Жоғарыда металл өткізгішттердің ішкі энергиясын электр энергиясына қалай айналдыруға болатынымен таныстық. Енді әр түрлі металл өткізгішттерді түйістіру арқылы сырттан берілген электр энергиясын керісінше олардың ішкі энергиясына айналдыру жолын қарастырайық.
Екі металл өткізгішті өзара түйістіріп, оларды 1.17суретте көрсетілгендегідей ток көзіне қосатын болсақ, онда ондай тізбектің бір жағының түйіспесі қызады да, ал келесі жағының температурасы төмендейді. Сөйтіп, металл өткізгіштердің өзара түйіскен тізбегін ток көзіне қосатын болсақ, онда электр энергиясы өткізгішттердің ішкі энергиясына айналды. Бұл құбылысты Пельтье құбылысы дейді.
Пельтье құбылысының физикалық мәнін түсіндіру жолын қарастырайық. А және В түйіспелерде потенциалар айырмасы пайда болуына байланысты осы түйіспелерде кернеулігі электр өрісі пайда болады. Тізбектегі токтың бағытына сәйкес В түйіспедегі электрондар ондағы өріс бағытына қарама-қарсы, ал А түйіспедегі электрондар ондағы өріспен бағыттас қозғалады. Демек, В түйіспедегі электрондардың қозғалысы үдейді де олардың кинетикалық энергиялары артады. Олар металдың кристалл торының иондармен соқтығысқан кезде энергияларын береді, сол себепті түйіспенің температурасы өсіп қызады. Ал А түйіспедегі электрондардың қозғалысы тежеледі, сол себепті, кинетикалық энергиялары кеміген электрондар металдың кристалл торының иондарымен соқтығысқан кезде олардан энергия алады. Осылайша ішкі энергиясы кеміген түйіспенің температурасы төмендеп суыйды. Ал, егер сыртқы э.қ.к нің бағытын өзгертсек, онда керісінше, А түйіспе қызады да В түйіспе суыйды.
1 1
ТА ТВ А В
2 2
1.17сурет
Екі металл өткізгіштің түйіспелері арқылы ток жүретін болса, онда осы түйіспелерде жылу бөлінеді, не жұтылады:
, (1.17)
мүндағы Пельтье коэффициенті.
Пельтье құбылысын микротоңазытқыштар жасау үшін қоладанады.
Томсон Зеебек және Пельтье құбылыстарын термодинамика тұрғысынан талдау барысында, егер температура градиенті біртекті өткізгіштің бойымен ток өтетін болса, онда оның бойынан шамасы (1.18)
жылу не бөлінеді, не жұтылады деп тұжырымдаған. Бұл құбылыстыТомсон құбылысы дейді. Мұндағы Томсон коэффициенті.