Орындаған : Анықова А. Кисапова М



бет2/8
Дата03.04.2023
өлшемі2,71 Mb.
#173551
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
508770.pptx

Сепсистің клиникалық көріністері – нозологияның клиникалық формаларының ерекшеліктері (найзағай тәріздес, жедел, созылмалы, рецидивті, метастазбен, метастазсыз), науқас ағзасының барлық негізгі органдарының функциясының үдемелі декомпенсациясы, көптеген симптомдардың әртүрлі комбинацияларымен сипатталады. Мысалы найзағай тәріздес сепсис аяқ астынан басталып, тез арада дамиды.

  • Сепсистің клиникалық көріністері – нозологияның клиникалық формаларының ерекшеліктері (найзағай тәріздес, жедел, созылмалы, рецидивті, метастазбен, метастазсыз), науқас ағзасының барлық негізгі органдарының функциясының үдемелі декомпенсациясы, көптеген симптомдардың әртүрлі комбинацияларымен сипатталады. Мысалы найзағай тәріздес сепсис аяқ астынан басталып, тез арада дамиды.
  • Клиникалық көріністері 2-3 сағатта немесе ары кетсе 1-2 тәулікте айқындалады. Жедел түрінде – бірнеше күнде, жеделдеу формасында – бірнеше аптадан кейін жалпы іріңді инфекцияның клиникасы толық белгі береді. Сепсистің созылмалы ағымында айқын белгілері көзге көрінбей, бірнеше айға созылады.
  • Қайталамалы түрінде сырқаттың өршуінде клиникалық белгілері қайталанса, ремиссия уақытында бәсеңдеп, азаяды. Іріңді метастазды сепсисте науқастың органдары, тіндерінде жаңадан іріңдіктер түзілгенде интоксикация белгілері өрши түседі, оларды тіліп, ашып дренаждағаннан кейін интоксикация белгілері біраз бәсеңдейді .
  • Метастазсыз сепсистің клиникасы, науқас организмінің сенсибилизациясына және ағзаның негізгі мүшелер функциясының декомпенсациясына байланысты өте ауыр түрде өтеді, интоксикация белгілері тұрақты болып келеді. Сепсистің клиникалық белгілері жалпы және жергілікті деп бөлінеді.

Жалпы симптомдар – бастың ауруы, мазасыздану, ұйқының қашуы, есін білмей сандырақтау, дірілдеп қалшылдау, суық тер басу. Кешкілікті, немесе тәулігіне бірнеше рет дене қызуы 39 – 40°С көтеріліп, күрт төмендеуі. Науқас жүдейді, кейде тері жабындысында қанталау байқалады .

  • Жалпы симптомдар – бастың ауруы, мазасыздану, ұйқының қашуы, есін білмей сандырақтау, дірілдеп қалшылдау, суық тер басу. Кешкілікті, немесе тәулігіне бірнеше рет дене қызуы 39 – 40°С көтеріліп, күрт төмендеуі. Науқас жүдейді, кейде тері жабындысында қанталау байқалады .
  • Науқастың артериалды, венозды қан қысымы төмендеп, қан айналымы бұзылуынан дененің ойылуы, тромбофлебит, тромбоздар, қол-аяқтың ісінуі пайда болады. Қан анализдерінде анемия, лейкоцитоз, лейкоциттық формуланың солға ығысуы, қан тромбині 45-50% дейін төмендейді. Кейбір ауруларда бактериемия анықталады. Бауыр, бүйрек функциялары бұзылады. Науқас сарғайып гепатит дамиды. Зәр анализдерінде альбуминурия, гематурия, лейкоцитурия анықталады. Көкбауыр үлкейеді. Асқорыту жүйесін алсақ, тәбеті жоғалады, аузы құрғап іші өтеді, жүрегі айнып құсады.+
  • Жергілікті симптомдар – сепсистегі жараларда өлі еттен тазару және регенерация белгілері байқалмайды, грануляциясы жансыз, бозғылт, жара ісінген, дымқыл, шірік иісті. Көктамырлардың тромбозы, лимфа жүйесінде лимфангиит, лимфаденит дамиды. Сепсис жоғарыда келтірілген симптомдардың тұрақтылығымен сипаталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет