Орындаған: Ақатаева Ш.Қ. Тексерген: Ертисова С. Б



бет1/3
Дата01.12.2023
өлшемі3,27 Mb.
#194417
  1   2   3
Байланысты:
балалық шақ отработка СС7

Орындаған:Ақатаева Ш.Қ.

Тексерген:Ертисова С. Б.


СС 8. Денсаулығында кемістігі бар балалардың әлеуметтік құқықтары.

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған.
2-бап. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық жағынан түзеу арқылы қолдау туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3. Жетiм балаларды, психикалық аурулары бар балаларды, күнкөрiсi төмен отбасыларын және мемлекеттiң қолдауын қажет ететiн адамдардың өзге де санаттарын мемлекеттiк қолдауға байланысты қатынастар кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауға байланысты бөлiгiнде ғана осы Заңмен реттеледi.
3-бап. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау, оның мақсаттары, мiндеттерi мен принциптерi
1. Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау баланың туғанынан басталып, ол кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн, жаппай кешендi медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтiк тексеру мен кәсiби диагностика жүргiзу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргiзiледi.
2. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары:
1) туа бiткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау;
2) балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектiктiң ауыр түрлерiнен сақтандыру;
3) балалар мүгедектiгiнiң деңгейiн төмендету;
4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабiлеттерiнiң орнын толтыру немесе оларды қалпына келтiру, олардың әлеуметтiк құқықтарын iске асыру, неғұрлым толық әлеуметтiк бейiмделуiне жәрдемдесу болып табылады.
1) кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру;
2) арнаулы бiлiм берудi және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетудi жүзуге асыратын ұйымдар желiсiн дамыту;
3) кемтар балаларды әлеуметтiк бейiмдеу;
4) кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтiк қолдау;
5) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарды кадр, ғылыми және ұйымдастыру-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету;
6) халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерi жөнiндегi қызметiн сабақтастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет