қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтаңбасын, ән ұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы."
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Биылғы жыл біздің халқымыз, еліміз үшін ерекше, қастерлі жыл. Күллі қазақ жұрты үшін тарих шежіресіне алтын әріптермен енген ұлт мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Тәуелсіздік ата –бабамыздың сан ғасырлар бойы арманы болатын.
Бүгінде көк байрағы желбіреген, ырыс – құты, бақ – берекесі шалқыған қазақ елі әлемдегі алпауыт мемлекеттермен терезесі тең, салиқалы да салмақты ой айтар дәрежеге жетті.