ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ, СОЛ АРҚЫЛЫ ТҰТАС ҰЛТ ХХІ ҒАСЫРҒА ЛАЙЫҚТЫ ҚАСИЕТТЕРГЕ ИЕ БОЛУЫ КЕРЕК: КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚ, ШЕТ ТІЛДЕРІН БІЛУ, МӘДЕНИ АШЫҚТЫҚ СИЯҚТЫ ФАКТОРЛАР ӘРКІМНІҢ АЛҒА БАСУЫНА СӨЗСІЗ ҚАЖЕТТІ АЛҒЫШАРТТАРДЫҢ САНАТЫНДА ХАЛҚЫМЫЗ ҒАСЫРЛАР БОЙЫ ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАБИҒАТЫН КӨЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ САҚТАП, ОНЫҢ БАЙЛЫҒЫН ҮНЕМДІ, ӘРІ ОРЫНДЫ ЖҰМСАЙТЫН ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНЫП КЕЛДІ. БІЗ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА БАБАЛАРДАН МИРАС БОЛЫП, ҚАНЫМЫЗҒА СІҢГЕН, БҮГІНДЕ ТАМЫРЫМЫЗДА БҮЛКІЛДЕП ЖАТҚАН ІЗГІ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЙТА ТҮЛЕТУІМІЗ КЕРЕК ПРАГМАТИЗМ – ӨЗІҢНІҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ЖЕКЕ БАЙЛЫҒЫҢДЫ НАҚТЫ БІЛУ, ОНЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНЫП, СОҒАН СӘЙКЕС БОЛАШАҒЫҢДЫ ЖОСПАРЛАЙ АЛУ, ЫСЫРАПШЫЛДЫҚ ПЕН АСТАМШЫЛЫҚҚА, ДАҢҒОЙЛЫҚ ПЕН КЕРДЕҢДІККЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ДЕГЕН СӨЗ. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА ШЫНАЙЫ МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ: ҰСТАМДЫЛЫҚ, ҚАНАҒАТШЫЛДЫҚ ПЕН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ, ҮНЕМШІЛДІК ПЕН ОРЫНДЫ ПАЙДАЛАНУ. НАҚТЫ МАҚСАТҚА ЖЕТУГЕ, БІЛІМ АЛУҒА, САЛАМАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА, КӘСІБИ ТҰРҒЫДАН ЖЕТІЛУГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕ ОТЫРЫП, ОСЫ ЖОЛДА ӘР НӘРСЕНІ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ – МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПРАГМАТИЗМІ ДЕГЕН ОСЫ. БҰЛ – ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДЕГІ БІРДЕН-БІР ТАБЫСТЫ ҮЛГІ (!)
Достарыңызбен бөлісу: |