-Өмірде қандай қауіпті жағдайлар болуы мүмкін?
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
-Мына суреттерден көріп тұрғаңдарыңдай, барлық жерде әртүрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін.
Әртүрлі жағдаяттарды шешу.
Билингвальды компонент
Қауіпсіздік ережелері-правила безопасности, жүгіруге болмайды-нельзя бегать, сөйлеуге болмайды-нельзя разговаривать.
-Көз алдарыңа елестетіңдер, сендер үйде жалғыз отырсыңдар. Танымайтын бір әйел есікті қағып, ашуды өтінді. Сендер не айтасыңдар?
-Қайсы жауап дұрыс деп ойлайсыңдар?
-Сендер үйде отырғанда, кенет өрт шықты. Сендердің іс-әрекеттерің қандай болады?
-Сақтаныш:
-Апай, мен айтайыңшы.
-Сақтаныш, айта ғой.
-Төсектің астына тығылып қаламын.
-Балалар, Сақтаныштың жауабы дұрыс па?
Тәрбиеші үстел үстіне құрал-саймандарды: балға, балта, шеге, біз, қайшы, сіріңке қояды.
«Жақсы-жаман» ойыны.
Шарты: құрал-саймандардың қандай жағдайда жақсы және қандай жағдайда жаман екенін айту.
Достарыңызбен бөлісу: |