Гипотониялық түрі: Балалардың церебралдық салдануы бұл түрі
мишықтың зақымдалуымен шақырылған. Бұл ауру кезінде бұлшық ет
тонусының бұзылысы əр түрлі жастарда көрінеді. Баланың бұлшық
еттерін бақылауға мүмкіндік жоқ, соның себебінен дене бөліктерін
қозғалта алмайды.
Гиперкинетикалық түрі: Мидың қыртыс асты бөлімдері зақымдалудан
дамиды. Ол тұрақты емес бұлшық ет тонусымен көрінеді. Баланың
қалыпты қозғалыстары бұзылған.
Балалардағы церебералды салданудың
диагностикалық критерийлері:
•нəрестеде бірқатар рефлекстерінің кешігуі;
• психологиялық — моторлық жəне сөйлеу
дамуының кешігуі;
• гиперкинездер, бұлшықет тонусының өзгеруі
(гипо- немесе гипертония);
• когнитивтік, қимыл-əрекеттік,
ортопедтік аурулармен үйлескен
неврологиялық статустағы ауытқулар;
танымдық бұзылыстар; мишықтық синдром.
Балалар цереберальды салдануын
емдеу
Емдеу тактикасы: невролог, логопед,
физиотерапевт, ортопед, психолог,
емдік дене шынықтыру мамандар
күшінің үйлесімлігін талап етеді,
онтогенетикалық рефлекторлық жəне
аналитикалық қағидаларда
негізделген (Бобат, Войт, Кэбот,
Фелпса, К.А. Семенова жəне т.б.
əдістемелері) бұзылған функциялар
дамуына бағытталған. Емдеу ерте
мерзімдерде басталуы қажет,
комплексті жəне үздіксіз болуы қажет.
ЕДШ. 1 кезең (2-жасқа дейінгі балаларда) ЕДШ
пассивтік қозғалыстардан басталады, бұлшық еттер мен
буындардың тіндерін созу арқылы, контрактураны
жоюмен. Одан кейін белсенді қозғалыстарға көшеді.
Жаңа туған нəрестелерге гипстік шинамен немесе
ортопедиялық тутормен бекітеді. ЕДШ күніне 3 рет 10
минуттан өткізеді. Ересектеу балаларда жəй
қозғалыстардан бастайды, біртіндеп қиындатады. ЕДШ
бір жаттығуы жылы ваннада өткізіледі. Жаттығулар 30-
40 минуттан күніне 3 — 4 рет өткізіледі.
Медикаментоздық терапия.
Тыртықтық-жабысқақ процессті азайту
үшін, интеллектті көтеру үшін —
ЦЕРЕБРОЛИЗИН, ГАММАЛОН.
Нерв жəне бұлшық ет тіндерінде
дистрофиялық процесстерді азайту
үшін В тобының витаминдері, витамин
Е, глютамин қышқылы қолданылады.
Бұлшық ет тонусын төмендету үшін
кураретəрізді препараттар
қолданылады: МЕЛЛИКТОН,
МИДОКАЛЬМ, МЕФЕДОЛ,
ДИПЛАЦИН.
Гиперкинездерде— МЕТАМИЗИЛ,
РИДИНОЛ, ЦИКЛОДОЛ.
Достарыңызбен бөлісу: |