ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ ӨЗІ ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІН БІЛДІРЕДІ. ОНЫҢ ЕКІ ҚЫРЫ БАР: 1. ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ. 2. ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ӨЗЕГІН САҚТАЙ ОТЫРЫП, ОНЫҢ БІРҚАТАР СИПАТТАРЫН
ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ ӨЗІ ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІН БІЛДІРЕДІ. ОНЫҢ ЕКІ ҚЫРЫ БАР: 1. ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ. 2. ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСТЫҢ ӨЗЕГІН САҚТАЙ ОТЫРЫП, ОНЫҢ БІРҚАТАР СИПАТТАРЫН ӨЗГЕРТУ
ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІМІЗ, ТІЛІМІЗ БЕН МУЗЫКАМЫЗ, ӘДЕБИЕТІМІЗ, ЖОРАЛҒЫЛАРЫМЫЗ, БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗ БОЙЫМЫЗДА МӘҢГІ ҚАЛУҒА ТИІС. ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫН БІЛГЕН ЖӘНЕ ОНЫ МАҚТАН ЕТКЕН ДҰРЫС. БІРАҚ, ОДАН ДА МАҢЫЗДЫРАҚ МӘСЕЛЕНІ – ӨЗІҢНІҢ БІРТҰТАС ҰЛЫ ҰЛТТЫҢ ПЕРЗЕНТІ ЕКЕНІҢДІ ҰМЫТУҒА ӘСТЕ БОЛМАЙДЫ
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Жылдам дәуірде кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Жылдам дәуірде кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді
ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.
ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.
Индустрияландыруды, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдардың құрылуын, жаңа интеллигенцияның қалыптасуын осыған жатқызуға болады.
Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді.
Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.
Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс.
КӨПТЕГЕН ПРОБЛЕМА ӘЛЕМНІҢ ҚАРҚЫНДЫ ӨЗГЕРІП ЖАТҚАНЫНА ҚАРАМАСТАН, БҰҚАРАЛЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ «ОТ БАСЫ, ОШАҚ ҚАСЫ» АЯСЫНДА ҚАЛУЫНАН ТУЫНДАЙДЫ. САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ: - ЖЕР ШАРЫНЫҢ ӨЗІҢЕ ҚАТЫСТЫ АУМАҒЫНДА ЖӘНЕ ӨЗ ЕЛІҢНІҢ АЙНАЛАСЫНДА НЕ БОЛЫП ЖАТҚАНЫН ТҮСІНУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ; - ОЛ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АҒЫНЫ АЛЫП КЕЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БӘРІНЕ ДАЙЫН БОЛУ ДЕГЕН СӨЗ; - БҰЛ – ӨЗГЕЛЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІН АЛЫП, ЕҢ ОЗЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІН БОЙҒА СІҢІРУ МҮМКІНДІГІ. АЗИЯДАҒЫ ЕКІ ҰЛЫ ДЕРЖАВА – ЖАПОНИЯ МЕН ҚЫТАЙДЫҢ БҮГІНГІ КЕЛБЕТІ – ОСЫ МҮМКІНДІКТЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НАҒЫЗ ҮЛГІСІ.
ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
СЫНАПТАЙ СЫРҒЫҒАН УАҚЫТ ЕШКІМДІ КҮТІП ТҰРМАЙДЫ, ЖАҢҒЫРУ ДА ТАРИХТЫҢ ӨЗІ СИЯҚТЫ ЖАЛҒАСА БЕРЕТІН ПРОЦЕСС. ЕКІ ДӘУІР ТҮЙІСКЕН ӨЛІАРА ШАҚТА ҚАЗАҚСТАНҒА ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢА ИДЕЯЛАР АРҚЫЛЫ БОЛАШАҒЫН БАЯНДЫ ЕТЕ ТҮСУДІҢ ТЕҢДЕССІЗ ТАРИХИ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛІП ОТЫР. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР, ӘСІРЕСЕ, ЖАС ҰРПАҚ ЖАҢҒЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ОСЫНАУ ҰСЫНЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫН ТЕРЕҢ ТҮСІНЕДІ. ЖАҢА ЖАҒДАЙДА ЖАҢҒЫРУҒА ДЕГЕН ІШКІ ҰМТЫЛЫС – БІЗДІҢ ДАМУЫМЫЗДЫҢ ЕҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ. ӨМІР СҮРУ ҮШІН ӨЗГЕРЕ БІЛУ КЕРЕК. ОҒАН КӨНБЕГЕНДЕР ТАРИХТЫҢ ШАҢЫНА КӨМІЛІП ҚАЛА БЕРЕДІ.