Орындаған: Қалыбек м тобы: 103-17 Қабылдаған



бет5/7
Дата01.06.2020
өлшемі41,67 Kb.
#71920
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жаңартылған б.б.Қалыбек М
1513930684
4. Диалогтың ерекшеліктері
Диалог - екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы. Мұнда екі жақтың құқықтары бірдей болғандықтан, диалогты демократиялық қоғамдағы қарым-қатынастың басты нысаны деп атауға тұрарлық. Ал демократиялық қоғамның әрбір мүшесі өмірде туындаған қандай да болмасын проблеманы терезесі тең тұлғалардың қарым-қатынасында талқылауға дайын болып, өзінің конструктивтік позициясын басқаларға білдіруге және жеткізуге ұмтылады. Бұл қарым-қатынас міндетті түрде конструктивтік ұстанымда болып, басқалардың тұлғасы мен пікірін түсіну және сыйлау тұрғысынан жасалады.

Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, диалогты әрбір адам өзімен де жасайды. Атақты структуралист Ю.Лотман қарым-қатынастың (коммуникацияның) схемасын екі түрде былайша көрсеткен: «Мен – Ол» және «Мен – Мен». Бірінші схема түсінікті, өйткені ол басқамен жасалған диалогты, қарым-қатынасты меңзейді. Мұнда «басқа» рөлінде бөтен адамдар, ақпарат, кітап, табиғат, бүкіл Әлем болуы ықтимал. Ал екінші схема өзіңмен-өзің жасаған диалогты айқындап тұр.

Біздің санамызда (басымызда, миымызда) өзіндік түсінік, пікір, ойлар формасында туындайтын білім де тура осындай екі жолмен игеріледі, сіңіріледі: алдымен басқамен қарым-қатынас арқылы, содан кейін өзіңмен диалог жасау, яғни рефлексия арқылы. Рефлексия қарастырылатын әрбір мәселе бойынша ой толғатып, жан-жақты зерттеп, өз түсінігіңді қалыптастыру, өзіңді тану мен түсіну, ішкі жан дүниеңе үңілу, өзіңмен сырласу, өзіңе есеп беру дегенді білдіреді. Осындай рефлексиялық жұмыс санада жаңа ұғымдар мен түсініктерді құрастырады, жаңа білім, міне, осы кезде қалыптасады, сол себепті де оқу/оқыту процесіндегі барлық іс-әрекеттердің негізін рефлексия құрауы керек.

Диалогтың негізінде қарым-қатынасқа деген қажеттілік жатыр. З.С.Смелкова бұл турасында былай дейді: «Ең бастысы – бірлескен жұмысқа ішкі қажеттілікті (мотивация) қалыптастыру, психологиялық жақтырушылықты қамтамасыздандыру, белсенді түрде іздену мен жаңа білімді игеруге бағытталу» (З.Смелкова, 55).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет