4. Көрсетілетін арнаулы білім беру қызметтеріне: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек көрсету;
2) протездеу және протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсету;
3) арнаулы техникалық және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету;
4) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларына консультациялық көмек көрсету;
5) әлеуметтiк қызметкерлердiң қызметтер көрсетуi жатады.
6.Арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсетуге: 4-тарау. КЕМТАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКIЛДЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
15-бап. Кемтар балалардың құқықтары 1. Кемтар балалардың:
1) әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепiлдiктi түрде тегiн алуға;
2) денсаулық сақтау субъектілерінде, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда немесе медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмдерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тегiн зерттеп-қаралуға және тегін медициналық көмек алуға;
3) дене немесе психикалық кемiстiктерi байқалған сәттен бастап, оның көрiну дәрежесiне қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегiн медициналық-психологиялық-педагогикалық түзеуге;
4) медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киiммен, арнайы қарпi бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткiш аппаратурамен және сигнал бергiш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегiн қамтамасыз етiлуге;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдарында немесе мемлекеттiк білім беру ұйымдарында тегiн мектепалды және жалпы орта бiлiм алуға;
6) мемлекеттiк білім беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм беру бағдарламалары шегiнде конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;
7) оқу бiтiргеннен кейiн алған бiлiмiне және (немесе) кәсiби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмысқа орналасуға;
8) денсаулық сақтау ұйымдарында бірінші кезекте қызмет көрсетілуіне құқығы бар.
2. Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттiк тегiн бiлiм алу, бiлiм беру гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде көрсеткiштерi басқалармен бiрдей болған жағдайда, медициналық-әлеуметтiк сараптау бөлiмдерiнiң қорытындысына сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алуына болатын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар басым құқыққа ие болады.
3. Жетiмдер қатарындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететiн кемтар балалар арнаулы бiлiм беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейiн және кәмелеттiк жасқа жеткен соң, жергiлiктi атқарушы органдар оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үймен қамтамасыз етедi.
Кез келген бала бірінші кезекте қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Барлық балалар нәсіліне,ақ- қаралығына,жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жеріне жағдайына қарамастан өзіне тиісті мүмкіншіліктердің бәріне құқылы Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі ретінде қарауда ҚОРЫТЫНДЫ