Матасумен салыстыру. Матасудың бірінші сыңарындағы ілік септігі жалғауы түсіп калып, қабыса байланыскан тіркес сияқты болып көрінеді. Мысалы: Әке ақылы, ауьіл баласы. Мұндай тіркестердің қабыса емес, матаса байланысып тұрғанын соңғы сөздегі тэуелдік жалғауынан байкауға болады, егер тәуелдік жалғауын түсіріп айтар болсақ, олардың арасындағы грамматикалық байланыс бұзылады, яғни әке бала, ауыл бала болып калады да, мағынаға нұқсан келеді. Әке баласы, ауыл баласы тэрізді тіркестердің екінші бір ерекшелігі изафеттің 2-түрі 3-түріне ұласады. Бұл аталған тіркестердің генетикалық тұрғыдан байланысы бар екендігін, әке баласы, ауыл баласы Дегендер меншіліктілік мэнді білдіру касиетінен мүлдем қол үзіп кетпегендігін көрсетеді.
Күрделі сөзбен салыстыру. Бір қарағанда, күрделі сөздің бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланысқан тәрізді болып көрінеді. Мысалы: он бес, жүз отыз, ақ қүба т.б. Күрделі сөздерде сөз тіркесіне тэн негізгі белгілер болмайтындыктан, оның бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланыспайды.
Қабысу байланысында дауыс ырғағына да көңіл бөлінеді, қабыса байланысқан сөздер бір леппен айтылады. Мысалы: Бүл оқушы, көк аспан. Ал, б-М — оқушы десек, екі сөздің арасында кідіріс бар, сондықтан олардын аРасындағы карым-қатынас сөйлем түрінде беріліп тұр.
Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі — жанасу. Тіл ғьілымында жанаса байланыскан сөз тіркестері туралы екі түрлі пікір бар. Тілшілердің бір тобы жанасуды сөз тіркесінің байланысу формасының бірі деп *еке қарастыратын болса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды қабысудың б‘Р түрі деп қана карастырады, яғни арасына сөз салуга келсе жанасу, келмесе кабысу деп карастырады. Біз де осы соңғы пікірге косыламыз. Қабысу байланысындағы сөздердің бірінші мүшесі сын есім, сан есім, сілтеу есімдіктерінен болады да, екінші мүшесі зат есімнен тұрады және арасына сөз салуға болмайды. Ал жанасу байланысындағы сөз тіркесінің бірінші сыңары көбіне үстеуден, кейде септеулік шылаулар аркылы жасалады. Мысалы: Қасақана айтты, шапшаң қимьілдады, сабақтан соң келді, үйге дейін барды т.с.с^
Сондай-ақ қабыса байланыскан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш болады. Ал жанасуда бірінші мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады, сондықтан, сырткы тұлғалары бірдей сөз тіркесін ажырату үшін кай сөз табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою аркылы қай сөйлем мүшесі екенін анықтап немесе екі мүшенің арасына, не бірінші мүшенің алдына сөз айтып көрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын тез айыруға болады.Сонымен қорыта келгенде сөз тіркесі синтаксисі бойынша мынандай тұжырым жасауға болады:
Сөз тіркесі туралы түсіпік:
-кем дегенде толык мағыналы екі сөзден тұратындығы;
-бір-бірімен салаласа байланыспай, сабақтаса, яғни, бірі екіншісіне иек арта, бағына байланысатындығы;
-олардың байланысынан басқа бір лексикалық мағына пайда болмай, грамматикалык мағына туатындығы.
Сөз тіркесі жәпе оган үқсас түлгалар:
-атаулы сөйлем сөз тіркесі бола алмайды. Сол сияқты, кез келген сөздердің тіркесі атаулы сөйлем бола алмайтындығы;
-тұракты, терминдік тіркестердің, күрделі сөздің, салаласа байланыскан тіркестердің, толык мағыналы сөздер мен көмекші сөздер тіркесінің сөз тіркесі катарына жатпайтындығы.
Сөз тіркесіп топтастыру туралы:
-басыңқы сыңардың қай сөз табынан жасалуына қарай есімді, етістікті болып бөлінетіндігі;
-есімді сөз тіркестерінің бірінші пайда болғандығы;
Сөз тіркесінің байлапысу тәсілдері:
-кейбір сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне аталып жүрген көрсеткіштердін ішінен тек септік, тэуелдік жалғаулары, септеулік шылаулар жэне орын тэртібі тәсілі мен интонация жататындыгы;
-кез келген тэсілдің сөз тіркесін тудыра бермейтіндігі (біріккен сөз, кос сөз); -жіктік жалғауы аркылы жасалған тіркестердің көбінесе сөйлем болатындығы. Сөз тіркесіпің байланысу формалары:
-сөз тіркесінің матасу, меңгеру, қабысу, жанасу байланысу формаларынын барлығы;
-киысу байланысының сөз тіркесі емес, сөйлемнің аясында каралу керектігі.
Сөз тіркесініц қүрылысы:
-сөз тіркесінін синтаксистік бірлік ретінде өзіне тэн кұрылысы болатындығы; -бір-бірімен сатылай және жарыса байланысатындығы. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалықмагыпалары:
-кем дегенде толық мағыналы екі сөздің тіркесінен жаңа бір грамматикалық магына, яғни анықтауыштык, толықтауыштық, пысыктауыштык мағына пайда болатындығы;
-ол, негізінен, бағыныңкы сыңардың қай сөз табынан жасалганына қарай ажыратылатындағы.