Қант диабеті кезінде жарақаттарды өңдеудің өз ерекшеліктері бар. Табандағы жарақаттарды спирттік ерітінділермен (йод, жасыл дәрі), сондай-ақ марганцовкамен, жемір заттармен және малмалық әсері бар және оттекті өткізбейтін жақпа майлармен (Вишневский жақпа майы) өңдеуге болмайды. Егер олар таза болса, онда сыдырылған жерлерді фурацилин ерітіндісімен; егер жарақат іріңді немесе ластанған болса, онда – сутек асқын тотығымен өңдеуге болады. Диабет кезіндегі мінсіз заттар мирамистин мен хлоргексидин болып табылады. Зақымданған жерді өңдегеннен кейін таза мәрлілік таңғыш байлаған немесе дәріханадан арнаулы таңғыштарды сатып алған жөн – олар жұмсағырақ, ылғалдылық пен стерильділікті жақсы сақтайды. Солкосерил сірнесін пайдалану ұсынылады, ол жарақаттардың жазылуына септігін тигізеді, оттек өткізетін үлдір түзеді. Сондай-ақ ируксол, актовегин жақпа майларын қолдануға болады.