2-тапсырма.Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі. (СӨЖ) Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі – бұл әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің кешені және құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кепілдіктерінің жиынтығы.
Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі мынадай элементтердің жиынтығынан тұрады:
1) әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттілік;
2) мемлекеттік басқару сферасындағы құқықтар мен міндеттер;
3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік – құқықтық кепілдіктері.
Әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болуы үшін азаматтарда әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік
әрекет қабілеттілік болуы тиіс.
Әкімшілік құқық қабілеттілік – бұл адамның мемлекеттік басқару сферасындағы құқықтар мен міндеттерге ие болу
қабілеттілігі.
Әкімшілік әрекет қабілеттілік – бұл мемлекеттік басқару сферасындағы құқықтар мен міндеттерді алып жүру мүмкіндігі және осы сферада істеген әрекеттері үшін жауап бере алу қабілеттілігі. Оның мынадай түрлері болады:
- толық әрекет қабілеттілік – 18 жастан;
- жартылай шектелген – 16 жастан;
- жартылай шектеулі – 14 жастан 16 жасқа дейін;
- шектеулі – туғаннан 14 жасқа дейін (әкімшілік құқықта 6-7 жасқа дейін);
Әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттіліктің жиынтығы тұлғаның құқық субъектілігі деп аталады. Өз кезегінде ол мынадай түрлерге бөлінеді:
а) жалпы – 18 жастан;
б) арнайы – субъектінің арнайы атақтарын, жас шамасын талап ететін кейбір құқықтық қатынастар үшін қажет болады, мысалы, Мәжіліс депутаты болып сайлануы үшін – 21 жас; судья лауазымына тағайындалуы үшін – 25 жас талап етіледі.
Әкімшілік құқық субъектілік жас шамасынан басқа да факторларға байланысты болып келеді: денсаулық жағдайы, тұрғылықты жері, білімінің болуы және т.б. Осылардың кейбіреуі толық немесе жартылай шектеулі әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілікке ие болуы себептері болуы мүмкін: жан күйзелісімен ауыру, мүгедектік көлік құралдарын басқару құқығынан айырады; соттылығының болуы немесе арнайы білімінің болмауы мемлекеттік аппараттағы лауазымдарға орналасуы мүмкіндігінен айырады.
Азаматтың мемлекеттік басқару сферасындағы құқықтары мен міндеттері субъекттің әкімшілік – құқықтық мәртебесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Құқықтары мен міндеттері мынадай түрлерге бөлінеді:
а) жалпы – азаматтардың мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесіндегі құқықтық жағдайын анықтайды, мысалы, мемлекеттік басқаруға қатысу құқығы, лауазымды тұлғалардың немесе мемлекеттік органдардың заңыз іс-әрекеттеріне шағым жасау құқығы, қару-жарақ алуға құқық;ҚР Конституциясын және басқа да заңдарын сақтау міндеті, еңбек тәртібін сақтау, адал еңбек ету міндеттері;
б) арнайы – азаматтардың мемлекеттік басқарудың нақты саласындағы құқықтық жағдайын анықтайды, мысалы, жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, мәдениет саласында – мәдениет жетістіктерін пайдалану құқығы; денсаулық сақтау саласында – өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпараттар алу құқығы, санитария мен гигиена ережелерін сақтау міндеті және т.б.
Мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері - бұл құқық субъектілерінің мемлекеттік басқару сферасында әртүрлі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жағдайлар мен тәртібін анықтайтын нормалар мен оларды қорғайтын құралдардың, амал - тәсілдерінің жиынтығы.
Оның мынадай түрлері болады:
1) Экономикалық;
2) Саяси;
3) Идеологиялық;
4) Заңды;
5) Ұйымдық.
Заңды кепілдіктердің ішінде әкімшілік – құқықтық кепілдіктерін атап өтуге болады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік – құқықтық кепілдіктері- бұл құқық субъектілерінің әртүрлі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және оларды қорғайтын амал - тәсілдердің жиынтығы.
Ол азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілдігімен тығыз байланысты, өйткені олардың көпшілігі әкімшілік - құқықтық сфераны, азаматтардың мемлекеттік басқару органдарымен қатынастарын қамтиды. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- заңмен белгіленген тәртіпте жарияланбаған нормативті-құқықтық актілерді қолданбау;
- мемлекеттік органдар әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қамтитын құжаттармен, шешімдермен және өзге де материалдармен танысу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етулері тиіс;
- азаматтардың құқықтарына шек келтіретін мемлекетттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының кез келген шешімдері мен әрекеттері сотқа шағымдалуы мүмкін;
- ешкімде азаматтардың қандайда болсын құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе шектеуге құқығы жоқ;
- азаматтардың құқықтары мен бостандықтары төтенше жағдайлар кезінде заңға сәйкес уақытша шектелуі мүмкін;
- мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметкердің ҚР халықының және оның әр бір азаматының алдындағы жауапкершілігі қағидасына негізделіп тұрғызылады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктеріне ұйымдық кепілдіктер де жатады. Бұл дегеніміз функциялары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және олардың жүзеге асырылуына қолайлы жағдайлар туғызу болып табылатын мемлекеттік органдардың қызметі.
ҚР Президенті Конституцияда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып белгіленген.
ҚР Үкіметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады. Дәл осындай кілеттіктер жергілікті атқару органдарының басшысына - әкімдерге жүктелген.
Іс жүзінде кез келген мемлекеттік орган азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндетті, өйткені бұл мемлекеттің өзінің мақсат-міндетінен туындайды.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша өкілеттіліктері өзгешелінетін мемлекеттік органдар болады, солардың ішінде Ішкі Істер Органдарын атауға болады.
Сот органдары азаматтардың құқықтарының бұзылуы туралы істерді қарастырады (ҚР Конституциясының 13 бабы).
Прокуратура органдары жалпы қадағалау тәртібінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың актілеріне наразылық білдіреді және күшін жоюға тырысады. Прокуратура органдары әкімшілік ұстаудың, әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылан ықпал ету шараларының заңдылығын және қолданылуын тексереді.
Басқа да мемлекеттердегідей Қазақстанда да қазіргі уақытта азаматтардың мемлекеттік органдармен дауларын қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылайтын арнайы органдар да әрекет етеді. Ол - Адам құқығы бойынша Республикалық комиссия, оның қызметі кеңес берушілік сипатта қалыптастырылған.
Азаматтардың әкімшілік - құқықтық мәртебесінің түсінігі мен оның элементтері
ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері – бұл әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым.
Оның мынадай түрлері бар:
1) жеке тұлғалар – бұл ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар;
2) ұжымдық субъектілер – оған мыналар жатады: мемлекеттік ұйымдар (атқарушы мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік (қазыналық) ұйымдар мен мекемелер, олардың лауазымды тұлғалары) және мемлекеттік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, коммерциялық ұйымдар және олардың қызметкерлері)
Әкімшілік құқықтың субъектілерінің әкімшілік - құқықтық мәртебесі азаматтардың құқықтық мәртебесінен басталады, сондықтан да «азамат» ұғымын анықтап алуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде және заңнамада ол, біріншіден адамның қандайда болмасын мемлекетке тиістілігін білдіреді, адамның мемлекетпен тұрақты саяси –құқықтық қатынасын білдіреді; екінішіден, «азамат» деп құқықтың кейбір салаларында қандайда болсын сфераларда нақты құқықтар берілген жеке тұлға. Дәл осы мағынада ол әкімшілік құқықта да қолданылады, өйткені әкімшілік құқықта азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтары да оның субъектісі болып табылады.
Азаматтар өмір бойында барлық мемлекеттік органдармен, соның ішінде мемлекеттік басқару органдарымен соқтығысады, өйткені олар азаматтар үшін көбінде мемлекет өзі сияқты көрінеді. Мемлекеттік органдармен қарым-қатынасқа түскенде азаматтардың көптеген құқықтары жүзеге асырылады, және керісінше, олардың қызметтерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары декларация болып қалыптасуына әкеледі. Қазақстанның қазіргі уақыттағы дамуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға, құқықтық мемлекетті орнатуға, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесі алдында басымдылығын тануға ұмтылуымен сипатталады. Адамның құқықтарын қорғау үшін өмір сүретін мемлекет рөлін қайта ойластыру азаматтардың мүдделеріне қызмет ету керектігін көрсетеді, мемлекет пен азаматтың өзара қарым-қатынастарының мәнін түбірімен қайта өзгерту қажеттілігіне әкеледі. Бұл жерде әкімшілік құқықтың маңызы өте зор болмақ, өйткені әкімшілік – құқықтық нормалар ғана мемлекет пен азаматтар арасындағы қатынастарды реттейді; азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын дамытады және бақылайды; адамның құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру механизмін құрастырады, мысалы, адамның өмір сүруге құқығы сияқты табиғи құқығының өзі де кейбір жағдайларда әкімшілік – құқықтық нормалармен байланыстырылады: өмірдің басталу сәті мен аяқталу сәті Денсаулық сақтау органдарымен анықталады; білім алу сияқты конституциялық құқықты жүзеге асыру білім туралы заңнамада және басқа да нормативті – құқықтық актілерде бекітілген бірқатар әкімшілік құқық нормаларымен байланыстырылған.
Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі – бұл әкімшілік құқық нормаларымен бекітілген азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің кешені және құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кепілдіктерінің жиынтығы.
Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі мынадай элементтердің жиынтығынан тұрады:
1) әкімшілік құқық қабілеттілік пен әкімшілік әрекет қабілеттілік;
2) мемлекеттік басқару сферасындағы құқықтар мен міндеттер;
3) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының әкімшілік – құқықтық кепілдіктері.