Орындаған: Абдухадир Гулжайнар Жақсылық Айшанұр Қалбай арайлым Қабылдаған



бет2/5
Дата03.12.2022
өлшемі281 Kb.
#160996
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қаржы негіздері. Аналитикалық жазба. 4 СРС (1) (1) (1)

Негізгі бөлім
Қазақстан қазіргі уақытта орташа берешегі бар елге жатады. Қарыз алудың көп бөлігін банк секторы, фирма аралық берешек және басқа да қарыз алады. Үкімет алдында туындайтын негізгі мәселе қарызды басқару саясаты болып табылады. Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару рөлі Ұлттық Банкке және Қаржы министрлігіне жүктелген.
Қазіргі уақытта сыртқы қарыздың жоғары деңгейі сақталған, қазақстандық банктердің көпшілігі өздерінің нысаналы белсенділігін айтарлықтай қысқартуға, сыртқы қарыздарды тарту жөніндегі қызмет бағыттарын оңтайландыруға мәжбүр. Ірі сыртқы қарыздарды төлеу және қайта қаржыландыру қажеттілігі іс жүзінде берешегі жоғары банктерді өз қызметін сыртқы қарызға қызмет көрсетуге қайта бағыттауға мәжбүр етті.
Қаржы министрлігінің деректері бойынша 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы 19,6 трлн теңгені (4 45,8 млрд) құрады. Бұл соманың 80% – ы Үкіметтің борышына, 16% - ы Ұлттық Банктің қарызына, ал 7% - дан сәл астамы әкімдіктердің міндеттемелерін құрады. Ішкі қарыз, өз кезегінде, бюджет шығындарын қаржыландыру үшін облигацияларды ішкі нарыққа орналастыратын Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің міндеттемелерінен тұрады. Қарыз өсуде соңғы бес жылда мемлекеттік қарыз 117% - ға, 9-дан 19,6 трлн теңгеге дейін өсті. ЖІӨ-ге пайызбен - 19-дан 28% - ға дейін. Бұл ретте Үкіметтің Ішкі қарызы, ең алдымен, ішкі нарықтағы МБҚ шығарылымдарының көлемін ұлғайту есебінен 111% - ға ұлғайды. Егер 2016 жылы айналымдағы МБҚ көлемі 4,4 трлн теңгені құраса, 2020 жылғы 1 қазанға қарай – екі есеге, 9,2 трлн теңгеге артық. Осы кезеңде сыртқы қарыздардың мөлшері тек 50% - ға өсті. Нәтижесінде үкіметтік қарыздың құрылымы өзгерді. 2020 жылы ішкі міндеттемелер 58%, ал сыртқы міндеттемелер үкімет қарызының 41% құрады. Мемлекеттік органдар үшін белгіленген мөлшерлемемен сыртқы қарыздардың үлесі - 55% , өзгермелі қарыздардың үлесі - 43% құрайды. Компаниялар мен банктер өздерінің сыртқы қарыздарының 73%–. белгіленген мөлшерлеме бойынша және 21% - ғана өзгермелі мөлшерлеме бойынша орналастырады.

1-сурет.Қазақстанның сыртқы қарызының пайыздық көрсеткіші.
Жоғарыда айтып кеткен қарыздардан бөлек басқа секторлар бөлімі бар. Бұл бөлімге нақты қандай қарыздар кіретіні ашық айтылмаған. Дегенмен, кейбір деректерге сүйенсек бұл квазимемлекеттік секторлардың қарызына жатқызуымызға болады. Бұл секторға мемлекет үлесі бар мемлекеттік және ұлттық компаниялардың сыртқы қарызы да кіреді. Себебі, олар шет елден қарыз алатын болса, мемлекеттік үкімет кепіл береді. Көрсеткіштердің нәтижесі бойынша квазимемлекеттік қарыздардың көлемі өте жоғары. Бұны өте өзекті проблемаға жатқызуымызға болады. Ол қарыздарды басқа секторлар деп нақты атауын жазып көрсетпеу дұрыс емес деп ойлаймыз. Себебі мемлекет кепіл беріп отырғандықтан, соңында қарызды төлеуге мәжбүр болып қалуы мүмкін. Экономисттердің айтуы бойынша бұл қарызды үкімет қарызына жатқызуымыз керек. Айта кетер болсақ осындай жағдай 2015 жылы орын алған болатын. «ҚазМұнайГаз» компаниясының 4 млрд доллар қарызын Ұлттық қор төлеп берген. Соған алғыс ретінде «ҚазМұнайГаз» 10 пайыз акциясын сыйлаған. Алайда, сол кезде акция құны төмен болғандықтан Ұлттық қор үшін өте нашар инвестициялық салым болған.
Қазақстанның 2022 жылғы 1 қаңтардағы сыртқы қарызының көлемі 165,1 млрд долларды құрады. Алайда, осы кезеңде сыртқы қарыздың құрылымы нашарлады: қысқа мерзімді міндеттемелер 2,9 миллиард долларға тартылды, ал ұзақ мерзімді қарыз өтелді (-0,3 миллиард доллар), құны қайта бағаланды (-1,1 миллиард доллар) және есептен шығарылды (-0,7 миллиард доллар); сыртқы мемлекеттік және квазимемлекеттік қарыз 5,0 миллиард долларға немесе 14% - ға өсті, содан кейін жеке сектордың сыртқы қарызы 4,5 миллиард долларға немесе 3% - ға төмендеді. Экономиканы қолдау шараларын іске асыру және 2021 жылы қысқа мерзімді және мемлекеттік борыштың өсуі аясында валюта нарығын тұрақтандыру салдарынан ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің едәуір қысқаруы сыртқы қарыздық тұрақтылық көрсеткіштерінің нашарлауына әкелді.
2021 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан 133 елге қарыз болған. Бұл халықаралық ұйымдарды қоспағандағы көрсеткіш. Ең көп қарыз нидерланды мемлекетіне 44,2 млрд доллар, оның 42,9 млрд доллары фирмааралық қарызға жатады.
2-сурет. Қазақстанның 1 млрд доллардан көп қарызы бар мемлекеттердің көрсеткіші.

Алғашқы ондыққа кіретін қарыз мемлекеттерге айтып кеткенімдей бірінші орында Нидерланды, екінші орында Ұлыбритания-22,6 млрд доллар, АҚШ-13,5 млрд доллар, Франция-11,9 млрд доллар, Бермуд аралдары-10,1 млрд доллар, Қытай-9,7 млрд доллар, Ресей-9,1 млрд доллар, Жапония-5,6 млрд доллар,Гонконг-4 млрд доллар, Виргин аралдары-2,9 млрд доллар қарыз тұр. Бұл мемлекеттердің барлығы Қазақстанның 1 млрд доллардан көп қарызы бар мемлекеттер. Мемлекет қарызының осындай деңгейге дейін көбеюіне пандемия және мұнай бағасының құлдырауы айтарлықтай әсер етті. Осы мәселені шешу үшін мемлекет түрлі стратегияларды қарастырып жатыр. Мемлекет басшымыздың айтуы бойынша «Елдің ішкі және сыртқы қарыздарын басқару сапасын көтеру керек. Бұл- мемлекеттің қазіргі және болашақтағы бюджетінің тұрақтылығының кепілі. Алдағы 25 жылда мемлекет жоспарлаған міндеттерді орындау үшін алты есе көп қаржы жұмсалады деп болжап отыр».






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет