қ дыбысынан басталады және солай жазылады, өйткені шылаудың алдындағы сөздер (айтып, Жақып, тек) п, к деген қатаң дыбыстарға аяқталып тұр. Ал мына сөйлемдерде шылау ғана түрінде айтылады (және жазылады): жалғыз ғана тілегім бар; жаңа ғана келдім; ол радиодан ғана сөйледі. Бұларда шылаулардың алдындағы сөздерне дауысты дыбысқа (жаңа), не ұяң, сонор дыбыстарға (жалғыз, радиодан) аяқталып тұр.
Осы сияқты мен, бен, пен (домбыра мен қобыз, қобыз бен домбыра, дауыс пен үн), да/де, та/те (барса да, барып та келді), дағы, тағы (барса дағы, айтып тағы үлгерді), ғой, қой (айттың ғой, хат қой менің күткенім), құрлы, ғұрлы (жат құрлы, бала ғұрлы) деген шылаулар да өздерінің алдындағы сөздің соңғы дыбысына қарай бірде ұяң, бірде қатаң дыбыстармен айтыла береді (және солай жазылады). Сондықтан бала құрлы ақылың жоқ, айтарың осы қана ма, келіп де үлгердің бе деген сияқты етіп айтуға, дыбыстауға болмайды. (Бала ғұрлы, келіп те деп айтылуы керек).