Сөздердің байланысу формалары. Ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формаларына киысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасуды жатқызады. М.Балақаев жанасуды кабысудың бір түрі ретінде береді. Тіл ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында карау керек пе, не сөйлем ретінде карастыру керек пе деген сұрак төнірегінде айтыс-тартыс көп. Бір ғалымдар оны сөйлем аясында карастырған жөн десе, енді біреулері оны сөз тіркесі аясында карастыру керек деген тұжырымдар айтуда. Мәселен, профессор С.Исаев — “қиысу сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай сөз тіркесі жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп аныкталады.
…’ киысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы жағынан киысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байланысудан да, салаласа (бір-біріне бағынбай тең дэрежеде, бірыңғай) байланысудан да өзгеше. Сондықтан қиыса байланыскан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, байланыска түскен сыңарлары грамматикалык меншіктілік, катынастык. объектілік, мекендік, мезгілдік, себеп-мақсаттык т.б. сиякты синтаксистік қатынастарды білдірмей, сөз тіркесінің шеңберіне енбейтін субъектілік- предикаттык (бастауыштык-баяндауыштык) қатынасты білдіреді. Сөйтіп, коммуникативті кызмет аткарады”- дейді.
Біз киысуды сөйлем аясында карастыру керек деген тұжырымды қолдаймыз.Матасудың екі мүшесі де косымша аркылы жасалады. Матаса байланыскан сөз тіркесінің баска байланысу формаларынан бір ерекшелігі — мұнда сөз тіркесінің екі мүшесі бірінсіз-бірі емір сүре алмайтындыгы, екеуі де септік жалғауында тұрғандығы, аныктауышык катынаста жұмсалатындығы, екі жакты байланыста болатындығы. Екінші бір ерекшелігі — оның екі мүшесі Де жак жағынан түрленіп байланысатындығында.
Матасудан кейінгі байланыс түрі — меңгеру. Меңгеріле байланыскан сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалгаулары жалғану аркылы жасалады.
Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі — қабыса байланысқан сөз тіркесі. Оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш қосымшасыз, қатар тұру аркылы жасалады. Қабыса байланыскан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде кандай? деген сұракка жауап беріп, аныктауыштыц кызметін аткарады. Мысалы: Бұл өңір ұлы күйші — Құрманғазының сүйегі жатканымен де жүрекке өте-мөте ыстық (Р.Жүлдызбек). Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланыскан тіркес, үлы сөзі сөйлемде анықтауыш кызметін атқарып тұр.
Кейбір жағдайларда кабысуды меңгерумен, матасумен, тіпті күрделі сөзбен шатастыратын кездер де болады.