Тақырыбы: Когнитивтік тұлға теориясы: Дж. А. Келлидің тұлғалық конструкт теориясы
Орындаған:Буранова А.Е
Тексерген: Рамазанова Д.Ж
Дж.Келли - тұлға дамуының қайнар көздері туралы. Келлидің пікірінше тұлғаның дамуына қоршаған орта мен әлеуметтік орта ықпал етеді. Тұлғаның когнитивті теориясы интеллектуалды процестердің адамның мінез-құлқына тигізетін әсерін баса көрсетеді. Бұл теорияда әрбір адам заттардың табиғаты туралы болжамдарды тексеруші және болашақта болатын жағдайлар туралы болжамдар (прогноз) жасайтын ғылыммен (теңестіріледі) салыстырылады. Қандай жағдайға болмасын бірнеше рет интерпретация- жасауға жол ашық. Бұл бағыттағы басты ұғым “конструкт” (ағылшынша ,construct-құрастыру, құру) боп табылады. Бұл ұғым өз құрамына барлық белгілі таным процестерін қосып алады (қабылдау, ес, ойлау және сөйлеу). Осы конструкттердің арқасында адам дүниені танып қана қоймай, тұлға аралық қатынастарды да орнатады. Осы қатынастар негізінде жатқан конструкттар – жеке конструкттар деп аталады. (Франселла Ф., Баннистер Д., 1987). Конструкт – бұл өзіміз бен басқа адамдарды қабылдаудың ерекше жіктеуші қалыбы.Келли жеке конструктардың басты қызмет ету механизмдерін ашып суреттеді,сонымен қоса негіз болатын жорамал мен 11 себеп-салдарын құрастырды. Жорамал бойынша жеке процестер адамға болғалы тұрған жағдайды болжау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін психологиялық тұрғыда өзектелінген. Қалған себеп-салдарлар осы негізгі жорамалды айқындайды.Келлидің көзқарасы бойынша, әр адам болжам құрып оны тексереді бір сөзбен айтқанда сәйкес келетін конструктарды қолдана отырып (классификаторларды), адамның спортқа жақын әлде алыс, әнші ме немесе әншілік қабілеті жоқ па, интеллегентті немесе интелегентті емес т.б. деген сияқты мәселені шешеді. Әр конструкттың “дихотомиясы” (2 өріс) болады: “спорттық- спорттық емес”, “әнші- әншілік қабілеті жоқ” т.б. Адам дихотомиялық конструкттың жағдайды жақсылап суреттейтін, жақсы болжағыш құндылығына ие өрісін ырықты түрде таңдайды. Бір конструкттар шағын оқиға мен жағдайларды суреттеуге, ал енді бір конструкттар кең көлемді жағдайларды суреттеуге жарайды. Мәселен, “ақылды-ақымақ” конструкты ауа-райын болжауға келмейді, ал “жақсы-жаман” конструкты өмірдің барлық жағдайын суреттеуге сәйкес келеді.
Адамдар бір-бірінен конструкттардың санына байланысты емес сонымен қатар, олардың орналасуына қарай да ажыратылады. Санада тез өзектелінетін конструкттар – суперординантты, ал кешірек, жай өзектелінетіні-субординантты деп аталады. Мәселен, бір адамды кездестіріп қалғанда, оны алдымен ол “ақылды немесе ақымақтау ма” деп, содан кейін ғана оны “қайырымды ма әлде зұлым ба” деген тұрғыда бағалайтын болсаңыз, онда сіздің “ақылды-ақымақ” конструктыңыз суперординантты да, “қайырымды-зұлым” конструктыңыз – субординантты боп табылады.Адамдарда ұқсас конструкттар, достық, махаббат, жалпы айтқанда қалыпты өзара байланыс болады. Шынында да, біреуінде “адамгершілікті-адамгершіліксіз” конструкты бар, келесісінде бұл жоқ екі адамның бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болатын ситуациясын көз алдына елестету қиындық тудырады.
Конструктты жүйе статикалық құрылу боп табылмайды, ол тәжірибе әсерінен үнемі өзгерту үстінде болады, яғни жеке тұлға бүкіл өмір бойында қалыптасып дамып отырады. Жеке тұрғыда көбіне “саналы” басымдық көрсетеді. Санасыздық адам қабылдаған оқиғаларды интерпретациялау барысында сирек қолданылатын оқшау (субординатты) конструкттарға жатады.
Келлидің пікірінше жеке тұлғаның ырық (ерік) бостандығы шектеулі. Өмір жолында адамда құрылған конструктты жүйеде белгілі бір шектеулер болады. Алайда ол адамның барлық өмірі толығымен төменделеді деп есептеген жоқ. Қандай ситуацияда болмасын адам альтернативті (балама) болжамдар құрастыра алуға қабілетті боп келеді. Сыртқы әлем- қайырымды да зұлым да емес, ол біз оны өз басымызжа қалай құрастырамыз, сондай болып келеді. Когнитивистердің пікірінше, адамның тағдыры (оның) өз қолында. Адамның ішкі әлемі субъективті және когнитивистердің көзқарасы бойынша өздік тудырған нәтижесі боп табылады. Әр адам сыртқы шынайылықты өзінің ішкі әлемі арқылы қабылдайды және интерпретациялайды.