Этиологиясы: стафилококк, ішек таяқшалар, стрептококк, протей, анаэробтар. Патогенезі - Экзогендік инфекция сыртқы қоршаған ортадан кіру қақпасы арқылы ағзаға жайылады. Жатырдың шырышты қабаты босанғаннан кейін бір үлкен жара сияқты болады, әсіресе бала жолдасы жабысқан жері және туу жолдарының жұмсақ ұлпаларының сырылған, жыртылған жерлері - осылардың бәрі инфекцияның кіру қақпасы.
- Эндогендік инфекция әйелдің өзінің созылмалы инфекция ошақтарынан (тонзиллит, отит, холецистит, пиелонефрит, аднексит, кольпит), метастатикалық түрде лимфа, қан тамыр арқылы немесе жатыр мойны каналы арқылы (каналикулярды) көтеріліп таралады.
- Әйел босанғаннан кейін әлсізденіп, оның ағзасының иммунологиялық қасиеті төмендейді, әртүрлі инфекцияға сезімтал келеді. Сырқаттың ауырлығы қоздырғыштың вируленттігіне, әйел ағзасының қорғаныш күштеріне тәуелді.
- Бұл асқынуға әсер ететін тағы да көптеген факторлар бар, олар:
- әйелдің әлеуметтік жағдайының нашарлығы,
- ЭГА (қаназдық, жүрек-қан тамыр аурулары, пиелонефрит, жүктілік кезіндегі жедел инфекциялық аурулар),
- ауруханада көп жатуы,
- мерзімінен ерте босануы,
- қағанақ суының ерте кетуі,
- босанудың ұзаққа созылуы,
- көп мөлшерде қан жоғалту,
- жатыр қуысына қол сүғу,
- оталау арқылы әдіспен босандырғанда туу жолдарының жарақаттануы.
Классификация - Босанудан кейінгі септикалық аурулардың А.В.Бартельс және С.Б.Сазонов бойынша жіктелуі:
- I кезең - инфекциялық үдеріс босанғаннан кейінгі жарамен (кіру қақпасымен) шектелген, оларға босанғаннан кейінгі ойық жара, эндометрит жатады.
- II кезең - инфекциялық үдеріс бірінші ошақтан шыққан, бірақ әлі жергілікті, кіші жамбас қуысымен шектелген: метрит, метротромбофлебит, параметрит, тромбофлебит (жамбас көктамырлары немесе санның көктамырлары), сальпингоофорит, пельвиоперитонит.
- III кезең - жайылған (диффузды) перитонит, асқындап кеткен тромбофлебит, септикалық шок.
- IV кезең - жайылмалы инфекция (жалпы септикалык аурулар): септицемия, септикопиемия.
Достарыңызбен бөлісу: |