауылсың (метафора).
Қазақтың құсы едің қалыңға ұшқан,
Бұғы, марал, шеңгелде құлжа қысқан (метафора).
Өңкей жақсы қосылса,
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса,
Шығарады егесті (метонимия).
Боза ішіп бір міріге судай тастың,
Суға кеп сүңгіткенде көзіңді аштың.
Байғұс-ау жылан емес кесіртке емес
Құйрығын айдаһардың қайдан бастың (астарлау).
Ақын шығармаларында, сол сияқты, ассонанс пен аллитерация да көптеп кездеседі:
Жаман болса қатының,
Жолықтырар кесетке.
Жамбасың үйір боп кетер,
Жастығы қатты төсекке.
Қаншама жақсы сөз айтсаң,
Алмайды оны есепке,
Арманда өтер өмірің,
Артылғандай есекке [1,39].
Сондай-ақ, Шығыс дәстүрін ұстанған Майлықожа ақынның шығармаларында араб-парсы сөздері жиі кездеседі: нақлиқат (нақыл), ыбырат (үлгі, өнеге), қасам (ант), беһәнә (себеп), алымларға (қалымдарға), төһмәт (жала, өтірік, өсек) т.б.
Сонымен, ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы қазақ әдебиеті мен Шығыс әдебиетінің дәстүрлерін шебер ұштастыра отырып, түр жағынан да, мазмұны мен көркемдігі жағынан да өз заманына лайық жаңа әдебиет жасай білді. Дегенмен ақын шығармашылығының зерттелмеген тұстары әлі көп. Сондықтан Майлықожа ақынның шығармашылығын арнайы зерттеу, әдеби мұраларын жан-жақты талдау ертеңгі күннің еншісінде болмақ.
49. Майлықожаның «Жолдас болсаң жақсымен» туындысының мән-мазмұнын танытыңыз.
50. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі туралы баяндаңыз.
Біржан сал Қожағұлұлы — Қазақтыңәйгілі ақыны, сазгер.
Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Орта жүз Керей тайпасы Ақсарынан шыққан.
1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.
Біржанның үлкен әкесі - Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.
Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салның әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салның ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Кеңес заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара Тастанбекқызы, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жоқ. Біржанды «жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды. Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан—Сара» операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті.
51. Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен болмысы туралы жазыңыз.
Арғын тайпасы Қарауыл руының Есенбай тармағынан шыққан. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі – Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.
Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.
Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – “Балқадиша”. Бұл – өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.
90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі – “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы – Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.
Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі – “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, – деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.
Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері – өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы.
Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі – кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.
52. Ақан сері Қорамсаұлының танылуы мен зерттелуі жайлы түсіндіріңіз.
Ақан 16–17 жасында өнер жолына түседі. Тарихтың алтын парағына анасы Жаңыл еркелетіп қойған Ақан есімін мəңгі өшпестей етіп қалдырады. Осыдан былай Ақанның жалпақ жұртқа жат көрінген серілік өмірі басталады.
Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт Ақанда болады. Қалың Қарауылдың ойын- тойының көркі Ақан болады. Біріне бедеу мінгізіп, біріне бүлде кигізіп дегендей, 15–20 жігітті өзі тəрбиелеп, нөкер қылып алады. Жүргенде сол жігіттердің алдында қолбасыдай оқшау отырады. Біресе боз атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, ақ киген. Біресе қара атқа мініп, қара киген. Біресе торыға мініп, күрең киген. Басында — бұлғақтаған үкі, қолында — домбыра, аузында — əн... Жігіттердің бəрі балуан, бəрі əншіл. Бірақ Ақанның əні өзгеше. Даланы күңірентіп Ақан əн шырқаса, би билігін, кемпір өрнегін, сұлу кестесін қойып, тыңдай қалады. Қарауылдың қалың көздері:
«Ақанның əні-ай!» — деп күрсінеді. Сүймесе сері дер ме еді, қалың Қарауыл Ақанға «Сері» деп лақап есім береді. Солай жүргенде Ақан бұрын атастырып қойған қалыңдығы Жұмат қожаның қызы Бəтиманы алады. Онымен он жылға жақын отасып тұрады. Бəтимадан бір ұл, екі қызы болады.
Бірақ ұлы тілсіз болады. Он жыл шамасында Бəтима өледі. Серіліктің соңында жүрген Акан Бəтиманың өлімін елемейді. Серілікті бұрынғыдан да үдетеді. Құлақ естір жерден алғыр қыран, құмай тазы, жүйрік жияды. Зілғараның баласы Əлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған Қараторғай деген бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базаралы деген итті алады. Қалың Қарауылға аты шыққан Ақтоқты деген арумен көңіл қосады. Тап сол кезде Ақанның қолына алты Алашқа аты шыққан Құлагер түседі.
Сол кездегі дала өмірінің аса қызық түрі: жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстау еді. «Сері» деген атаққа осы шарттар лайық-тұғын.
Серінің ақындық жолы басқа халық ақындары сияқты дəстүрлі жолмен қалыптасады. Ақан өз шығармаларын жазып та шығарады. Сонымен бірге жатқа айтып, ауызекі де таратады.
Ақын еңбектеріндегі көп жырланған тақырып — жастық, достық, махаббат, əйел тақырыбы. Ол қалдырған мұраның бəрі — жүрек отының жалынындай, терең толғаныстардың туындылары. Оның поэзиясы — адамның сезім сырнайын тарта білген сыршыл да шыншыл поэзия. Əрбір сөзі азамат басына төнген қалың қара бұлттың тыныс тарылтар қапырығы ғана емес, нөсер жауын алдындағы жан жадыратар аспанның ақша бұлттары. Мұндай қасиеттер ең алдымен ақынның ғашықтық лирикаларына тəн.
Ақан серінің ғашықтық лирикаларының бір тобы аттары аталып, түстері түстелетін өзінің ғашықтары. Олар Ақтоқты, Ұрқия, Жамал, Балқадиша, Мақпал сияқты белгілі адамдарға арналған.
Ақынның ғашықтық жырларының енді бір тобы белгілі адамдарға немесе өзі ғашық болған қыздарға емес, жалпы қазақтың сұлуларына арналған.
Бұл еңбектерінде Ақан сөз құдіретімен сұлу бейнелерін бірінен-бірін асыра мүсіндеп бере алды. Жалпы саны 40 шақты өлеңді қатар қойып оқығанда бəрі де қыз сұлулығына арналған шығарма бола тұра, бірін екіншісі қайталамайды. Əрқайсысы өзіне ғана тəн өзгеше туынды болып қабылданады
Ақан сері «Айтамын замандасқа біраз кеңес» деген толғауында [3; 103–107] өз кезіндегі жастардың 13 түрлі қылық-мінездерін санап көрсетеді.
Бірінші орындағы жігіт — əрі сері, əрі дарын иесі. Ол келешекке мысал болғандай абзал жан. Екінші қатардағы жігіт — бойында өзіне лайық қайраты, жігері бар жан. Ол қаз ілер қаршыға сипатты қыран. Үшінші жігіт — аузымен орақ орған, кеудесіне нан пісердей, өр мінезді адам.
«Төртінші бір жігіт бар мінезі ауыр, асыл зат ажар берген өңі тəуір...». Бесінші жігіт сыртқа өзінің сырын алдырмай, аңқауларды «бітеу союға» бар. «Алтыншы бір жігіт бар қарқылдаған...». Ол — «ақ көңіл, ашық мінез аңқылдаған». Жетінші жігіт бос сөзді, «ұшпа бұлт секілді» баянсыз. Ол — өмірін опасыз өткізетін жас. Сегізінші жігіт — жалған айтпайтын, сөзге ділмар, əркімнің тілін тапқыш. Тоғызыншы жігіт — алуға даяр, беруге сараң, ақылын айлаға жұмсайтын жымысқы. Оныншы жігіт əйелінің қолтығына кіріп алып, не айтса соның бəрін мақұлдайды. Жетекшіл ат тəрізді. Он бірінші жігіт — өтірікші, өсекші. Он екінші жігіт — өз-өзіне адамсыған, кердең-кербез. Басқаның ақылын құлаққа ілмейді. Кісіге жақын жүрмейді. Он үшінші жігіт — ұр да жықтың өзі. Биязылық оған жат.
53. Сара Тастанбекқызының өмірі мен ақындығы туралы баяндаңыз.
Сара Тастанбекқызы (1853; қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы - 1907) — айтыскер ақын, сазгер, халық ақыны, күйші, домбырашы. Наймантайпасының Матай руының Аталық Қаптағай бөлімінен шыққан.
Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады.
Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең бөліп алуға келісуімен тынады.
Осылайша қаршадайынан басы дау шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде Найман елін аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінін өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар да көпке көренеу қарсы шыға алмай, оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Алтынбекұлы Бекбай дегенге тұрмысқа шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған.
61. ХІХ ғасырдағы зар заман сарыны туралы баяндаңыз.
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады.[3] Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.[4]
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады.[5] Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.[6]
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән.[7] Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы.[8] Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені – Дулат Бабатайұлы.[
62. Д.Бабатайұлының арнау өлеңдерін танытып түсіндіріңіз.
Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.
Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады.
О, Барақ жас,
Барақ жас,
Жегенге тоқ,
ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып,қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды-артына қарамас.
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас...
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем, –
дегі күйінеді, Ақын "Кеңесбайға" деген арнауын да әңгімені осы сарында өрбіте келіп:
Ыдысысың параның;
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның –
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын, –
деп, екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады. Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Мұнда төренің көңілін аулап, жағынушылық жоқ. Егер ақын Сүлейменнің бойынан мін көрсе, Барақ, Кеңесбай төрелер, Ешен қазы сияқты, бетіне айтқызбайтындай ерекше себеп жоқ – Екіншіден, бұл арнауда да Дулат жаңағы төрелердің міндерін айтып шағынады. Егер бұл міндер Сүлейменнің бойында да болса, онда бұлар жайында сөз қозғамас еді. Үшіншіден, өз көзінің атқамінерлерінің елде итше ырылдасып, патша шенеуніктерінің алдында "қыздай қылышты" бола кететін куыс кеуде құнсыздықтарын:
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты, –
деп шенеп, күлкі етеді. Әйтсе де Дулат Сүлейменге елдің нағыз еріне лайық іс тындырдың демейді. Қайта "ниетің түзу болғанмен, сен де айтарлықтай ештеңе тындырған жоқсың" дегенді астарлап жеткізеді.
Бірақ, жалған, қайтейін,
Мезгілсіз келіп дүниеге,
Аптапқа түскен басың бар.
Жау айбынар досың жоқ,
Жар-жапсарда қосың бар.
Жылайсың да шыдайсың, –
деп, төренің тілегі мен іс-кимылының арасындағы алшақтыққа кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Бұл – өте мәнді мәселе. "Отарлық жүйе толық үстемдік құрған жағдайда елі үшін туған ерлер не істеу керек" – деген сұрақ туатыны заңды. Дулаттың күмілжуі мен Сүлеймен төренін бойындағы қайшылыққа "түсіністікпен" қарауы әлгі сұраққа өзінін де анық жауабының болмауынан.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Көмбеге тақап қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме.
"Толқынды теңіздегі сенімді кеме" жайында астарлай сөйлей келе, ақыры шыншыл ақын төренің әрекетсіздігін айтып тынады.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге, –
дейді. Мұның өзі – білген кісіге ауыр сәз. Ал Сүлеймен төре – білетін кісі. Дулаттың іле-шала "жүйрікке керек көтерме" деп, ауыр сынын жуып-шаюы да сондықтан.
"Атаны бала алдады" деген толғауында ақын елдің жағдайына үңіледі.
Елімде ер қалмады,
Артына қарап бұрылып,
Ашпассың елім, көзіңді, – дейді.
Сонда халық "артына қарағанда бұрылып", яғни өткен тарихына көз жібергенде қайтер еді? Әрине, бұл арада, алдымен үш жүздің хандары мен билері, қаһарман батырлары қазақтың басын біріктіріп, жоңғар шапқыншыларынан Отанын азат еткенін көрмек. "Ата қоныс Арқадан" толғауында мұны Әмір Темір, Әбілпейіз, Абылай есімдерімен байланыстыра қарайды.
Кешегі сенің бір ауызды күніңде,
Үш жүздің ұлы қараған Әбілпейіз,
Абылай – Екі сұлтан сұңқарға, –
деп, халқы үшін жауға қарсы аттанған хандардай басшы – көсемдерді армандайды.
Ақын әкімдерді туған еліне "қорқау қасқыр құлықты", "елін жаудай талаған", "ашылған әбден араның" деп қана сынап, сол үшін ғана жек көрмейді. Елді патша өкіметінің жемтігіне беріл қойды, онымен ауыз жаласып, елдің сорын қайнатты, сатты деп кінәлайды.
63. Д.Бабатайұлының «Еспембет» дастанының тақырыптық-идеялық мазмұнын баяндаңыз.
«Еспенбет» поэмасы
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма:
Еспенбеттей ер қайда?
Еспенбеттей ер туса,
Ер күтетін ел қайда? —
деген жолдармен аяқталады. Шығарма, міне, осы аңсардан, яғни ақынның күллі шығармашылығына ортақ елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. Хан-сұлтандар халқынан бөлініп, жатқа жағынған, батырлары «қазан бұзар үй тентекке айналған» заманда ер мен елдің бірлігі идеясын халықтың көкейіне жеткізіп, еңсесін тіктемек болған. Сол мақсатпен айбынды бейнелері халық жадынан өшпеген Ер Қосай, Қабанбай, Ақтамберді батырлар заманындағы қазақтардын, қалмақтарға қарсы бір шайқасын өзек етіп алып, батырлық дастан тудырған. «Еспенбет» поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Бас қаһарман Еспенбет те, оның Ақберте аты да, қалмақ, қазақ батырлары да – бәр-бәрі өмір шындығы аясында алынып, суреттеледі. Елеулі орын алатын, батырлар жыры үлгісіндегі Отанды қорғауға арналған «Еспенбет» атты толғауының патриоттық мәні зор. Бұл дастанында жетім бала, жас батырдың қалмақтармен соғыста көрсеткен ерлігін сөз қылады.
Дастанның басты кейіпкері Еспенбет өзінің құрдастарына қарағанда ойлы, көзі ашық, көкірегі ояу, намысты, арманы биік болып өседі.
«Туған ел, туған жерім бар,
Туған елді көкседім,
Жат елде арман – өскенім...»
«Жігерім болса жетемде, Өнерім болса, еліме
Еліме барып, ұл болсам. Адал еңбек етсем деп» - ойлайды. Еспенбеттің бойынан адамдық адал қасиетті, таза ақ ниетті көруімізге болады. Енесінің белінен секіріп ойнап жүрген Ақбөрте құлынға қызығуында нышан бар:
«Құйрығын шаншып алды да,
Үш айналды желіні.
Селеу жерге бас ұрды,
Омырауының желінен.
Құйындатып келді де,
Ытқып түсті Ақбөрте,
Енесінің белінен.»
Батырға лайық ат таңдауының өзінен, оның нағыз жігіт, жүрек жұтқан ер екендігіне көзіміз жетіп отыр. «Ат – ер қанаты» - деп бекер айтылмаған.
Туған елі, кіндік қаны тамған жері оның жастық асқақ арманы мен тәтті қиялына айналды. Ол нағыз батыр, еркіндікті сүйген даланың ұлы. Оған ешқандай дүниенің байлығы керегі жоқ, оның қалауы – Ақбөртені тай қылып мініп, елінің кегін қайтару. Туған жеріне оралып, қару асынып, жауға қарсы тойтарыс беру.
Еспенбет - тек алып күштің иесі ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл, барлығымыз үлгі тұтарлық адамдардың бірегейі. Мың жылда бір туатын, елі үшін еңіреп туған осындай батырларымызды еске алып отырудың өзі бір ғанибет емес пе? Алып ерді өсіретін - халық, ел жұрты екендігін айтып, ақын жастарға "әрқашанда еліңмен жұртыңмен бол" – деп насихаттайды.
64. Д.Бабатайұлының «Сүлейменге» туындысының мазмұн, мәнін танытыңыз.
Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Мұнда төренің көңілін аулап, жағынушылық жоқ. Егер ақын Сүлейменнің бойынан мін көрсе, Барақ, Кеңесбай төрелер, Ешен қазы сияқты, бетіне айтқызбайтындай ерекше себеп жоқ – Екіншіден, бұл арнауда да Дулат жаңағы төрелердің міндерін айтып шағынады. Егер бұл міндер Сүлейменнің бойында да болса, онда бұлар жайында сөз қозғамас еді. Үшіншіден, өз көзінің атқамінерлерінің елде итше ырылдасып, патша шенеуніктерінің алдында "қыздай қылышты" бола кететін куыс кеуде құнсыздықтарын:
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты, –
деп шенеп, күлкі етеді. Әйтсе де Дулат Сүлейменге елдің нағыз еріне лайық іс тындырдың демейді. Қайта "ниетің түзу болғанмен, сен де айтарлықтай ештеңе тындырған жоқсың" дегенді астарлап жеткізеді.
Бірақ, жалған, қайтейін,
Мезгілсіз келіп дүниеге,
Аптапқа түскен басың бар.
Жау айбынар досың жоқ,
Жар-жапсарда қосың бар.
Жылайсың да шыдайсың, –
деп, төренің тілегі мен іс-кимылының арасындағы алшақтыққа кешіріммен, түсіністікпен қарайды. Бұл – өте мәнді мәселе. "Отарлық жүйе толық үстемдік құрған жағдайда елі үшін туған ерлер не істеу керек" – деген сұрақ туатыны заңды. Дулаттың күмілжуі мен Сүлеймен төренін бойындағы қайшылыққа "түсіністікпен" қарауы әлгі сұраққа өзінін де анық жауабының болмауынан.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге.
Көмбеге тақап қалғанда,
Жүйрікке керек көтерме.
"Толқынды теңіздегі сенімді кеме" жайында астарлай сөйлей келе, ақыры шыншыл ақын төренің әрекетсіздігін айтып тынады.
Елің үшін еңбек қыл,
Отыра берме бекерге, –
дейді. Мұның өзі – білген кісіге ауыр сәз. Ал Сүлеймен төре – білетін кісі. Дулаттың іле-шала "жүйрікке керек көтерме" деп, ауыр сынын жуып-шаюы да сондықтан.
65. Д.Бабатайұлының «Ешенге» туындысының мазмұн, мәнін түсіндіріңіз.
Дулат Бабатайұлы шығармашылығынан «Ешенге», «Бараққа», «Кеңесбайға», «Сүлейменге», «Ақтанға» деген арнау өлеңдер ерекше орын алған. Ақынның «Ешенге», «Бараққа», «Кеңесбайға» өлеңдерінде патша әкімдерімен қосыла елді талап, жәбір көрсеткен екіжүзді, парақор төрелерді өлтіре сынап, теріс іс-әрекеттерін көпшіліктің алдында бетіне басып әшкерелейді. Енді бірде ел аралап, елді алдаған Ешеннің іс-әрекетін қатты сынға алған ақын Барақтың да бойындағы кемшіліктерін бетіне баса айтады. Оның да атадан қалған алтын таққа ие бола алмағанын, ата жолын ұстай алмағанын тілге тиек ете отырып:
Рухына нәлет келтірдің,
Қабың менен сабыңа,
Бұзықты құрап ел етіп,
Қондырдың оң жағыңа.
Ұрыңа елді торытып,
Өтірік дауды қорытып,
Бүлдіре бер тағы да...
- деп түйін жасайды. Ақын ел ішіндегі келеңсіздіктер мен кемшіліктердің себебін ел билеушілердің екіжүзді жылпостығынан, қарын қамын ойлаған бойкүйездігінен, қара басын күйттеген тоғышарлығынан деп түсіндіреді.
66. М.Өтемісұлы толғауларындағы өз бейнесі мен Исатай бейнесінің көрініс табуын ашып жазыңыз.
Махамбет өз өлеңдерінде Исатайдың бейнесін – батыр бейнесін жасады. Исатайға тікелей арнап шығарылған «Тарланым», «Мінкен ер», «Тайманның ұлы Исатай», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс», «Исатай деген ағам бар» т.б. сияқты өлеңдер. Мысалы:
Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлына дос болып... Төрт-бес жылдай алысып, Мына отырған Иса-кем,
Ханның бір тауын қайтарған! деп шабыттана жырлайды.
Исатай құр ғана әдеби қаһарман емес, тарихи адам. Мәселен:
Халқымның көрген қорлығы, Хандардың еткен зорлығы. Ақ жүректі тебірентіп,
Ер көңілін желдентіп Ақ сүйектің баласын Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім, –деп келетін жолдарынан халқының азаттығы үшін көтеріліс туын ұстап хан-сұлтандарға қарсы шыққан Исатайдың бейнесін көреміз.
Ең бір керемет теңеудің бәрін Махамбет Исатай бейнесін суреттеуге жұмсаған. Өлең жолдарынан Исатайдың сыртқы портретіне мінезі мен ақылы сай, басқалардан анағұрлым ілгері адам етіліп суреттелумен қатар, осы үзіндінің өзінде ақынның Исатайға деген терең сүйіспендікпен, жүрегін жарып шыққан жылылықтың лебі де бетке үргендей сезіледі.
Махамбетте Исатайдың алдында тұрақты эпитет «ер» сөзін қолданатын тұстары да бар. Мәселен:
Біздің ер Исатай өлген күн... Он сан байтақ бүлген күн!.. Орта белін сырлаған
Оқ жаңбырдай жауған күн...
Өзіне дейінгі батырлар жырларында жиі ұшырайтын әсірелеулер де Махамбетте аз кездеспейді. Мысалы:
Арыстан туған Исатай... Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер-жетпес күн болған... Мына отырған Иса-кем, Дулығалы бас кесіп, Дұшпанының қанына
Ақ алмасын суарды-ай! [3, 107].
Бұл жолдардан Махамбеттің Исатайды суреттеуде өзіне ақындық дәстүрді де пайдаланғанын көреміз.
Ақын Исатайды суреттеген толғауларында неше алуан теңеу, эпитет, метафоралар қолданады. Исатайды небір халықтың асыл сөздерімен суреттеп, батыр тұлғасын танытар айқын теңеулер табады. Мысалға, ақынның кез-келген Исатайға арналған өлеңін алсақ, бұл өлеңдерде Исатай өз бойының барлық көрінісімен көз алдында елестейді. Батырдың сырт тұлғасы ғана емес, ішікі сыры, қайтпас қайсар мінезі, жайдары, жарқын жүзі, ақылы мен өнері, жауға деген
айбары, ашуы, ел ішіндегі беделі – барлық жағынан өте сүйкімді сипатта бейнеледі [4, 25]. Мысалы:
Мінкен де мінкен, мінкен ер, Бұл сықылды неткен ер?
Көлденең жатқан Жайықтан Құралайдың күнінде
Еркек қойдай бөлініп, Қырқарланып өткен. Өлеңді оқи отырып, Исатайдың батыр тұлғалы, төзімді, қайсар мінезді екенін біле аламыз.
Махамбет қай кезде, қандай жағдайда болсын, Исатай жөнінде өз пікірін үлкен ізетпен айтады. Ол әрдайым Исатайға зор құрмет көрсеткен адам. Махамбет өлеңдерінде өзі туралы сөйлегенде: «Исатай деген ағам бар, ақ кіреуке жағам бар», – деп өзін мейлінше кішіпейілді, көп қосынның бірі есебінде санайды. Яғни, көтерілісті басқаруда да Исатаймен бірдей бола тұра, Махамбет Исатайдың қасында өзін кіші санайды. Исатайды ардақтап, төбесіне көтереді, Исатайдың өліміне қайғырып, оны жоқтағанда, Махамбеттің аузындағы отты сөздері арқылы оның қатты қайғырғанын көреміз.
67. Махамбеттің «Күн қайда» толғауының мазмұн, мәнін танытыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |