Мемлекеттік сектордың қарызы-16,3 млрд доллар(9,9%)
№
|
Мемлекет
|
қарыз көлемі
|
1
|
Халықаралық ұйымдар
|
7844400000
|
2
|
Ұлыбритания
|
7030500000
|
3
|
АҚШ
|
480600000
|
4
|
Жапония
|
372600000
|
5
|
Люксембург
|
264800000
|
6
|
Қытай
|
94200000
|
7
|
Елдер бойынша бөлінбеген
|
200700000
|
Ескерту: Кесте aikyn.kz сайтындағы мәліметтер бойынша Жақсылық Айшанұр, Қалбай Арайлым және Абдухадир Гүлжайнармен тұрғызылған.
|
1-кесте. Мемлекеттік сектор қарызының көрсеткіші.
Ал енді барлығымыздың көкейімізді «Мемлекеттік қарызды өтей алмаса не болады?» деген сұрақ мазалауы мүмкін. Егерде сыртқы қарызды өтей алмасақ, кепілге берген мүлкімізден айырылуымызға тура келеді. Мысалға осындай жағдай Тәжікстан мемлекетінде орын алған. Олар Қытай мемлекетіне қарызын өтей алмай оның орнына жер берген болатын. Ал біздің жер қазба байлықтарға толы. Сол себепті сарапшылар еліміз қарыздарынан құтылатынына кепілдік беріп отыр.
Мемлекеттік борыш валюта түріне байланысты ішкі борыш және сыртқы борыш болып бөлінеді. Сыртқы қарыздар туралы түсінікті, енді, ішкі қарызға тоқтала кетсек. Мемлекеттің ішкі борышы-бұл өз халқының борышы,яғни үкіметтік органдардың заңды және жеке тұлғалар алдындағы борышы.
Үкіметтің ішкі қарызы негізінен мемлекеттік құнды қағаздар есебінен болады. Ол шамамен былай жұмыс істейді:
Мемлекет мұндай қағаздарды шығарып, онда бұл қағазды иесі осындай мерзім өткеннен кейін мемлекеттен белгілі бір көлемде ақша алады, оған қоса үстемесін алады деп жазылады.
Бұл қағаздарды орталық банк екінші деңгейлі банктерге (коммерциялық банктерге), халыққа және бизнеске сатады.
Бұл қағаздарды талап етілетін мерзімге дейін сақтауға болады немесе қалаған жандарға қайта сатуға болады.
Ал, Қазақстанға кім қарыз? Шет мемлекеттерге келетін болсақ, бүгінгі таңда Қазақстанға тек Грузия ғана қарыз. Негізгі қарыз-25,4 миллион доллар. Қаржы министрлігі Грузия тарапы елдегі ауыр экономикалық жағдайға байланысты төлемдерді тоқтатқанын, сондықтан 2017 жылы бұл қарыз қайта құрылымдалған.
Достарыңызбен бөлісу: |