Орындаған: Қайыржан. С. Д тексерген: Шариғат Айгерім 2021 – 2022 жж



Дата19.12.2021
өлшемі16,97 Kb.
#103474
Байланысты:
Жанр түрі


«Инновациялық Еуразия Университетінің

Екібастұз Колледжі» ЖШС

Баяндама

Тақырып: Жанр түрі

Орындаған: Қайыржан. С.Д

Тексерген: Шариғат Айгерім

2021 – 2022 жж

Жанр — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.

Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мысалы әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.
Жанрдың түрлері:

Әдебиет жанрлары

Журналистика жанрлары

Музыка жанрлары

Киноөнер жанрлары

Театр жанрлары

Бейнелеу өнері жанрлары

Тіл жанрлары

Фотография жанрлары

Компьютерлік ойындар жанрлары


Жанрлар

Бейнелеу өнеріндегі жанрлар оның ішкі салалары, тектері бойынша жүйе құрайды. Бейнелеу өнерінің тектеріне, негізінен, кескіндеме (сұңғат), мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнері тектерінің белгілері архитектура (сәулет өнері), безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Осы өнер салалары мен түрлерінің тарихи даму барысында сан түрлі жанрлар қалыптасты.


Кескіндеменің жанрлары: тарихи кескіндеме, тұрмыстық кескіндеме, портрет, пейзаж, натюрморт, т.б. Орындалу сипатына қарай кескіндеме бірнеше жанрлық түрге бөлінеді: монументтік — сәндік кескіндеме (қабырғаға салынатын көркем сурет, плафондар, панно), қондырғылы кескіндеме (картина), сәндік-суретті кескіндеме (миниатюра, диорама, панорама, фреска, секко, темпера, мозайка, витраж, т.б.). Кескіндеме өнерінде жанрмен үндес түрлі ағымдар (академизм, т.б.) қалыптасып, әр алуан стильдік жүйелер қалыптасты (барокко, рококко, т.б. стильдер). Мысалы, Қайта өркендеу дәуірінде (Мазаччо, Боттичели, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, т.б.), VII — XIX ғасырларда (А.Дюрер, В.Веласкес, П.П. Рубенс, Т.Жерико, О.Домье, И.П. Крамской, В.И. Суриков, Э.Дега, М.А. Врубель, т.б.) көптеген өнер өкілдері кескіндеме саласында түрлі ағым, стиль жүйелерін қалыптастырды.
Бейнелеу өнерінің тағы бір тегі мүсін (скульптура) өнерінің негізгі жанрлары: портрет, тарихи және тұрмыстық мүсіндер, символикалық және аллегориялық фигуралар, анималистік жанр. Мүсіннің жанрлық түрлеріне жұмыр мүсін, монументті мүсін, монументті-сәндік мүсін, қондырғылы мүсін жатады. Ежелгі дәуірде кемпіртас, балбал, вишап, т.б., Қайта өркендеу дәуірінде ескерткіш, статуя, бюст, рельеф, ұсақ пластикалық мүсін, т.б. дамыды. Мүсін өнерінде XIX ғ-да барокко, классицизм, рококо, XX ғ-да импрессионизм, символизм, абстракті өнер ағымдары пайда болды. Қазақ жерінен табылған керамикалық мүсіндер палеолит және энолит дәуіріне жатады. Қола дәуірінде дами бастаған мүсін өнері б.з.б. VII ғ. — б.з. V ғ. аралығындағы байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері кезінде жоғары деңгейге жетті. Осы кезеңде ағаш өңдеу, сүйек ұқсату, бедерлеу өнері, көркем құйма, қақтау, жұмырлау, т.б. тех. әдістер түрі дамыды. VI — VIII ғ-лардағы байырғы түркі өнерінде мүсіннің бәдіз, балбал, т.б. жанрлық түрлері дамыды. Бейнелеу өнері тегінің бірі — графика (гравюра, литография, монотипия, т.б.). Графика станоктық иллюстрация, эстамп пен лубок, өнеркәсіптік және плакаттық графика болып бөлінеді.
Бейнелеу өнерінің тағы бір тегі — сәулет өнері (архитектура). Архитектура — құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектураның көне жанрлық түрі — архитектуралық ордер жүйесі. Архитектурада жанр терминінен гөрі, өнер туындыларын стиль терминімен беру қалыптасқан. Мысалы, роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Архитектураның бейнелеу құралдары — композиция, тектоника, масштаб, пропорция, фактура, материал түсі, т.б. XIX — XX ғасырларда қоғамдағы әлеумекттік және ғылыми-техникалық даму үрдісі архитектура жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді. Ол, әсіресе, қала салуда ерекше көрініс тапты (қ. Архитектура).
Безендіру өнері — сәндеу, көркемдеуден тұрады. Оның жанрлық түрі — дизайн. Безендіру өнері қазақтың дәстүрлі ою-өрнегінде көрініс тапқан.
Музыкадағы жанр музыкалық шығармалардың тек пен түрін айқындайтын көпқырлы ұғым ретінде қалыптасты. Музыкадағы жанр категория ретінде музыкатанудың негізгі мәселелері мен музыка эстетикасын айқындайды. Музыка өнерінің тарихи даму жолында жанр белгілері оның стильдік белгілерімен астасып жатты (қ. Стиль). Музыкалық жанрларға ән, әнұран, серенада, опера, оперетта, симфония

, сюита, увертюра, концерт, оратория, кантанта, трио, квартет, романс, хорал, месса, реквием, т.б. жатады. Музыка жанрлары іштей жанрлық түрлерге бөлінеді (мысалы, операда ария, т.б.). Музыкалық жанрлар осы өнер саласында қалыптасқан ағым, бағыт, стильмен үндесе дамыды (қ. Музыка).


Киноның ірі төрт жанры бар: көркем кино, құжатты кино, ғылыми-көпшілік кино және мультипликациялық кино. Бұл кино жанрлары іштей жанрлық түрлерге бөлінеді. Мысалы, құжатты киноның жанрлық түріне киношежіре, киножурнал, т.б. жатады (қ. Кино).
Театр өнерінің жанрлары әдебиет жанрларымен ұштаса дамыды. XX ғасырда өнердің барлық саласында жанр күрделі даму жолынан өтті.
Модернистік эстетикада қалыптасқан ағымдар (мыс., әдебиеттегі “сана ағымы”, т.б.) жанр табиғатына ықпал еткенмен, әр өнер саласындағы ғасырлар бойы қалыптасқан жанрлар жүйесіне елеулі өзгеріс енгізе алмады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет